199
организмде
натрий иондары жинала бастайды. Гипонатриемия
нәтижесінде пайда болатын бұзылыстарды жою үшін көктамыр
ішіне 1-2% ас тұзының ерітіндісін,
қан плазмасын,
нәруыздар препараттарын жібереді.
КАЛИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Калий - жасуша ішіндегі, негізгі электролит. Ересек
адамда калийдің организмдегі жалпы мөлшері 4000 ммоль-дей
болады, ал
мүның 2/3 бөлігі бұлшық еттерде, 5% сүйек
құрамында болады. Организм тәулігіне 2-4 г калий қажет
етеді. Калийдің жалпы мөлшерінің 90%-ы, яғни 11О-150
ммоль/л-дейіні жасуша ішінде, ал 10%-ы ғана, яғни 7
ммоль/л-дейіні,
жасуша сыртындағы сұйықта орналасқан.
Оның қан плазмасындағы мөлшері
- организмдегі жалпы
мөлшерінің 0,4%-ы ғана, яғни 3,8—5,4 ммоль/л. Бұл
калийдің плазмадағы салыстырмалы тұрақты шамасы болып
есептеледі. Плазма мен жасуша аралық сұйықта калий
иондалған түрде, ал жасуша ішіндегі оның көп мөлшері
нәруыздармен, көмірсуларымен, креатининмен, фосформен
байланысқан түрлерде болады. Калийдің жасуша ішінен шығуы
көп жағынан аз жағына қарай (концентрациялық
айырмашылық
бойынша) жүзеге асса, оның жасушаға енуі — энергияны
пайдалана отырып, Na
+
- К
+
- АТФ-аза ферментінің қатысуымен
атқарылатын белсенді үрдіс. Ұлпалы ағзалардың жасушасына
калий глюкоза-калий дифосфат қосындысы түрінде енеді. Бұл
үрдіске АҮФ (аденозин үш фосфор қышқылы) дем береді және
гормондар арқылы реттеледі. Калийдің жасуша іші мен
сыртындағы кеңістік арасында орын ауыстыруында қышқылдық-
сілтілік үйлесімділіктің өзгеруінің маңызы зор. Мысалы,
қанда сілтілер көбейгенде, калийдің жасуша сыртынан ішіне
өтуіне байланысты
оның қандағы мөлшері азаяды, ал егер
қанда қышқылдар көбейсе, онда керісінше болады. Калийдің
организмнің тіршілігіне қажетті бірталай міндеттері бар:
●
ол
жасушалардың
мембраналық
потенциалын
қалыптастыратын негізгі иондардың бірі болып табылады;
● жасушаларда осмостық қысымды қамтамасыз етеді;
● көмірсуларының,
нәруыздардың, липидтердің алмасуына
қатысады.
Гликогенез үрдісі калийдің жұмсалуын күшейтеді, ал
гликогенолиз, керісінше, калийдің босауына және оның
жасуша сыртына шығуына әкеледі. Калий бүлінген тіндерді
қалпына келтіруге қатысады. Мәселен, нәруыздардың түзілуі
кезінде калий жасуша ішінде жиналады, ал
олардың ыдырауы
кезінде ол жасуша ішінен сыртына шығып, қанға және
артынан несепке өтеді. Нәруыздар, көмірсулары, майлар
ыдырауының қарқынды болуы калийдің
теріс тепе-теңдігіне
200
әкеледі. Калий алмасуы су алмасуымен тығыз байланысты.
Калий натриймен қарама-қарсылық әрекетте болады, себебі
калий организмнен оңай шығатын болса, натрий керісінше
оңай жиналып қалады. Сонымен қатар,
егер натрий өзімен
бірге организмде суды ұстап қалатын болса, калий,
керісінше, бүйрек өзекшелерінің антидиурездік гормонға
сезімталдығын төмендете отырып, несеппен судың сыртқа
шығарылуын күшейтеді. Калийді организмге көп мөлшерде
енгізсе, онда ол натрий
мен судың сыртқа шығарылуын
арттырады. Сол себептен, дене ісінуін калийі көп емдәммен
емдеу, осыған негізделген.
Калий
алмасуының
бұзылуы
гипокалиемиямен
және
гиперкалиемиямен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: