Өмірдің соңында жалғыз қалудың жолы Бірқатар адамдар 35-45 жас аралығында ерекше қиын күй кешеді. Олар өмірде некелесіп отбасын құрғанша, некесіз бірге тұра берген артық деп ойлайды. Алайда екі-үш байланыстан кейін олар қайтадан жалғыз қалады. Мүмкін, олардың анда-мында тарыдай шашылып жүрген балалары бар шығар, бірақ олармен ешқашан кездеспейді.
Көптеген әйелдер күндердің күнінде отбасын құрамыз деген мүмкіндіктерінен айырылып қалғанын байқайды. Дүниеге нәресте әкелетін уақыт баяғыда-ақ өтіп кеткен, ал тұрмысқа шықсам, балаларыма жақсы әке болады-ау деген жігіттер баяғыда басқалардың құшағында кеткен.
Ерлер де өмірдің бітпес сауық-сайраны аяқталғанын әрі жасы келіп қалғанын кенеттен түсінуі мүмкін. Олар енді бұрынғыдай көз тартарлықтай күші тасыған азамат емес. Олардың есіне аларлықтай естеліктері болғанымен, өмір бойғы қарым-қатынасы жоқ және оны қайдан табарын да білмейді, өйткені олардың ойларында жүрген әйелдердің көбі баяғыда-ақ өздерінің теңін тауып алған.