Павлодар қаласының білім бөлімі №5 сәбилер бақшасы мемелекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны «Мен жүзуді білемін»


Оқыту бағдарламасы. Оқытудың мақсаты



бет3/17
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#91708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Оқыту бағдарламасы. Оқытудың мақсаты.

Мектепке дейінгі мектептерде жүзуді оқытудың келесі негізгі мақсаттары орындалады:


- денсаулықты нығайту, бала ағзасын шынықтыру, гигиенаға баулу;
- жүзудегі техникалық және өмірге қажетті әдеттерді үйрену;
- жалпы дене тәрбиесін дамыту және осындай жетілдірілген дене бітімінің сапасы; олар: күш, иілгіштік, төзімділік, жылдамдық, ептілік; судағы қауіпсіздік ережесімен танысу.


Оқыту бағдарламасының мазмұны.

Бастапқы оқыту бағдарламасының мазмұны оқыту курсының алдында тұратын жүзу мақсатынан; әр түрлі жастағы балалардың дене бітімін дамытуын дайындаумен айналысатын контингенттен; олардың дайындықтары мен балалардың жас ерекшелігінен; курстық оқытудың жалғасуынан, сабақтарды жүргізуге жағдай жасауына байланысты. Осы барлық факторлар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мөшерлеу және жүктеме, оқыту әдістемесі, сондай-ақ оқу материалын шапшаң игеру жас ерекшелігіне және дене бітімін дамыту дайындығына байланысты.


Жүзуді 4-тен-7 ге дейінгі балалар жылдам үйренеді. Мектепке дейнгі балалрды оқыту үшін көп уақыт жұмсау керек, өйткені техникалық қимыл-әрекетті және қиындықтарды баяу игеретіндіктен, ұйымдық сабақтарға байланысты (олар баяу киінеді, шешінеді; командаларды жақсы білмейді, зейіні тұрақсыз болады, тапсырмаға деген қызығушылықты тез жоғалтады). Осыдан басқа құрастырылған оқыту бағдарламасы апта ішіндегі сабақтар санынан және әр сабақтың ұласу уақытына байланысты. Бір жылда 72 сағат ішінде жүзудің қандай да бір спорттық тәсілін үйренуге және жүзудегі нормативтік талаптарды орындауға болады. Сабақты жүргізуге жағдай жасайтын- табиғи және жасанды су қоймасы, судың тереңдігі және температурасы,климаттық және ауанаралық жағдай, сонда-ақ, жаттығуларды іріктеп алу және сабақ әдістемесін жүргізуге ықпалын тигізеді. Сонымен, бағдарламаның мазмұны- оқу материалы мен нұсқау әдістемесі оқыту мақсатына, оқушылардың жасы мен дайындықтарына, оқыту курсының ұласуымен сабақты жүргізу жағдайына үлесу керек. Осындай сабақтар әр түрлі жарыстарға тиімді. Жүзуді білмейтіндерге қорқынышпен күресу және өз күшіне сенімсіздіктен арылу үшін, достары үлгі болады. Топтық сабақтарда балалрмен тәрбие жұмыстарын жүргізуге қолайлы, ұжымның ықпалын пайдаланып, сонымен жақсы үлгерімді қамтамасыз етуге болады. Бірақ та, топпен жұмыс істей отырып, нұсқаушы әрбір оқушының тұлға және жеке адам ретінде, сондай-ақ жүзуге қабілеттілігіне көңіл аударуы қажет.
Осыған байланысты, жүзудің оқыту әдістемесі топтық және оқушыларға жеке тұлға ретінде жақындаудан құралады. Егер топ үлкен болса, ұжымның көмегін пайдалана отырып, нұсқаушы оларды 3 шағын топтамаға бөледі. (жүзу дайындығына байланысты). Сабақ жүргізу барысында, нұсқаушы негізгі топтың бөлігіне, яғни орташа дайындығы бар әр оқушыға беттейді, ал оның көмекшілері әлсіз және әлді топтамаларға жеке нұсқау және түсініктеме беріп отырады. Топтық сабақтарды жасақтау кезінде, оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлуі қажет. Жүзуді үйрету кезінде оқушыларды жас ерекшіктеріне қарай жасақтайды:
Орташа жас (4-5 жас)
Үлкен жас (6-7 жас)
Біркелкі жастағы балаларды сабақ топтарына қалыптастыру кезінде жүзу дайындықтарның деңгейі есептеледі. Осы жағдайда жүзуді жаңа үйренетін балалар келесі топшаларға бөлінеді:
1. Су бетінде ұстала алмайтындар;
2. Нашар жүзушілер;
3. Өз бетімен жақсы жүзе алатындар;
4. Техникалық спорттық тәсілмен жүзе алатындар.
Оқыту курсының алдында тұрған міндеті мен сабақтың ұласуы - жүзудің тәсілдерін таңдауды анықтайды. Жүзудің әр тәсілін үйренуге қажет уақыт бірдей емес. Алғашқы үйретуде жүзудің тәсілін таңдау балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Балаларды ереже бойынша жүзудің спорттық техникасына үйретеді, өйткені біріншіден, жас жүзушілердің контингенті спорттық жүзудің іріктеу қоры болып табылады, екіншіден, алдын-ала жүзудің жеңілдетілген тәсілін үйрену және кейін қайта үйрету көп уақыт алады; үшіншіден, балалар беделсіз жүзудің үйрету тәсіліне тез қызығушылықты жоғалтады. Осыған байланысты, мектепке дейнгі жүзу бағдарламасына бір мезгілде жүзуді үйретудің екі тәсілі қарастарылады (қимыл-қозғалысы ұқсас болса): кеудемен және арқамен құлаштап жүзу. Бұл жаттығулар санын көбейтуге мүмкіндік береді және орындаудың шартын өзгертеді. Алуан түрлі жаттығулар қозғалысты үйретуді ғана дамыта қоймай, сонымен бірге жүзу сабағына белсенділікпен қызығушылықты арттыру, балалармен жұмыс істеу әдістемесініңнегізгі талабы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет