Педагогика факультеті мамандық: 5В010100-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу академиялық дәреже: Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры



бет32/121
Дата22.01.2017
өлшемі20,23 Mb.
#7589
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Музыкальное образование в Казахстане. Хрестоматия.Выпуск 1. – Алматы,2007.5-9б.

  2. Райымбергенов А.,Райымбергенова С.,Байбосынова Ұ. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің музыка пәніне арналған Мұрагер бағдарламасы.1-9 сыныптар, Алматы, 2003.

  3. Балтабаев М.Х. Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Елім-ай» ән-күй сабағының бағдарламасы / М.Х. Балтабаев .- Алматы : РБК, 1993 .– 68 бет.

  4. Құлманова Ш.Б.,Оразалиева М.А.,Сүлейменова Б.Р. Қазақ орта мектептерінің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, хрестоматиялар.

  5. Дүйсенбінова Р.Қ. Музыкалық білім беру педагогикасы. Талдықорған,2006.

  6. Ұзақбаева С. Өміршең өнер өрісі / С. Ұзақбаева .– Алматы : Мектеп, 1988 .- 137 бет.

  7. Сарыбаев Б. Сырлы аспаптар сыры. Алматы 1988ж

Оқыту тілі: қазақ тілі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Баймолдаева Ж.Ж.

Этносольфеджио. (Этносольфеджио. Ethnosolfeggio)

Пререквизиттер: Музыка теориясының негіздері.

Постреквизиттер: вокал классы, хор классы, хормен дирижерлау, гармония, негізгі музыкалық аспап. Педагог-музыкант дайындауда музыкалық есту қабілетінің, музыкалық ойлаудың және естін дамуы. Таза айту дағдыларын (бір дауысты және көп дауысты), музыкалық материалдар үзінділеріндегі музыкалық құрылым мен тіл элементтерін есту қабілеттері арқылы талдауды қалыптастыру.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Пәннің негізгі бөлімдері: интонациялық және ырғақтық жаттығулар, нота текстін оқу, музыкалық диктант, есту анализі, музыкалық тексті талдау. Әр бөлім бірнеше тақырыптан тұрып, білімгерлердің алдында жеке мақсатпен міндеттерді ашады. Сольфеджио пәнінің жұмысы жемісті болу үшін, музыка-теориялық пәндермен жақын қарым-қатынаста болу керек. Бұл арада теория мен сольфеджио пәндерінің арасында тығыз байланыс бар екенін ескеру қажет. Сондықтан да музыка теориясын – нақтылы пән, ал сольфеджионы – тәжиребелі пән деп атайды. Сольфеджионың әр сабағында ауызша және жазбаша есту анализінің түрлері, диктант және нота текстін оқу жаттығулары болуы керек.

Пәннің мақсаты: Білімгерлердің дыбыстарды есту, дыбыстардың жоғары төмендігін, метрикалық, құрылыстық естілу дәрежесін, музыканы жадына тоқу қабілетін дамыту. Мұның бәрі-музыканы кәсіптік түрде қабылдауға керекті шарттар. Сонымен бірге, кейбір педагогикалық тәсілдерді үйрену арқылы жалпы білім беретін мектептерде, педагогикалық училищелерде сольфеджиодан сабақ беруге қажетті тәрбие жинау көзделеді.

Пәннің міндеттері: Сольфеджио бойынша жүргізілетін әрбір сабақтың басты міндеті – оқытудың кешенді тәсілін қолдану. Оған кіретіндер:

- әр түрлі дәуірдің стиліндегі көп дауысты музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз нота бойынша мүдірмей әндету дағдысын қалыптастыру;

- дыуыс тану жүйесін қатан сақтай отырып, туыстас тональдік ішіндегі модуляцияны әндету дағдысын қалыптастыру;

- тындау арқылы ладтағы гаммаларды, жекелеген интервалдарды, аккордтарды, ырғақтық құрылымдарды және ладтағы интервалдық аккордтардың құрылымын айыра білуге дағдыландыру. Сондай-ақ, түрлі құрылым, бір дауысты, екі дауысты периодтардың 2/4, 3/4, 3/8, өлшемдерде жазуын айыра білуге дағдыландыру;

- ұлттық музыкалық материалды пайдалану:

қазақтын музыкалық фольклоры мен Қазақстанның кәсіптік жіне қазіргі

композиторларының шығармалары.Мұнда негізгі назар ауыдаратынсалалық өлеңдер;


  • көрнекі құралдар мен түрлі өлшемдегі музыкалық шағармаларды әр түрлі маштабта топпен қолдану дағдысын қалыптастыру.

Оқыту тілі: қазақ тілі.

Бағдарлама жетекшісі: Юсупова А. – оқытушы.

Аудиовизуалды оқыту технологиясы. (Технология аудиовизуального учения Technology of the audiovisual doctrine)

Пререквизиты: информатика; негізгі музыкалық аспап;

Постреквизиты: информациялық технология және телекоммуникация, мектеп репертуарын үйрену, музыка шығармаларын талдау, қосымша музыкалық аспап.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Аудиовизуалды оқыту технологиясы бағдарламалары бірнеше түрлі бөлімдерден тұрады, жалпы бұл тақырыптарды меңгерудегі жұмыс бағыттарының көлемі де әр түрлі. Сондықтан да жұмыс түрлері әр қилы, ол әр тақырыптарға қатысты мәліметтерді түсіндіру және мазмұның айтып беру; әр тақырыпқа байланысты белгілі бір музыкалық шығармаларды немесе әуендерді компьютер арқылы теріп алу; әр түрлі музыкалық шығармаларды партитура, ән.күй немесе белгілі бір дәрежеде ауыстырып жазып, компьютерде ойнатып үйрету; Жоғарыда аталған тақырыптарға байланысты тәжірибелік жұмыстармен үй жұмысына ауызша, жазбаша немесе компьютерде орындау тапсырмалары беріледі.

Пәннің мақсаты: Аудиовизуалды оқыту технологияларын оқу үрдісіне қолдануға үйрету, негізгі музыкалық-компьютерлік бағдарламалардың заңдылықтары жайлы толық мәлімет беру; мектеп оқытушыларын дайындауда қамтылатын Аудиовизуалды оқыту технологияларын теориялық білім негіздерін игерту.

Пәннің міндеті: Жоғары дәрежелі музыкалық білімі бар ұстаздар дайындау. Музыкадағы көркемдік пен әсемдікті сүйіп, түсіне алатын маман әзірлеу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

1.Компьютер в работе педагога. Под. ред. Н.Ю.Пахолювой., М.: ИКЦ «Март» Ростов, 2005.

2.Свириденко С.С. Современные информационные технологии. М: Радио и связь, 1989.

3.Мелюхин И.С. Рынок электронных информационных продуктов и услуг в России: состояние и тенденции развития. НТИ – серия 1. – ВИНИТИ. – 1991.



Қосымша әдебиеттер

  1. Родионов И.И. Мировой рынок информационных услуг: электронная, деловая и коммерческая информация. М., 1991.

  2. Информационная технология, экономика, культура / Сборник рефератов и статей. ИНИОН РАН, 1995.

  3. Липаев В.В. Проектирование программных средств. М.: Высшая школа, 1990.

  4. Семенюк Э.И. Информатика: достижение, перспективы, возможности. Наука, 1988.

  5. Ребельский Н.В. Азбука умственного труда. ЭКО, 1989, № 7.

  6. Интернет технологии. Компьютер-пресс., № 6, июнь 2001.

  7. Пономарева К.В., Кузьмин Л.Г. Информационное обеспечение АСУ.-М.: Высшая школа, 1991.

  8. Шепотов Е.Г., Шмаков Б.В., Крикун П.Д. Методы активизации мышления. Челябинск: ЧПИ, 1985.

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Рысметов Е.Х.

Қазақ музыкасының әдебиеті және фольклор. (Казахская музыкальная литература и фольклор. Kazakh musical literature and folklore)

Пререквизиттері: «Қазақ музыка әдебиеті және фольклор» пәнін оқу үшін мектеп бағдарламасындағы мынадай пәндерді білу қажет:

  1. Қазақ әдебиеті, музыкалық шығармаларға арқау болған ақын-жазушылардың шығармалары;көне заман поэзиясы; эпостың түрлері;

  2. Қазақстан тарихы, түрлі тарихи кезеңдерден жалпы түсінік; түрлі тайлардың пайда болуы;

  3. Музыка,нота сауаты, халық композиторлардың шығармашылық өмірі; музыкалық жанрлардың түрлері; музыкалық терминдер жайлы түсінік;

Постреквизиттері: Мамандыққа сай пәндерді (музыка тарихы, музыкалық білім беру әдістемесі, сольфеджио, музыка теориясы, вокал т.б.) оқыту әдістемесі және пәнді оқытудағы инновациялық және ақпаратты технологияларды қолдану әдістемесі.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Бұл сабақтарда білімгер – қазақ кәсіби музыкасының негізін салушы композиторлардың шығармашылығымен қатар қазақ музыкалық фольклорының шығу тарихымен және оларды орындау тәсілдерімен танысады. Халық туындыларының көркемдік ерекшеліктері мен стильдік белгілерін анықтау арқылы оның халық, ұлт мәдениетінен айырмасын, оған тигізетін ықпалын саралайды.

Пәннің мақсаты. Еліміз егемендік жолына түскелі ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық музыкалық мәдениетімізді тереңірек игеріп оқытудың маңызы барынша артып отыр. Осыған орай бұл пән музыка тарихынан жан-жақты білігі бар, сол білімін келешекте ұстаздық қызметінде мектеп оқушыларына жеткізе алатын, өз бетінше музыкалық әдебиеттерді оқып игеретін жас мамандарды тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Пәннің міндеттері: Бұл курсты аяқтаған әрбір маман мына талаптарды игеруге міндетті:

  • қазақ музыкалық фольклорының туу, даму ерекшеліктеріне байланысты ұғым алу;

  • ұлттық музыкалық үн-әуен туралы білігі болу;

  • ұлттық музыка өнеріміздің, фольклорымыздың көркемдік ерекшеліктері туралы тиянақты білім алып, оны тәжірибеде қолдана білу;

  • курстың мәні мен маңызын көрсете алу.

Типтік бағдарламада негізінен қазіргі дәуір музыкасына қатысты мәліметтер қарастырылған. Мұндай тақырыптарды игерудің бірқатар үлгілері қамтылды. Олар:

  1. ХХ ғасырдағы қазақтың кәсіби музыкасының туу, даму ерекшеліктеріне шолу жасау.

  2. Қазақ музыка әдібиетінің, фольклорының жанрлық-көркемдік негізде игеру.

  3. Қазақстан композиторлары, музыка зерттеушілері, жекелеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы монографиялық дәрістер өткізу.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

  1. Ахметова М., Жұбанов А., Ерзакович Б. Советтік қазақ музыкасы, А., «Наука», 1975.

  2. Жұбанов А.Қ. Ғасырлар пернесі А., «Жазушы» 1976.

  3. Елеманова С. Қазақ музыка әдебиеті. А., «Өнер» 1993.

  4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. А., «Рауан» 1996.

  5. Кетегенова Н. Казахская музыкальная литература. А., «Ғылым», 1993. Ч.1.

  6. Кирина Е. К.Кужамияров. М., 1983.

  7. Қоңыратпай Т. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры. А., 2004.

  8. Рсалдин Ж. Академик Ахмет Жұбанов. А., 1998.

Қосымша:

  1. Ерзакович Б. Ләйлім шырақ. А., «Өнер» 1983.

  2. Исағұлова А., Қоңыратбай Т. Майра және өнер. А., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты -2001.

  3. Кененова Т.К. Бозторғай. (әндер, күйлер жинағы) А., «Жалын»1977.

  4. Кетегенова Н. Джумакова У. Казахская музыкальная литература, А., «Ғылым», 1995.

  5. Рахмадиев Е. Музыка и время, А., 1984.

  6. Тілемісов Х.«Ауыл кеші көңілді» Алматы «Қайнар» 1989

Оқыту тілі: қазақ тілі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Жантаева М.

Камералық ансамбль. (Камерный ансамбль. Chamber ensemble)

Пререквизиттер: Орта мектептегі музыкалық білім сабағы.

Постреквизиттер: Музыка тарихы, гарморния, полифония, музыкалық аспап.

Пәннің мазмұны: Қол аппараты. Дыбыспен жұмыс. Ноталық сауат. Аспап аппликатура-сы. Мажор тональдігі: а) До мажор; б) Соль мажор; в) Ре мажор; г) Фа мажор;

Минор тональдігі: а) Ля минор; б) Ми минор; в) сСи минор; г) Ре минор; Этюдпен жұмыс жасау. Сазгерлердің шығармаларымен жұмыс жасау. Камералық ансамблге нотада тоқтамай ойнатып ұйрету жәнеде қасындағы ойнап отырған аспапшыларды тыңдай білу. Музыкалық шығармаларды меңгеру үрдісіндегі жұмыс әдістемелері.



Пәннің мақсаты – білімгерлерге музыканы оқып, жазу және орындау үшін қажет музыка теориясының негізгі білім заңдылықтарынан толық мәлімет беру; мектеп оқушыларын дайындауда қамтылатын теориялық білім негізджерін игеру.

Пәннің міндеті – жоғары дәрежелді музыкалық білімі бар ұстаздар дайындау. Музыкада-ғы көркемдік пән әсемдікті сүйіп, түсіне алатын маман дайындау.

Әдістемелік оқу: Танымалдық әрекеттерді жандандыру әдістері.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Жұбанов А.Қ. Ғасырлар пернесі А., «Жазушы» 1976.

  2. Елеманова С. Қазақ музыкасының әдебиеті., «өнер» 1993.

  3. Рахмадиев Е. Музыка и времия, А., 1984.

  4. Демеева М.Н. Концертмейстерские навыки-учителя музыки/ Музыкальное образование: проблемы и перспективы. А. 2001.

Оқыту тілі: Қазақ тілі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Құлмамбетов Б.К.

Гармония. (Гармония. Harmony)

Пререквизиті: Музыка теориясының негіздері, сольфеджио

Постреквизиті: полифония, аспаптану; музыка шығармаларының талдау; негізгі музыкалық аспап; хормен дирижерлау.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Гармония пәні - теориялық және практикалық сабақтардың байланысына негізделеді. Мұнда оқылатын тақырыптың өзгешелігіне байланысты әр сабақ әр түрлі болып келеді. Сабақтардың кейбіреулері мақсатқа сәйкес не теориялық, не практикалық жүйеде болуы мүмкін. Мысалы, гармонияның жалпы проблемаларына арналған кіріспе тақырыбы тек теориялық таныммен шектеледі, ал кейбір сабақтар практикалық негізде өткізілуі мүмкін. Практикалық жұмыстын негізгі үш түрі болады:

  1. Гармониялық талдау.

  2. Әуенді гармонизациялау (жазбаша есептерді шығару)

  3. Фортепианода ойнап жаттығу

Пәннің мақсаты: музыка сабағынан беретін жан-жақты білімі бар ұстаздар даярлауда гармония пәні де өз үлесін қосады. Қандай да бір көркем ойды білдіруде қолданылатын гармониялық тілін үйрету.

Пәннің міндеті: Білімгерлердің музыкалық және жалпы мәдениеттік ой-өрісін кеңейтіп, дамыту. Музыка өнерінің көркемдік әсемдігін айыра білу және қабылдаудағы сезімталдықты дамыту.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиет:

  1. Құттымұрат Сақи «Гармония» Алматы, 1997

  2. И.Дубовский, С.Евсеев, И.Способин, В.Соколов. Гармония оқулығы. М.1987

  3. И.В.Способин. Гармония курсының лекциялары. М.1969

  4. Ю.Н.Тюлин. Учение гармонии. М., 1966

Қосымша әдебиет:

  1. В.Берков. Формообразующие средства гармонии. М., 1972

  2. Ю.Н.Холопов. Очерки современной гармонии. М., 1974

  3. Ю.Н.Холопов. Гармония-теориялық курс. М.,1988

  4. Л.А. Березовая. Особенности гармонизации мелодии. Тараз,2003.

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Юсупова А.

Полифония. (Полифония. Polyphony)

Пререквизиттер: Контростиль (қарама-қарсы) көмекші дауыстық және иммитациялық полифония, полифонияның екі стилі туралы: қатал стиль немесе қатал жазу, еркін стиль немесе еркін жазу стилі.

Постреквизиттер: музыка теориясы, сольфеджио, музыка әдебиеті, музыка тарихы, музыкалық білім беру әдістемесі, гармония, хор жүргізу, оркестрмен жұмыс, дирижерлық ету т.б.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Полифония –бірнеше әуендік дауыстардың ерекшеленген үйлесімділігі. Полифонияның үндестік қалыптастыру мен мәнерлік құралдары. Қатан және еркін жазу полифониясы. Қосалқы қарама-қарсылық және иммитациялық полифония. Қазіргі музыкадағы полифонияның орны, қосалқы дауыстарды, әуендік тақырыпқа контрапункті түрде шығару және оны өндеудің теориялық және практикалық негіздері.

Пәннің мақсаты: білімгерлерге полифонияның негізгі заңдылықтары жөнінде түсінік беру. Полифония түрлеріне қызығушылықты қалыптастыру. Әуенді полифония түрлерін дамыту дағдыларына баулу.

Пәннің міндеті: пәнді оқуда негізгі материал ретінде халық классикалық және қазіргі заман музыкасының озық үлгілерін келтіру. Білімгерлердің музыкалық және мәдениеттілік ой өрісін кеңейту, дамыту.

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиет:

  1. И.Дубовский, Евсеев С.И., Способин В.Соколов «Учебник гармонии». М.,1987

  2. Способин И.В. «Лекция по курсу гармонии». М., 1969

  3. Г.Фридкин «Музыка сауатының негіздері». М., 1996

  4. Спасобин И.В. «Элементарная теория музыки». М., 1991

  5. Хвостенко В.В. «Сборник задач и упражнении по элементарной теории музыки». М., 1994

  6. Вопросы музыкальной педагогики, теории, истории, методики и исполнительства

  7. Григорьев С., Мюллер Г. «Учебник полифонии» 1985

  8. Асафьев Б.В. «Музыкальная форма как процесс». Л., 1971

  9. Құттымұрат Сақи «Гармония» А., 1997

Қосымша әдебиет:

  1. Аравин П.В. «Жанры казахской инструментальной музыки» А., 1972

  2. Әбдікәрімұлы Ә.Ә. «Музыка теориясының негіздері» А., 1996

  3. Холопов Ю.Н. «Гармония теоретический курс» М., 1988

  4. Быкова Л.С. «Отклонение в курсе гармонии, методические рекомендации» А., 1990

  5. Скребков С. Учебник полифонии. М., 1982

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Бағдарлама жетекшісі: доцент Бейсеуов С.

Хореографияға сүйемелдеуші. (Акомпаниатор хореографии. Akompaniator choreographies)

Пререквизиттері: «Хореографияға сүйемелдеуші» пәнін сапалы игеру үшін орта мектеп бағдарламасындағы мынадай тақырыптардан түсініктері болуы қажет:

  • Музыкалық шығармаларға арқау болған композиторлар жайлы түсінік;

  • Орындалатын шығармалар жайлы түсінік;

  • Нота сауаты;

- Композиторлардың шығармашылық өмірі;

  • Шетел композиторларының шығармашылық жолдары;

  • Музыкалық оның ішінде сүйемелдеуші терминдер жайлы түсінік;

- Шығармаларды сүйемелдеу мен өңдеуді білу;

Постреквизиттері: Пәнді оқу барысында алған білімдеріңіз сіздерге мамандыққа сай пәндерді (Хор класы, хор жүргізу, музыка тарихы, сольфеджио, музыка теориясы т.б.) оқыту әдістемесі және пәнді оқытудағы инновациялық және ақпаратты технологияларды қолдануға ықпалын тигізеді.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Курс музыкалық-орындаушылық пәндердің арасында елеулі орын алады. Бұл пәннің ерекшелікгі – болашақ музыка мұғалімінің сабақта да, оқушылармен сыныптан тыс жұмыс кезінде де кәсіби және тәжібелік қызмет деңгейінің жоғары болуында. Хореографияға сүйемелдеуші негізгі нысаны оқу жұмысы болып саналады. Курсты оқыту әдістемесіне – музыкалық әдебиеттерді оқуы, конйермейстерлік класта білімгерлерге тәжірибелі мамандардың музыкалық білім және музыкалық орындаушылық шеберлікті талап етуі жатады. Хореографияға сүйемелдеуші оқу процесі құрылымы, музыка сабағы мұғалімнің шеберлігіне байлынысты.

Пәннің мақсаты:

- Әр уақытта студенттің сүйемелдеушілік дағдысын дамыту, музыкалық ой өрісін кеңейту.

- болашақ музыка мамандары әр дәуірдің түрі бағытында жазылған музыкалық әдебиетін, әртүрлі жанрмен түрлі формада жазылған халық музыкасының шығармаларын, шетел және отандас классиктердің шығармаларын білу;

- музыкалық шығармаларды тереңірек түсініп, олар жайлы құнды мағлұматтарды алумен қатар, өз тәжірибелерінде қолдана білу;

- музыка пәнінің бағдарламасын білу;



Пәннің міндеті:

- Сүйемелдеуші дағдыны дамытуда орыс және шетел композиторларының шығармаларымен танысу. Болашақта өзінше жұмыс істеу үшін репертуарлық қорды қуру керек.

- Әдеби бағытта ұлттық мектептің дәуірін музыкалық шығарманың стилистикалын ерекшелігін интерпритация жасауды білу.

- білімгердің ойнау дағдылары мен шеберлікті меңгеруіне байланысты музыкалық шығармалардың стилі мен сипатын бірте-бірте күрделендіру;



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Негізгі

  1. Бегалиева Г.К. Методические рекомендации по формированию концертмейстерских навыков. А., 1984.

  2. Демеева М.Н. Концермейстерские навыки – учителю музыки// Музыкальное образование: проблемы и перспективы. А., 2001.

  3. Исагулова А.Ш. Музыка сабағында балалар аспаптарын қолданудың кейбір әдіс-тәсілдері /Әдістемелік нұсқау/-А., 1992.

  4. Сағынова Д. Хорға арналған әндер. А., 1985.

Қосымша

  1. Демеева М.Н. Принцип сквозного построения темы урока музыки в достижении цельности и его содержания (Вопросы музыкальной педагогики, теории, истории, методики и исполнительства: Межвузовский сб. ауч. трудов) А.., 2000.

  2. Есимжанова А.Е. Методические рекомендации по формированию концермейстерких навыков. А., 1994.

  3. Кубанцева Е.И. Концертмейстерский класс: Учебное пособие для студентов высш. Пед. Учеб. Заведений М., 2002.

  4. Пустовит В.И. Концертмейстерский класс. М., 1987.

  5. Шахов Г. Игра по слуху, чтение с листа и транспонирование в классе баяна. М., 1987.

  6. Цыпин Г.М. Музыкант и его работа: Проблемы психологии творчества. М., 1988.

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Бағдарлама жетекшісі: доцент Кошербаева Б.К.

Қазақстан Республикасында көптілділік тұлғаны қалыптастыру. (Формирование полингвальной личности в РК. Formation of polilingual personality in Republic of Kazakhstan ).

Прекреквизиттер:Қазақ және орыс тілі мен әдебиетінің мектеп курсы.

Постреквизиттер: Курстан алған білім, қазақ және орыс тілдерін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша әдет-дағдыларын қалыптастырып, базалық білімін жетілдіреді.

Пәннің мақсаты - білімгерлерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, жиі кездесетін тілдік лексиканы, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету

- қазақ, орыс тілдеріндегі көптілді педагог кадрларды дайындауға бағыттау;

- қазақша, орысша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;

- күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;

- әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;

- теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

- монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту, тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын қалыптастыру;

- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

- ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стильдердің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету.

Пәннің міндеті - білім саласының әр түрлі салалары бойынша терминдерді игеру жолдарын қалыптастыру, пікірлесуге, әңгімелесуге, мазмұндауға, көркем оқуға, сауатты жазуға, өмірден мол мағлұмат беруге үйрету.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:


  1. М.Балақаев. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.

  2. Мараковская, Тәжімұрат. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы.

  3. Терминқор қалыптастыру көздері мен термин жасам тәсілдері.Астана-2005ж.

  4. Т.К.Қазыбек. Аударматануға кіріспе. А.,2004ж.

  5. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас.А.,2005ж.

  6. Практический курс русского языка. Л.К. Жаналина, М.Ш. Мусатаева. Алматы, 2005

  7. Учебное пособие «Республика Казахстан» С.А. Мамекбаева и др. Алматы, 1991 г

  8. Словари. С.И. Ожегов и др.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Г.Шалқарова. Салыстырмалы грамматика. А., 2007ж.

  2. А.Омарова. Қазақша сөйлеу этикеті. Астана, 2006ж.

  3. Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелелрі. Астана, 2011ж.

Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі .

Оқытушылардың аты-жөні:

  1. Мыңайдарова Мария Естайқызы

  2. Уралбекова Әлия Әрпішқызы

  3. Естаева Тоқжан Естайқызы

  4. Мыханова Жанар Бахытқызы

  5. Тәженова Гүлсара Серікқызы

  6. Шаханова Эльмира Аманжолқызы

  7. Мұқашева Алшагүл Меделханқызы

  8. Қалматаева Бақыткүл Мәмбетбайқызы

  9. Құттымұратова Назым Алиевна

  10. Сарсембаева Айгүл Асанқызы.



Каталог: download -> ucheb otdel
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
ucheb otdel -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/2-123-2014


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет