1 «ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ (ҚАЗАҚТАРДЫҢ) ЖЕР ПАЙДАЛАНУ
МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ...» ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ РУЛЫҚ -
ТАЙПАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕК КӨЗІ РЕТІНДЕ
ПАЙДА БОЛУЫН СЫНАУ
1.1
«Қырғыздардың
(қазақтардың)
жер
пайдалану
материалдарының...» ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы қазақ ру-тайпалары
тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері.
Тарихи деректанудың өзекті мәселесі – деректегі барлық сақталынған
ақпарларды ала білу жолдарын іздестіру және сол ақпарларды тарихи
зерттеулерде ғылыми пайдалана білу тәсілдерін жасау. Демек, деректанудың
маңызды міндеттерінің бірі – тарихи деректерді талдау методикасын жасау және
оны тарихи зерттеулерде қолдана білу.
Кез келген ұлттың тарихы тарихи жазба деректердегі фактілердің негізінде
зерттелінеді. Сондықтан да толыққанды тарихи зерттеулерді жүргізу үшін,
тарихи процестердің дамуын жан-жақты білу үшін деректерді терең меңгеру
қажет. Тарихи зерттеулердің негізгі обьектісі бұрын өтіп кеткен қоғамдық
процестер болғандықтан, ол процестерді біз сол өтіп кеткен қоғам жасаған
деректің негізінде ғана қалпына келтіре аламыз.
Деректану ғылымы бағытындағы жұмыстар шынайы теориялық және
әдістемелік дайындықты қажет ететін тарих ғылымының маңызды бір саласы.
Бүгінгі таңда ұлттық тарихымызды тың, дәйекті ақпараттармен байытатын,
көптеген деректер ғылыми айналымға қосылып, тарихымызды жаңа мазмұнмен
толықтыру үстінде. Осындай бай әрі құнды деректердің бірі - ХІХ ғ. соңы - ХХ
ғасырдың басындағы қазақ тарихының сан қырынан шынайы мәліметтер
беретін – «Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...»
(«Материалы по киргизскому землепользованию...» Бұдан әрі «ҚЖПМ» - Т.Н.)
әлі күнге дейін ұлттық деректанулық тұрғыдан зерттелінбей, шынайы бағасын
алалмай келеді.
«ҚЖПМ» ең алдымен екі ғасырдың тоғысындағы бүкіл қазақ қоғамының
шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық жағдайынан, географиялық орналасуы
мен рулық-тайпалық құрылымынан құнды-құнды мәліметтер беретін жазба
деректің түрі. Бұл дерек көзі табиғатынан ерекше, уникальді. Сондықтан да
«ҚЖПМ» мәліметтерін деректанулық сыннан өткізудің бүгінгі таңда маңызы
аса зор екендігін атап өтуіміз қажет.
Деректанудың негізгі талаптарына сай тарихи деректердің маңыздылығын
анықтау, зерттеушіге тарихи дерек көздерімен жұмыс істеп, олардан ғылыми-
құндылығы жоғары мәліметтер алуға мүмкіндіктер береді. Ал деректердің
ерекшелігін анықтау зерттеушіге, сол дерек көзінің ерекшелігінен шыға отырып,
соған сай келетін тәсілдер қолдану арқылы талдау жүргізуге көмектеседі.
Бұл статистикалық партиялар мен зерттеу экспедицияларына дейін
Қазақстан территориясында мұндай үлкен масштабтағы жан-жақты қамтылған
зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ еді. «ҚЖПМ» дерек көзі 1898-1915 жж.
қамтитын 27 томнан тұрады. Олар Ф.А. Щербина экспедициясының жинақтаған
13 томы, П. Скрыплев партиясының жинақтаған 7 томы және П. Хворостанский
7
партиясының жинаған 7 томнан тұратын Қазақстан территориясының Ақмола,
Семей, Орал, Торғай, Сыр-Дария мен қазіргі ¤збекстан Республикасына
қарайтын Ферғана облыстарын қамтыған үлкен масштабтағы зерттеудің
нәтижесінде пайда болған дерек. Ол томдар бір-бірінен хронологиялық
жағынан, территориялық жағынан ерекшеленеді. Мәселен, Ф. Щербина
экспедициясы 1896-1903 жж. Ақмола, Семей, Торғай облыстарын қамтыса,
П. Скрыплев статистикалық партиясы 1906-1913 жж. Сыр-Дария облысын, ал
П. Хворостанский 1904-1912 жж. Торғай-Орал облыстарын қамтиды. Ал
олардың жинақтаған бай материалдарының өзі зерттеуден кейін әр жылдарда
1898-1915 жж. басылып шығуымен де ерекшеленеді.
«ҚЖПМ» ерекшелігінің бірі – материалдардың арнайы экспедициялық
әдіспен жинақталуында. Бүгінгі таңда мұндай дерек көздерін талдаудың өзіне
ғана тән әдіс-тәсілдері толыққанды жасалынған да жоқ.
XIX ғ. соңы-XX ғасырдың басы қазақ халқының тарихындағы аса күрделі
және өзіндік ерекшеліктерге толы кезеңдердің бірі болды. Бұл екі ғасыр
тоғысында Ресей империясы қазақ жерін пәрменді түрде отарлап, орыстандыру
саясатын тереңдете түсті, сөйтіп қазақ елінің болашағына үлкен қауіп-қатер
төндірді. Міне, осы қиын кезеңде қазақ халқының тарихынан, әлеуметтік-
экономикалық ахуалынан, географиясы мен табиғатынан, рулық-тайпалық
құрылымы мен шаруашылығынан құнды-құнды мәліметтер беретін дерек
көзінің үлкен бір кешені – «ҚЖПМ» пайда болды.
«ҚЖПМ» пайда болу жағынан ерекше жазба деректің бір түрі болып
табылады. ¤йткені, ол деректі жасаушы субьект - зерттеушілер ұжымы. Деректі
бір ғана адам емес, бір топ жоғары білімді мамандар жинаған. «ҚЖПМ» дерек
көзін статистикалық партиялар мен зерттеу экспедициялардың құрамында
болған арнайы мамандығы бар статистер, агрономдар, регистраторлар арнайы
әдіс-тәсілдермен жинақтап қана қоймай, оны талдап, жүйелеп баспадан кітап
етіп шығарған. Олар ортақ мақсат пен міндетті көздей отырып, бірігіп жан-
жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Єрине, бұл зерттеулердің көшбасында
Патшалы Ресей империясы болды.
Бұл материалдардың маңыздылығын экспедиция жетекшісі Ф. Щербина:
«Наиболее важные результаты, полученные экспедицией, выразились прежде
всего в том, что экспедицией прочно установлены формы киргизского
землепользования. До работ экспедиции ни в Степном Положении, ни в
практике местных учреждений не было указаний на существование у киргиз
земельной общины, с соответственными ей площадями фактического
землепользования по живым пограничным урочищам. До работ экспедиции
также не существовало никаких материалов по этому предмету», - деген
болатын.
Алғашқы Көкшетау уезіне арналған деректе «Жиналған материалдардың
ерекшеліктері» деп аталатын 3-тарау бар. Онда Ф. Щербина: «Количество
киргизских хозяйств, состав населения по полам, даже по возрастные признаки
не возбуждали никаких сомнений в правильности и точности этих материалов
ни при собирании, ни при разработке их. Сравнение данных экспедиции о
населении с данными по другим источникам указывает на преимущества первых
8
перед вторыми», - деп, бір ғана халықтың саны бойынша деректегі
ақпараттардың басқа дерекпен салыстыру арқылы деректанудың қағидасы
бойынша деректі жасаушы субьектінің обьективті өлшемдерге негізделген
қорытындыларға келгендігін дәлелдейді. Ол 1906 ж. императорға дайындалған
есеп бойынша халық саны 64589 деп берілгенін. Ал экспедицияның 1906 ж.
санағы бойынша 72398 яғни, 12,1% көп болған атап өтеді. Яғни, маман зерттеу
мәліметтерінің шынайылығы жағынан жоғары болып шыққандығын
салыстырмалы талдау арқылы анықтайды. Бұл экспедиция материалдарының
жоғары сапасы мен нақтылығын айқын көрсетеді.
«ҚЖПМ» ерекшелігі жинақталған мәліметтер басқа да ресми деректермен
салыстырыла талданған. Мәселен, Щербина экспедициясынан кейін зерттелген
уездерге арналған материалдар осы Щербина құрастырған деректің
мәліметтерімен салыстырылып отырған. Статист П. Скрыплев Сырдария
облысын
зерттеуде
үнемі
Щербина
экспедициясының
мәліметтерін
салыстырмалы талдау жасап отырған. Бұл деректің Қазақстанның кең-байтақ
территориясының табиғи ерекшеліктері мен шаруашылық типтегі өзгешіліктер
мен сабақтастықты айқын көрсетуімен де құндылығын арттырды. Сонымен
қатар карточкалар мен анкеталардағы сауалнамалар қазақтардан бір-бірлеп
сұрау арқылы алынады да, кейіннен жиналған деректер білетін ауыл
ақсақалдарынан, болыстардан қайта сұрау арқылы нақтыланады. Яғни, мал
саны мен жер көлемі арнайы қайта сауалнама жүргізу арқылы нақтыланып
отырған. Бұл деректің ерекшелігі мен мәліметтердің құндылығын дәлелдейтін
факторлардың бірі болып есептелінеді.
Дегенмен, тарихи деректердің маңызы мен ерекшелігі ең алдымен сол
деректерді жасаушы субьектілермен тығыз байланысты.
¤тіп кеткен обьективті тарихи құбылыстардың деректерде қай дәрежеде
бейнеленуі, яғни обьективті құбылыстар туралы субьективті мәліметтердің қай
дәрежеде деректерге енуі, сол деректі жасаушы субьектінің қоғамдық
позициясына, білім деңгейі мен ой-өрісіне, өмірлік ұстанымына тікелей
байланысты. Бұл туралы С. Салқынов елбасы Н.Є. Назарбаевқа арнаған
«Тұңғыш президент және Қазақстан Республикасының тарихы» атты ғылыми
монографиясында: «Єрине, тарихи деректің пайда болуының басты обьективті
алғышарты белгілі бір оқиғаның немесе қоғамдық құбылыстың болуы екендігі
белгілі. Бірақ оның әр түрлі дерек көздерінде қалайша бейнеленуі деректі
жасаушы жеке субьектінің қолында екендігі де анық» - деп өз ойын білдірген.
Деректанушы А.С. Лаппо-Данилевский: «Тарихи дерек дегеніміз – адам
психикасының іске асқан жемісі» деген болатын, демек, «ҚЖПМ» жасаушы
зерттеушілердің қоғамдағы орны мен өзіндік адами және тұлғалық қасиеттері,
ұстанымдары мен атқарған қызметтері дерек мәліметтеріне әсер ететін фактор
ретінде талдауды қажет етеді. Ендігі жерде біз ең алғашқы Далалы облыстарды
зерттеген Ф.А. Щербина басқарған экспедицияның материалдарын жинаған
ұжымға тоқталып өтуді жөн көрдік.
Щербина экспедициясына қатысқан зерттеушілердің құрамы ме олардың
алған қызметақылары, жұмыс істеу мерзімі туралы көптеген мәліметтерді
мұрағат қорларынан кездестіруге болады.
|