Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы



Pdf көрінісі
бет402/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тамыр ішінде шашыранды қан ұю (ТШҚҰ) синдромы. 
Тамыр ішіндегі шашыранды қан ұю (ТШҚҮ) синдромы 
шеткері қанда әрі тромбиннің, әрі плазминнің шамадан тыс 
артып кетуінен жүре пайда болатын ауыр тромбоздық 
қанағыштық бұзылыстарға жатады. Ол көптеген себептерден 
дамиды: 
● сепсис, вирусемия;
● қатерлі өспелер; 
● 
сілеймелердің 
барлық 
түрлерінде, 
әсіресе 
кардиогендік сілейме кезінде; 
ауыр жарақатпен, әсіресе қансыраумен қабаттасатын 
хирургиялық әрекеттерде; 
● акушерлік дерттерде; 
● үлкен күйіктерде, үсіктерде; 
● сүйек сынықтарында, жұмсақ тіндердің жаншылуларында
● бүйрек, бауыр, үйқыбез бүліністерінде; 
● 
тез 
дамитын 
тамыр 
ішіндегі 
гемолиз 
бен 
лейкоциттердің цитолизінің барлық түрлерінде; 
● гемобластоздарда, созылмалы миелолейкозда; 
● жүйелі қызыл жегіде, түйінді периартеритте және 
басқа иммундық ауруларда; 
● геморрагиялық васкулитте; 
● көп мөлшерде қан құйғанда т. б. жағдайларда 
байқалады.
ТШҚҰ-синдромы келесі төрт сатыда өтеді: 
бірінші 
гиперкоагуляция
сатысында қанның ұюы тым 
артып кетеді. Бұл саты қысқа мерзімде болуы мүмкін және ол 
көптеген тамырлардың ішінде қан ұйып қалуынан ішкі 
ағзалардың (өкпе, бүйрек, бауыр, бүйрек. үсті безі, жүрек, 
ми 
т. 
б.) 
майда 
тамырлары 
бітеледі. 
Осыдан 
гиперкоагуляциялық сілейме (шок) дамып, сырқат адам 
кенеттен жан тапсырады. Кейбір жағдайларда гиперкоагуляция 
баяу түрде байқалмай өтеді. Гиперкоагуляция тым қарқынды 
тараған түрде болғанда қан ұю факторлары артық тұтынылып 


481
кетуінен артынан олардың жеткіліксіздігі дамиды. Бұл кезде 
қанда тромбоцитопения, гипофибриногенемия, қан ұюының V, 
ҮII т. б. факторларының азаюы байқалады; 
♣ тұтынулық коагулопатиядан екінші
гипокоагуляция
сатысы дамиды. Бұл кезде қан ұюы шектеліп, фибринолизді 
арттыратын 
заттардың 
белсенділігі 
көтеріледі. 
Содан 
тоқтамайтын ауыр қан кетулер болады. Сондықтан ТШҚҰ-
синдромын тромбогеморагиялық синдром деп те атайды; 
♣ үшінші сатысында мезгіл-мезгіл толық фибринолиз 
дамуының нәтижесінде қанда фибриноген мүлде жоғалады. Бұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет