Баяндама томас Хельм Баяндама Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы



Pdf көрінісі
бет4/48
Дата07.02.2022
өлшемі14,74 Mb.
#97667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
KAZ Fin

ЕЛДЕГІ ДІНИ ҚАУЫМДАСТЫҚ
Бүгінгі Қазақстанда бірнеше діндер бейбіт, қатар өмір сүріп келеді. Пайызға 
шаққанда, көпшілігі мұсылмандар – 63%, халықтың 33%-ы – православ-
тар, 2%-ы – католиктер және 1%-ы – протестанттар. Бұл деректер тіркеуден 
өткен діни бірлестіктер 
15
туралы мемлекеттік мәлімет болып табылады.
Ислам діні кеңінен таралған дін болып есептелсе де, Қазақстан Солтүстік 
Африка және Таяу Шығыстағы мемлекеттер сияқты мұсылман елі болып 
саналмайды. Классикалық ғылыми тұжырымға (доктрина) ішінара қайшы 
келетін әдет-жоралғылардың діни рәсімдермен қатар жүруі тек Қазақстанда 
емес, бүкіл Орталық Азияда кездесетін үрдіс.
16
Оның себебін тарихтан таба-
мыз. Ислам дінін қабылдаудың шешуші кезеңі XV және XVI ғасырларға келеді. 
Нақшбандийа тариқаты мен Ясауи тариқаты өздерінің миссионерлік қызметтері 
арқылы халықтың көпшілігін ислам дініне енгізді. Дәл II Екатерина тұсында 
ислам айтарлықтай тарала бастады, кейіннен, әуелі Ресей, сонан соң Кеңес 
империясының кезең- кезеңмен қайталанып отыратын қуғынына ұшырады. 
Алайда, осы уақыт ішінде мұсылмандық таным, білім жүйелері әртүрлі басқа 
да мәдени құндылықтармен кездесіп, араласып кетті. Бұларға түрік- монғол 
идеологиясы, шыңғыс тұқымының қасиетті құқықтары, шаманизм және 
монғол билеушілерінің 
17
көк тәңірден жаратылғанына сену жатады. Осы 
жағдайлар Орталық Азиядағы дінге ұзақ уақыттар бойы әсер етті, соның 
нәтижесінде Таяу және Орта Шығыс елдерімен салыстырғанда діни әдет-
тер мен жоралғыларда айырмашылықтар орын алды. Мысалы, Қазақстанда 
зайырлы заңдардан шариғатты жоғары қойып, соған жүгінетін мұсылман-
дардың саны аз. Жалпы алғанда, Қазақстандағы ислам Таяу Шығыстың басқа 
елдеріне қарағанда саясатқа араласпайды десе де болады.
15
URL: https://tengrinews.kz/sng/kazahstan-v-sng-zanimaet-4-e-mesto-po-chislu- 
musulman-209037/; http://www.religions- congress.org/content/view/125/35/lang, орысша/; 
http://www.stoletie.ru/geopolitika/skolko_pravoslavnyh_v_kazahstane_2010–12–02.htm 
(қараған күні: 31.10.2019). Автордың ескертуі: Бір-бірінен айырмашылығы шамалы бірсы-
пыра статистика бар. Олардың айырмашылығы мынада: Біреулері діни қауымдарда 
тіркелген дінге сенушілерді есепке алады, ал басқасы жеке адамның өзін конфессияның 
қандай да бір түріне жатқызатынына негізделген мәліметтерге сүйенеді.
16
Сидиков Баходир. Сол қолда арақ, оң қолда Құран. Посткеңестік Орталық Азиядағы 
халықтық исламның феномені: Орталық Азияны талдау: Ислам. Қаржылық дағдарыс, 
№ 10 (2008). – Б. 2. URL: http:/www.laender- analysen.de/zentralasien/archiv.php (қараған күні: 
11.06.2019).
17
Хальбах, 24-бет (4-сілтеме).


13
Елдегі діни қауымдастық
Бүгінгі күні Қазақстанда исламның ханафиттік ымырашыл мектебі 
жұмыс істейді. Ол өзінің ізбасарларының арасында ұлы имам атағына 
ие, Әбу́ Хани́фа ан- Нума́н ибн Сәбит әл- Ку́фи есімді белгілі ғалымның 
ізденістерінен бастау алады. Кеңес заманында жалпы барлық дінмен 
күрес жүргізілгенін еске алсақ, онда елдегі исламға жаппай бой ұруы 
таңданарлық іс болып көрінуі мүмкін, өйткені Қазақстанның тәуелсіздік 
алғанына әлі 30 жыл да толған жоқ. Алайда, кеңестік кезеңде ислам діни 
және ізгілік принциптерін атқару жүйесі ретінде және күнделікті өмірдің 
діни рәсімдерді 
18
орындайтын бір бөлігі ретінде өмір сүруін жалғастыра 
берді. Сонымен, бір жағынан осы қалыптасқан діни ахуалға тәуелсіздік 
алғаннан соң қол жеткізу мүмкін болса, екінші жағынан, осы мұсылман 
қағидаларының басқа да діни құндылықтармен және Кеңес Одағының 
жаттанды тәрбиелік ұстанымдарымен жаңаша араласуына әкеліп соқты. 
Мысал ретінде шошқа етін жеуді немесе арақ-шарап ішуді алуға болады, 
ал ислам дінінде бұларға қатаң тыйым салынғаны белгілі.
19
Қазақстан христиандарының көпшілігі орыс православтық сенімді ұста-
нады. Мұны тарихи тұрғыдан, әсіресе Ресей экспансиясымен түсіндіруге 
болады. Әрине, 1990 жылдан кейін шіркеулер мен ғибадатханаларды 
қалпына келтіру үшін жүргізілген кең ауқымды жұмыстар басты рөлді 
атқарды. Бүкіл ел бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді: Алматы 
қаласында Әулие Вознесенск кафедралдық соборы, Павлодар қаласын-
дағы Благовещенск соборы, Сәтбаев қаласындағы Әулие Никольский 
ғибадатханасы, Екібастұз қаласындағы Серафим- Иверск ғибадатхана-
сы.
20
Барлығы ел аумағында 295 шіркеу болса, оның көпшілігі Алматы, 
Ақмола, Қостанай облыстарында және елдің солтүстігі мен шығысында 
орналасқан.
21
Бұл шіркеудің барлығына жуығында өздерімен біріккен 
мектептері бар, олар оқушыларына православ дінінің ілімі туралы түбе-
гейлі білім береді.
18
Зейферт, Арне С., Орталық Азиядағы саяси ислам демократияның қарсыласы немесе 
әріптесі: Орталық Азияға талдау. Орталық Азиядағы Ислам, № 54 (2012). – Б. 3. URL: http://
www.laender- analysen.de/zentralasien/archiv.php (қараған күні: 11.06.2019).
19
Сидиков, 2-бет (16-сілтеме).
20
Балпанов Нұрлан, Исмағамбетова Зухра Н., Қарабаева Әлия Г., Мирзабекова Алма Ш., 
Рысбекова Шәмшия С. Қазақстандағы діни төзімділіктің мәселесі: Бұрынғы және қазіргі: 
Кеңдік пен мәдениет, Индия. 2018. Б. 26. URL: http://www.spaceandculture.in/index.php/
spaceandculture/article/view/318/216 (қараған күні: 14.05.2019).
21
Сонда, 25-бет.


14
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
Діни оқу мен қоғаммен байланыстарды үйлестіруді жақсарту мақса-
тында 2003 жылдың мамыр айында орыс православ шіркеуінің Синоды 
Қазақстанда Митрополиттік өкілдік құру туралы шешім қабылдады, 
оның құрамына астаналық, оралдық және шымкенттік епархиялар кіреді. 
Бұл Қазақстандағы православ шіркеуіне құрылымдық реформа жасау 
жөніндегі жоспардың бір бөлігі еді. Ресеймен тығыз байланыстың айғағы 
тек осы емес. 2010 жылдың қаңтар айында Мәскеу және бүкіл Ресей Патри-
архы I Кирилл Қазақстанға келді. Астана мен Алматыдағы кездесулер-
ден бөлек Патриарх Астанадағы Успен кафедралдық ғибадатханасына 
ұлы қасиетті шарапат жасау шенін өткізді. Қазақстанда христиандықты 
білдіретін сипат ең бірінші Орыс православ шіркеуі арқылы құралады, 
сонымен қатар мұнда бірнеше католиктер қоғамы бар.
Қазіргі уақытта елде католик шіркеуінің 
22
182 600 мүшесі тұрып жатыр. 
Кеңес Одағында католик шіркеулеріне қатты қысым көрсетілгендіктен, 
олар бертінде іс жүзінде толық қайта жасақталды. Алайда, тиісті дайын-
дықтары бар дін қайраткерлері мен дін қызметшілері қатты қажет бол-
ды.
23
Мұның орны бір жағынан Қазақстанға Германиядан, Польшадан, 
Словакиядан, Италиядан, Франциядан 
24
келген діни қызметкерлермен 
толықты. Екінші жағынан, көптеген этникалық немістер 1990 жылдары 
өз тарихи отанына қайта оралды, көп ұзамай олардан соң поляктар мен 
беларустар кетті.
Бұл діншілдерден айырылу католик шіркеуіне әжептәуір соққы болды. 
Сондықтан да Папа Иоанн II Павелдің 2001 жылдың 22 мен 25 қыркүйек 
аралығында Қазақстанға келуі католик шіркеуінің өмірінде аса маңызды 
оқиға болды. Әлемде құрметке ерекше ие Патриархтың елімізге сапары осы 
дінге сенушілердің үлкен жиынына ұласты, ол жиынға тек қана Қазақстан-
нан емес, басқа да көршілес аймақтардан адамдар көп жиналды. Бұған 
дейін президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылы Рим қала-
сына баруына байланысты Қазақстан мен Ватиканның қарым- қатынасы 
22
Панто, Дмитрий. Қазақстандағы католик шіркеуінің жандануы. Тарих, мемлекет-
пен қарым- қатынас, қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің коллоквиумі: 
Colloquium wydzialu nauk humanistycznych i spolecznych, 4 (2015), 173–188 бет, осында: 186 
бет, URL: http://bazhum.muzhp.pl/media//files/Colloquium/Colloquium-r2015-t-n4/Colloquium-
r2015-t-n4-s173–188/ Colloquium-r2015-t-n4-s173–188.pdf (қараған күні: 11.06.2019).
23
Сонда, 176-бет.
24
Сонда, 175-бет.


15
Елдегі діни қауымдастық
жаңа жолға қойылып, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған 
еді. Нұрсұлтан Назарбаев осындай қадамға барған бұрынғы Кеңес Рес-
публикаларынан бірінші басшы еді. Осының нәтижесінде Рим Папасы 
Нұрсұлтан Әбішұлын Пия орденімен марапаттады, бүкіл әлемде бұл 
марапатты тек қана 15 саясаткер алған болатын.
25
Қазақстанда дінге сенушілердің көпшілігі өзін мұсылман немесе хри-
стиан деп таныстырады.
26
Бірақ адамдардың саны аз ұжымдар да бар.
Қазақстанда 45 000 нан 50 000-ға дейін еврейлер тұрады, олар негізінен 
Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалаларда, сондай-ақ ауыл-
дық жерлерде орналасқан. 1991 жылдан бастап Қазақстаннан дінге сенуші 
75 000 еврей көшіп кетті, көпшілігі Израильға, Германияға, АҚШ және 
Ресейге көшіп барды.
27
Қыс мезгілінде ауылдық жерлердегі еврей ұйым-
дарына жету өте қиын болғандықтан 13 Хэсэд офистері жұмыс істейді 
(ивриттен – мейірімділік, қамқорлық). Олар Америка еврейлерінің біріккен 
орналастырушы комитетінің қарамағында тұрады, отбасыларын керекті 
азық түлікпен, тұрмыс заттарымен қамтамасыз етеді.
28
Иудаизм сияқты буддизмнің де жақтаушылары өте аз. Алғашқы байланыс 
І ғасырда өтіп, XVI–XVIІ ғасырлар арасында елдің шығыс пен оңтүстігінде 
монастырьлер белсенді жұмыс жүргізді десекте, дін қоғамда тұрақтана 
алмады.
29
Бүгінгі күні буддизмді қолданатын азаматтардың саны аз, 
негізінен олар Корея мен Тибеттің өкілдері.
Қазақстандағы діндерді қарастыру үшін Кеңес Одағы мұрасының да 
үлкен маңызы бар. Посткеңестік кезең жаңа еркіндіктер берді, олардың 
әсер етуі әртүрлі. Бір жағынан көптеген діни қауымның жамағаты азайды, 
өйткені олар өздерінің тарихи отандарына қайта оралған еді. Екінші 
жағынан, өзінің діни мұрасына оралуға мүмкіндік туды, сол себепті дінге 
сенушілердің саны өсті. Ашық түрде діни дәстүрлерді орындауға және 
25
Балпанов, 33-бет (20-сілтеме).
26
Балпанов, 23-бет.
27
Йордан Михаэль Й. Қазақстанда қашықтықтағы карым- қатынастар: Үлкен 
қашықтықтар елде қауымдар құруға кедергі келтіреді: Жалпы еврейлік (12.02.2009), URL: 
https://www.juedische- allgemeine.de/allgemein/fernbeziehung/(қараған күні: 14.04.2019).
28
Сонда.
29
Берзин, Александр. Батыс Түркістандағы буддизмнің тарихы. URL: https://
studybuddhism.com/de/fortgeschrittene- studien/geschichte-und-kultur/buddhismus-in-
zentralasien/geschichte-des-buddhismus-in-westturkestan (қараған күні: 14.04.2019).


16
Қазақстандағы діни сенім бостандығы туралы
құлшылық жасайтын үйлердің, ғибадатханалар мен шіркеулердің құры-
лысына дінді бақылап және шектеп отыратын мемлекеттік ұстанымдар 
кедергі келтірді. 2011 жылдың 13 қазанында дін қызметі жөнінде қабыл-
данған заң ең алдымен ислам экстремизміне байланысты жағдайды 
бақылап отыруды көздесе де, іс жүзінде мойындалған, тіркеуі бар діни 
қауымдардың саны 46-дан 17-ге дейін қысқарды.
30
30
Бертельсманның қоры, BTI, 2016. – Қазақстан жөнінде баяндама. URL: https://www.
bti-project.org/de/berichte/laenderberichte/detail/itc/kaz/ity/2016/itr/pse/ (қараған күні: 
17.05.2019).


17
Халықаралық құқықтық шектеулер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет