Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігін (СЖҚЖ)



Pdf көрінісі
бет413/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігін (СЖҚЖ) 
емдеу шаралары
СЖҚЖ-ін емдеу шараларының негізінде симпатикалық жүйке 
жүйесі 
мен 
ренин-ангиотензин 
жүйелерінің 
артық 
белсенділігін азайту жатады. Организмде су мен тұздардың 
жиналуын шектеу үшін оларды сусынмен, тағаммен пайдалануды 
азайту қажет. Сонымен бірге несепайдатқыларды пайдаланып 
организмнен артық сұйықты шығару арқылы денедегі қанның 
көлемін азайту керек. Осымен бірге шеткері қан тамырларын 
кеңейтетін дәрі-дәрмектер қолданып, жүректің атқаратын 
жұмысын жеңілдету қажет. Бірақ бүл келтірілген шаралар 
СЖҚЖ-нің ары қарай дамуын тоқтатпайды. Оны тоқтату бета-
адрено-рецепторлардың тежегіштерін (карведилол, моксонидин 
т. б.), ангиотензинге ауыстыратын ферменттің тежегіштерін
әлдостеронның тежегіштерін (спиронолактон т.с.с.), қабыну 
туындататын цитокиндердің тежегіштерін қолдану қажет. 
Ангиотензинге ауыстыратын ферменттің тежегіштері жүректің 
қызметіне қолайлы ықпал етеді, коронарлық қанайналымды 
жақсартады, аритмия дамуына қарсы әсер етеді. 


498
Миокардтың біріншілік бүліністері 
Миокардтың біріншілік бүліністері коронарогендік және 
коронарогендік емес (дисметаболизмдік) болып ажыратылады. 
Миокардтың коронарогендік бүліністері. 
 
Миокардтың коронарогендік бүліністері
 
коронарлық
қан айналымның жеткіліксіздігінен дамиды. Коронарлық қан 
айналымның жеткіліксіздігі: 
● шынайы; 
● салыстырмалы – болып екіге түрге ажыратылады.

Шынайы коронарлық қан айналым жеткіліксіздігі
бұл 
тамырлармен қанның ағып өтуі бұзылудан дамиды. Ол мына 
себептерден болуы мүмкін: 
♣ 
коронарлық 
артериялардың 
атеросклероздық 
тарылуынан; 
♣ коронарлық артериялардың қатты жиырылып қалуынан 
(коронароспазмнан). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет