119
ДИАТЕЗДЕР.
Организмнің ауытқыған дене бітімінің бір түрі
болып
диатездер (грек. diathesis — бейімділік) есептеледі.
Диатез — әдеттегі немесе ауру туындататын әсерлерге
организмнің бұрынғы қалпынан ауытқып жауап қайтаруымен
сипатталатын жас балалардың дене бітімінің өзгеруі
. Бұл
кезде балалардың кейбір дерттік үрдістерге бейімділігі
байқалады. Диатездің бірнеше түрлері белгілі. Олардың
бастапқы кезеңдері байқалмауы мүмкін. Ал,
баланың
қоректенуі бұзылудан, қоршаған ортаның басқа ықпалдарының
әсерлерінен олар айқын түрлеріне ауысады.
●
Жалқықты-шырышты
(э
кссудациялық-катаралдық) диатез
екі жасқа дейінгі 40-60% балалардың арасында кездеседі.
Бұл диатез кезінде тері мен шырышты қабықтар қайта-қайта
қызарып, базданып қабынады,
одан көп шырышты жалқық
(экссудат) бөлінеді, жиі аллергиялық қабыну дамуына
бейімділік байқалады. Даму
жолдарына қарай бұл диатез
Достарыңызбен бөлісу: