Хабаршы. Психология және социология сериясы. №3 (66). 2018
34
Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұн
қабілеттілікті зерттеудің, оның психологиялық
мазмұнын ашып, сипаттаудың және осы орайда
мақсат-бағдарлы дамытудың ғылыми-теориялық
негіздерін жүйелеу мен психологиялық тәжіри-
бесін қордаландыру қажет. Ал, бәсекеге қабілет-
тіліктің психологиялық мазмұнын анықтап,
зерттеуге әдіснамалық
бағдар болатын әлемдік
ғылымда теориялар, эмпирикалық зерттеулерден
алынған мәліметтер мен бірқатар тәжірибелік
жұмыстар бар. Оған қоса, бүгінгі таңда біздің
қазақстандық қоғамда кез келген тұлғаның,
мысалы, кәсіби білім беру жүйесінде
болашақ
мамандардың бәсекеге қабілеттігін дамытудың
психологиялық-педагогикалық алғышарттары
да жеткілікті.
Шын мәнінде, кімнің «бірінші», «тұңғыш»
болғысы келмейді? Себебі, басқалардан озық
шығу ортада құрметке кенеліп,
мақтаныш
сезімімен, материалдық пайдамен бақытты өмір
сүрудің кепілі сияқты. Ал, мұның басқа жағы да
бар. Әлбетте, бәсекеге қабілетті тұлға ортаның
өзіне, ісіне, тұрмыс-жағдайына деген қызғаныш,
жеккөру сезімдерінің туындап, өршуіне себеп-
кер де болады. Сондықтан,
тек біздің көпшіл-
дікті ұлықтайтын қоғамда ғана емес, батыс
мәдениетінде де бәсекеге қабілеттілікті әрі «жа-
ғымды» («жақсы») деп дәріптейді де, екінші
жағынан, «жағымсыз» («жаман»)
деп жақ-
тырмайды да.
Сондықтан, бұл мақала аясында тұлғаның
бәсекеге қабілеттілігінің психология ғылымда-
рындағы анықталып, зерделену жағдайы
Достарыңызбен бөлісу: