Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет58/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

тікелей (біріншілік) 
және 
салдарлық (артынан дамитын)
жағымсыз әсер – деп бөледі. 
Тікелей жағымсыз әсерлер дәрілердің жасушалар мен 
жасуша 
ішілік 
құрылымдарға 
тікелей 
бүліндіруші 
әсерлерінен бірден дамиды. Мәселен, кальций хлоридінің 
гипертониялық 
ерітіндісі 
тері 
астына 
енгізілуден 
шелмайдың бірден өлеттенуі болады. 
Салдарлық немесе артынан дамитын, жағымсыз әсерлер 
дәрілердің салдарынан дамитын екіншілік құбылыстардың 
нәтижесінде артынан байқалады. Мәселен, антибиотиктермен 
емдеуден ішектерде дисбактериоз дамуы артынан ішек-қарын 
және өт жолдарының қызметтерін бұзады. Антрациклиндік 
антибиотиктердің әсерлерінен жүрек ет жасушаларының 
мембраналарында 
май 
қышқылдарының 
асқын 
тотығуы 
кардиомициттердің 
қызметтерін 
бұзады. 
Ацетилсалицил 
қышқылы простагландиндердің түзілуін тежеп, асқазанда 
ойық жара дамытады. 
● пайда болу себептеріне қарай:
♥ 
дәрілердің 
фармакологиялық 
қасиеттеріне 
байланысты дамитын; 
♥ организмнің даралық ерекшеліктеріне байланысты 
дамитын; 
♥ 
қоршаған 
ортанының 
ықпалдарына 
байланысты 
дамитын – деп ажыратады. 


71
● зиянды әсерлердің даму жолдарына (патогенезіне) 
қарай: 
♥ уытты; 
♥ аллергиялық (шынайы аллергиялық және жалған 
аллаергиялық); 
♥ идиосинкразия; 
♥ өспе туындататын (канцерогендік); 
♥ іштегі ұрық дамуына теріс әсер ететін 
(тератогендік); 
♥ дәріге тұрақтылық; 
♥ дисбактериоз; 
♥ дәріге тәуелділік – деп ажыратады. 
Дәрілердің уытты әсерлері. 
Дәрілердің уытты әсерлерінің дамуы: 
● олардың емдік мақсатта қолданылатын мөлшерлерінен; 
● қанда олардың шынайы немесе салыстырмалы түрде тым 
көбейіп кетуінен; 
● оларға организмнің туа біткен немесе жүре пайда 
болған сезімталдығының көтеріңкі болуынан байқалады.
Кейбір дәрілерді емдік мақсатта ұдайы ұзақ пайдалану 
қажеттігі болғанда олар организмде жинақталып қалады. 
Мәселен, жүрек аритмиясын, қояншық ауруын емдейтін т.б. 
дәрілер. 
Сонымен 
қатар 
оларды 
организмнен 
сыртқа 
шығаратын ағзалардың (бауырдың, бүйректің) қызметтері 
бұзылыстары да дәрілердің денеде жиналып қалуына әкеледі. 
Бауырда 
ыдыратылатын 
(левомицетин, 
кальцийдің 
антагонистері, 
барбитураттар, 
хинидин, 
лидокаин, 
циметидин, психотроптық дәрілер т.б.) дәрілер бауыр 
жасушаларының бүліністерінде немесе қақпа көктамырында 
гипертензия болғанда олардың денеде көп жиналып қалуынан 
уытты әсерлері байқалады. Мәселен, бауыр аурулары 
кездерінде 
хлордиазепам, 
оксазепам 
сияқты 
транквилизаторлардың организмнен жартылай шығарылу кезеңі 
бірнеше есе артып кетеді. Осыдан көңіл-күйдің ауыр 
тұнжырауы болады. Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде 
фуросемидтің сыртқа шығарылуы 10 есе, теофиллиннің -15 
есе, хинидиннің - 7 есе азаяды.
Бүйрек қызметінің бұзылыстары кездерінде дәрілердің 
ішкі ағзалар мен тіндеріне және қанда жиналуынан уытты 
әсер ететін ауыр жағымсыз әсерлер байқалады. Кейде 
жағымсыз әсерлердің дамуы мен дәрілердің денеден сыртқа 
шығарылуы нефрон шумақтарында несеп сүзілу қарқынымен 
және өзекшелер арқылы несепке шығарылуына (секрециясына) 
байланысты 
болмайды. 
Ал 
кейбір 
дәрілердің 
сыртқа 
шығарылуы нефрон шумақтарында несеп сүзілуінің мөлшерінен 


72
тікелей байланысты болады. Мәселен, гентамицин т.б. 
аминогликозидтік 
антибиотиктер, 
алғашқы 
буындардағы 
цефалоспориндер, 
ванкомицин, 
дигоксин, 
дизопирамид, 
амфтерицид, 
флуцитозин, 
несеппен 
шығарылатын 
болғандықтан, несеп сүзілуі мардымсыз азайғанда олар дене 
тіндерінде және қанда жиналып қалады. Осыдан адамда 
саңыраулық, бүйрек бүліністері, дигиталиске тән уыттану 
сияқты ауыр жағымсыз әсерлер дамиды. 
Дәрілік заттар жүйке жүйесіне, жүрекке, бүйрекке, 
бауырға, сүйек кемігіне т.б. ағзаларға уытты әсер етеді. 
Мәселен, өспелерді емдеуге қолданылатын антрациклиндік 
антибиотиктер (адриамицин, адрибластин, доксорубицин, 
фармарубицин т.б. цитостатиктер), туберкулезді емдейтін 
антибиотиктер 
жүрек 
еті 
және 
ми 
жасушаларының 
мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуын үдетіп, 
кардиомиоциттердің және нейрондардың қызметтерін бұзады. 
Содан 
жүректің жиырылу қабілеті төмендейді, жүрек 
соққылық және минөттік қан көлемдері азаяды, өкпеқап және 
жүрекқап іштерінде, құрсақта сұйық жиналады, бауыр 
ісінеді, жүрек қызметінің қан іркілулік жеткіліксіздігі 
дамиды. Ми жасушаларының мембраналарында майлардың асқын 
тотығуынан шартты байланыстардың есте сақталуы және 
олардың қайта жаңғырығуы бұзылады. Осыдан организмнің 
сыртқы орта ықпалдарына бейімделу қабілеті нашарлайды. 
Цитостатиктердің әсерлерінен сүйек кемігінің қызметі 
бұзылып, анемия, лейкопения, тромбоцитопения байқалады. 
Сайып келгенде, көптеген дәрілердің жағымсыз әсерлерінің 
даму 
тетіктерінде 
олардың 
тін 
жасушаларының 
мембраналарында майлардың асқын тотығуын үдетуі маңызды 
орын алады. 
Көптеген 
дәрілер 
белгілі 
бір 
ағзаға 
уыттылық 
көрсетеді. 
Мәселен, 
аминогликозидтер, 
сынапты 
зәрайдатқылар бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігін 
туындатады. 
Дәрілік жағымсыз әсерлер организмде олардың өзара 
әрекеттесулерінен де дамиды. Бұл кезде бір ауруды 
көптеген дәрілермен емдеудің маңызы зор. Тіпті жеңіл 
аурулардың өздерін орынсыз бірнеше дәрілермен емдеу 
дәрілерден дамыған дерттердің ауырлығын және пайда болу 
жиілігін арттырады. Бір өзімен емдегенде уыты жоқ дәрілер 
басқа дәрілермен қосып қабылдағанда уытты әсер етуі 
ықтимал. Мәселен, олеандомицин және эритромицин теофиллин 
мен кофеиннің денеде ыдыратылуын бәсеңдетіп, жүрек айну, 
құсу, жүйке жүйесінің көтеріңкі қозымдылығы, ұйқы қашу 
сияқты қанда теофиллин (20 мкг/мл-ден астам) көбеюінен 


73
дамитын уыттану белгілерін әйгілендіреді. Жаңа туған 
нәрестелер мен егде адамдарда бұдан ми ісінуі дамуы 
мүмкін. 
Көптеген дәрілердің микромомалық тотығуын гистаминнің 
Н 

– рецептор- ларының тежегіштері (циметидин т.б.)
бәсеңсітеді. Сондықтан хинидин мен циметидинді бірге 
қабылдағанда организмнің тіндері мен қанында хинидиннің 
мөлшері 
40%-ға 
көбейеді. 
Циметидин 
теофиллиннің 
организмде ыдыратылуы мен одан сыртқа шығарылуын 2,5 есе 
баяулатады. 
Гентамицин бүйрек арқылы сыртқа шығарылу кезінде 
фуросемидпен 
өзара 
әрекеттесіп, 
қан 
сұйығында 
фуросемидтің деңгейін бірнеше есе арттырады. Содан оның 
әсерінен саңыраулық және, жүрек ырғағының бұзылыстарына 
әкелетін, ауыр гипокалиемия дамиды. 
Салицилаттар мен сульфаниламидтер несептің қышқылдығын 
арттырып, метотрексаттың несеппен шығарылуын азайтады. 
Содан ол организмде ұзақ сақталып, бауырдың беріштенуі
панцитопения, анорексия, іш өтулер дамуына әкеледі. 
Дәрілердің 
уытты 
әсерлері 
организмнің 
даралық 
реактивтілігінің ерекшеліктеріне байланысты дамуы да 
ықтимал. Олардың дамуында, жоғарыда келтірілген бауыр мен 
бүйрек қызметтерінің жеткіліксіздігінен басқа, адамның 
тұқым қуалаушылығына қарай дәрілердің фармакологиялық 
өзгеру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Содан олардың 
организмде 
ыдыратылу 
жылдамдығы 
әртүрлі 
болады. 
Адамдардың арасында дәрілерді «шапшаң тотықтыратын» және 
«шабан тотықтыратын» топтар кездеседі. Ақ нәсілді 
адамдардың 5-9%-да дәрінің ферменттік тотығуы өте баяу 
өтеді. Сол себепті дәрі организмге қауіп төндіретін 
мөлшерлерде жиналып қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет