288
ісініп, ӛзара ретсіз шоғырланып қалады. Олар тамыр
ішінде баяу жылжиды немесе ҧсақ тамырларда топталып
тҧрып қалады.
Веналық
гиперемия
кӛптеген
ықпалдардың
әсерлерінен
дамиды. Солардың ішінде қан қоюлануы, зритроциттердің
ӛзара жабысуы, кӛктамырларда қан қатпалары пайда болуы
т.б. ықпалдар маңызды орын алады.
Ары қарай стаз алды жағдай және стаз дамиды. Стаз
алды жағдай дамуымен қан қозғалысы тербелмелі тҥр
қабылдайды. Жҥрек систоласы кезінде ол артериялардан
венаға қарай қозғалса, диастоласы кезінде — кері бағытта
қозғалады. Соңында қан қозғалысы толық тоқтайды, стаз
дамиды (Шеткері қанайналым бҧзылыстарын қараңыз).
Веналық гиперемия мен стаз қабыну дәнекерлерін,
микробтар мен олардың уыттарын қабыну ошағында жинап,
жалпы қан айналымға тҥсірмейді. Егер олар жҥйелік қан
айналымға тарап кетсе, онда организмде кӛптеген дерттік
ӛзгерістерге әкелетіні сӛзсіз. Бҧл кездерде қан
сҧйығының және лейкоциттердің тамыр сыртына шығуына
қолайлы жағдай пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: