Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы



бет169/229
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#36587
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   229
Дәрістің мазмұны
1.Ерлі зайыптылармен, ата аналармен, балалармен ақыл кеңестік жұмыс жасау психологтың практикалық іс әрекетінің бір бағыты болып табылады. Кеңесшінің ерлі зайыптылармен жұмыс жасауының схемасы:
1.Әйелі мен ерінің некені сақтауға деген мотивін анықтау.
2.Туындаған жанұялық ситуацияды ерлі зайыптылардың әрқайсысына толықтай ашылуына мүмкіндік беру.
3.Некелік жұбайларға бір біріне деген оң терапевтикалық ұстаным жасау.
4.Ерлі зайыптылар қарым қатынасының негізгі сипатын және неке тарихын зерттеу.
5.Әйелі мен күйеуінің жағымды және теріс мінез сипаты туралы көрініс жасау.
6.Әйелі мен күйеуінің түсінісе білуге және аяушылыққа деген қабілетін анықтау.
7.Ерлі зайыптылардың келіспеушілігін тудыратын факторлар туралы ақпарат алу.
8.Ерлі зайыптылардың өзара әрекеті және өзара қарым қатынасының моделін зерттеу.
9.Ерлі зайыптыладың жыныстық өмірі жөнінде көрініс алу.
10.Әйелі мен күйеуіне ақыл кеңес беру процесінде барлық зейіндерін өздерінің қарым қатынасының қазіргісі мен болашағына шоғырландыру керектігін түсіндіру.
Сабақтың мақсаты. «Некедегі рөлдік күтім және притязание». Бұл әдістемені А.Н.Волкова ұсынған және ерлі зайыптылармен практикалық жұмыс жасау бағдарламасына кіреді.
Құрал жабдық. 36 карточкадан тұратын екі жинақ. Әрбір карточкаға пікір жазылып, номер қойылады. Төрт карточка классификатордан тұратын екі жинақта келесі жазулар бар: «Толықтай келісемін», «Жалпы бұл дұрыс», «Бұл дәл осылай емес», «Бұл дұрыс емес».
Жұмыстың барысы. Ерлі зайыптларға өз жынысына сәйкес келетін баған бойынша келісімдер жиынтығымен өз бетінше танысу ұсынылады, онда мынадай нұсқау берілген: «Құрметті жолдас! Сіздерге ұсынылған карточкаларда жанұя, неке, әйел мен күйеуі арасындағы қатынас туралы келісімдер жазылған. Алдарыңызда варианттары көрсетілген төрт карточка жатыр: «Толықтай келісемін», «Жалпы бұл дұрыс», «Бұл дәл осылай емес», «Бұл дұрыс емес» Әрбір келісімді мұқият оқи отырып, барлық карточкалары жауаптың төрт варианты бойынша бөліп көрсетіңіз. Егер сіз келісімді толықтай бекітсеңіз, оны «Толықтай келісемін» карточкасының тұсына қойыңыз. Егер келісім дұрыс бірақ толықтырулар енгізу керек деп шешсеңіз «Жалпы бұл дұрыс» карточкасының тұсына қойыңыз т.с.с. Карточкаларды келісімдермен төрт топқа бөле отырып, сіз өзіңіздің жеке пікіріңізді білдіруге тырысыңыз. Психологиялық зерттеуге қатысқаныңызға көп рахмет».
Тапсырманы орындағаннан кейні консультанат ерлі зайыптылардың жауаптарын кеңестік зерттеудің хаттамасына тіркейді: «Толықтай келісемін»тобына жатқызылғаны 3 балл, «Жалпы бұл дұрыс»2 балл, «Бұл дәл осылай емес»1 балл, «Бұл дұрыс емес»0 балл қойылады.

2.Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу


Ақыл кеңес беру кезінде психолог маманның әңгімесі адамның қандай да бір өмірлік ситуацияны шешудегі негізгі тәсілінің бірі болып табылады. Әңгіме әдісінің тиімділігі оның ұйымдастырылу іскерлігіне және оның диагностикалық, терапевтикалық, профилактикалық сипатқа ие болуымен байланысты.
Сабақтың мақсаты:
Психологиялық кеңес берудегі проблемдік жағдаятқа кіріспе сөз жүргізу дағдысын жасау. Тапсырма рөлдік ойын түрінде өткізіледі.
Құрал жабдық: Видеомагнитофон
Жұмыс барысы. Жұмыс видеожазба жазуға мүмкіндік болатын аудиторияда өткізіледі. Тапсырманы орындауға 10-12 адам қатысады.Оның құрамынан «кеңесші психолог» рөліне адам және «психологиялық кеңес беруге көмекті қажет ететін»адамның рөліне адам таңдалады. Сеанстың жүру барысында психолог рөліне пікіріне топтың кем дегенде жартысы ден қоятын адамды таңдау керек. Одан әрі қатысушылардың әрқайсысы осы рөлде болып көруі керек.
Мысалы, келесі мазмұндағы рөлдік ойын ұсынылады: «Пихолог кеңесіне бала тәрбиесінде проблема туындаған әйел адам келді».
«Психологқа» тапсырма: «Сіз көмек сұрай келген әйелмен әңгіме жүргізуіңіз керек. Әңгіме барысында жағдайды терең түсініп, осы ситуацияны тудырып отырған маңызды объективті және субъективті факторларды анықтау керек. Мәселені шешуге негізделген ұсыныстар беріп, қиыншылықта жеңуге болатындығы туралы үміт сезімін тудыру керек».
«Әйелге» тапсырма: «Сіз пихолог кеңесшіге балаңыздың мінез құлқы мазалағандықтан келдіңіз. Соңғы кездерде ол өзін нашар ұстайтын болды, әсіресе қоғамдық орындарда. Сіз психологқа бұл туралы дәлірек айтасыз. Бірақ сіздің саналы түрдегі мазасыздығыңыздың себебі: а) сіздің айналадағылардың пікіріне аурушаң сезімталдығыңыз; б) ештеңеге қарамастан идеалды «ана» болуға деген қалауыңыз; в) балаңызбен дау жанжалға түсуден қорқу; г) күйеуіңізбен қатынаста қиындықтардың болуынан қорқу; д) балаңыздың өз өзін ұстауы сіздің қызмет репутациясын бұза ма деген қауіп; е) балаңыздың өз өзін ұстауы күйеуіңіздің қызмет репутациясын бұза ма деген қауіп т.б.» «Әйелге» берілетін жоғарыдағы нұсқаулар психолог болмаған жерде берілуі керек.
«Сарапшыларға» нұсқау: «Әңгіме барысын мұқият бақылап, бақылау хаттамасын жүргізіп, онда «психологтың» әңгіме жүргізуге қолайлы жағдай тудыруға мүмкіндік жасаған немесе кедергі болған вербальды және вербальды емес, жеке әрекет пен тәсілдерді, әқгімеге жасалған психологиялық климат, ситуацияны түсінуі, проблеманың туындауының шын себебін анықтау, ұсынысты орындау кезінде проблеманы жетістікті түрде шешуге мүмкіндік туғызу тіркеледі».
Рөлдік ойынның бір сеансының ұзақтығы 15 минут болуы керек.
Психологқа сұрақ:
Кеңес сұрай келген әйелдің мәселесінің мәні неде?
Әңгімелесу барысында қандай қиыншылықтарға кездестірдіңіз?
Әңгімелесу барысында қиыншылықты шешуге немесе одан құтылу үшін сіз не істедіңіз?
Сіздің берген ұсыныстарыңыз «әйелге» айтарлықтай көмектесетініне сенімдісіз бе?
Әйелге қойылатын сұрақтар:
Сізді «психологтың» жақсы түсініп отырғанын сезіндіңіз бе?
Әңгіме кезінде сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?
«Психологтың» өз өзін ұстауында, сөйлеуінде сөздің толық ашылуыңызға кедергі болған жағдай болды ма?
Сізге берліген ұсыныстардың сізге көмектесетініне сенімдісіз бе?
Алынған жауаптарға сәйкесті «психолог» және «әйел» тарапынан алынған субъективті бағалаудың айырмашылығы немесе сәйкестігі қысқаша түйінделеді.
Одан әрі «сарапшылар» дискуссиясында «психологтың» вербальды және вербальды емес мінез құлқында әңгіменің қолайлы психикалық климатын тудыруға мүмкіндік жасағаны немес кедергі келтіргенін, жағдайды талдау, мәселенің туындауына себеп болған ақиқат себептері, психологиялық ұсыныстардың әрекетшілдігіне деген сенгімділігін қалыптастыру және оны жүзеге асыруға деген қалауы талданады.
«Эксперттер» сонымен қатар «психологтың» қосымша мәлімет алу, түсініктеме жасау, партнердің қалауын нақты түсінуге мүмкіндік беретін мәліметтерді алу; партнердің қызығушылығы мен айтылған ойларын өз сөзімен бере алуға қабілетті, партнердің күйін бақылауды мазмұндау, шындыққа және анықтыққа қол жеткізу мақсатында партнердің айтқандарын интерпретациялауды игеруін бағалауы керек.
Сондай ақ «эксперттер» «психологтың» берген ұсынымдарын талдап, оның негізделгені бағалануы керек.
«Экспеттер» қорытындысында келесідей сұрақтар бойынша жекелеген түйіндемеле құрылып бір жүйеге келтірілуі керек : кеңес беру әңгімесі мақсатына жетті ме? әңгіме қалай өтті? «психолог» қандай қателіктер жіберді? әңгіме өткізуде қандай жеке қателіктер көрінді? әңгіме өткізудің қандай тәсілдері тиімдірек болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет