138
Жарақаттық
сілейме
(
шок)
ауыр
жарақаттанулар
кездерінде дамиды. Бҧл ҥғымды ең алғаш 1737 жылы француз
ғалымы Lе Dгап кіргізген. Содан бері осы кҥнге дейін оның
қағидалық және амалдық маңызы зор кҥйінде
сақталып
келеді. Ҥлкен қалаларда ауруханаларға жарақаттанудан
тҥскен науқастардың 2,5%-травмалық шокпен асқынады, ал
осылардың 60—80%-жарық дҥниеден қайтады.
Жарақаттық сілеймені (шокты) зерттеудің маңызды сатысы
болып 1853—1856 жылдардағы Қырым соғысы саналады. Сол
соғысқа қатысқан орыс хирургі Н. И. Пирогов бҧл
шоктың
клиникалық кӛріністерін алғаш рет ажыратып жазды (1855),
оның бҧл жазғандары әлі кҥнге дейін мәнін жоғалтқан жоқ.
«Байлау орнында қолын немесе аяғын жҧлып кеткен жаралы
адам
сіресіп
қозғалмай
жатыр;
ол
айғайламайды,
ыңырсымайды, шағымданбайды, ештемеде шаруасы жоқ және
ештемені қажет етпейді; денесі салқын, беті ӛлген адамдай
бозарған,
кӛз
қарасы
ешқайда
қозғалмай
алысқа
бағытталған, тамыр соғуы саусақтың астында әрең сезіледі,
кейде жиі сезілмейді. Сҧраққа
жауап қайтармайды немесе
ақырын әзер естілетін сыбырмен қайтарады, тынысы зорға
байқалады. Жарасы
мен терісі ештемені сезбейді, бірақ
жарадан шығып тҧрған ҥлкен жҥйкені тҥртіп қоздырса, онда
жаралы адам бҧлшық еттерінің әлсіз ғана қысқаруымен
тіршілік белгісін кӛрсетеді».
Осыған орай Ӛтейбойдақ Тілеуқабылҧлының
Шипагерлік
баян атты қолжазбасында эмоциялық шокты
«ҧшықтық сілейме»
– деп былай сипаттаған: «әуелгі тҧрса тҧрған кҥйі, отырса
отырған беті, жатса жатқан қалпы бежірейген кҥйі, қатып
қалған тақілетті болмағы шарт. Алыстан айғайлағанды
қойып,
жанына
барғаныңды
сезбейді.
Тіпті
тҥртсең
қозғалым,
қарау
тақілетті
пенделік
тіл
алысымдық
ҧштасымдылық кӛрсетуге
шамасы келмек емес, жетпек емес»
(121 бет).
Н. И. Пирогов шоктың кӛп қан жоғалтқан науқастардан
айырмашылығын кӛрсетіп, травмалық шок кезінде адамның
естен тануы болмайтындығына назар аударады.
Сонымен, бҧл сілейме аяқ-қолдың
немесе кеуде мен іш
қуыстары ағзаларының қатты жарақаттануларында дамиды. Бҧл
кезде:
● зақымданган тіндердің жҥйкелік қабылдағыштарының
қозуы;
● адамның жаны жаралануы;
● қан мен плазманың тамыр сыртына шығуы;
● биологиялық әсерлі және уытты заттардың зақымданған
139
тіннен қанға тҥсуі;
● бҥлінген ағзалар мен тіндердің қызметтерінің
бҧзылыстары біріккен тҥрде байқалады. Бҧл қҧбылыстар
бірін бірі кҥшейтіп, жарақаттық сілейменің даму жолдарына
әкеледі. Бірақ шоктың пайда
болуында олардың біріккен
әсері міндетті жағдай емес. Травмалық шок қансыраусыз-ақ,
ал кӛпшіілік жағдайларда қанның аз мӛлшерде жоғалуында
(1-2% дене массасынан) дами беруі мҥмкін. Сонымен бірге,
жарақаттану кезінде кӛп қан жоғалту сілейменің дамуын
тездетеді және оның ӛтуін ауырлатады.
Жарақаттық
шок
тіндердің
зақымдануы
нәтижесінде
экстеро-,
интеро-
және
проприорецепторлардың
қатты
қозуынан
орталық
жҥйке
жҥйесінің
қызметтері
бҧзылыстарымен
сипатталады.
Сонымен
травмалық
шок
дамуында бҥлінген тіндерден
миға бағытталған дерт
туындататын серпіндердің маңызы ҥлкен.
Сілейме бір-біріне ауысатын:
●
Достарыңызбен бөлісу: