Педагогика факультеті «Педагогика және психология» кафедрасы


Оқу техникасын жаттықтыру



бет170/229
Дата06.02.2022
өлшемі3,74 Mb.
#36587
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   229
3.Оқу техникасын жаттықтыру
«Іштей» мәтінді оқу іскерлігі оқыған нәрсені мәнге келтіру және қабылдау дағдысының жиынтығынан құрылады. Көру қабылдауының дағдысы көп жағдайда оқудың жалпы нәтижелілігін анықтайды. Оқу техникасын жетілдіру оқу темпін арттыруға және өнімді оқу тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді.
Сабақтың мақсаты. Оқу жылдамдығын арттыру мақсатында кейбір жаттығуларға үйрету.
Құрал жабдықтар. Оқудың мәрелік жылдамдығын өлшеу үшін әдетте газттік мәтіндер қолданылады.
Жұмыс барысы. Тапсырманы қалыпты оқу аудиториясында немесе үйде өткізуге болады.
Тапсырманың басында оқу жылдамдығын міндетті түрде өлшеу керек. Одан әрі қарай жаттығулар жүргізіледі.

1 Жаттығу


Жаттығудың міндеті мәтінді тігінен оқуға үйрену. Жаттығу үшін газеттік мәтін ұсынылады. Газеттің бағанасының ортасы бойынша түсті қарындашпен тік линия жүргізіледі. Қолмен жүргізіліп отырған кезде көзқарастың толқынды жылжуына қол жеткізу үшін мәтін бірнеше қайтара оқылады.
Жаттығудың ережесі:
Газеттік бағаныны өз алдыңызға қойып, көрстекішті алыңыз;
Көрсеткішті жоғары жолдың ортасына қойыңыз;
Көрсеткішті бағананың орталығы бойынша тепе тең жүргізіңіз;
Біздің көзқарасымыз көрсеткіштен екі үш жолға жоғары тепе тең жүріп отыруы керек;
Алдыңызға оқу мақсатын қоймаңыз, біздің көзқарасымыз мәтін бойынша қозғалған көрсеткіштің соңынан «жүзіп» отырсын;
Көрсеткіш пен көзқарастың қозғалысы тепе тең болуы керек, қозғалысты қандай себеп болмасын тоқтатпаңыз;
Көзқарысыңыздың жан жаққа бағытталуына мүмкіндік бермеңіз;
Мәтін бойынша көрсеткіш пен көзқарасыңыздың келісімді қозғалысы болғанға дейін жаттығуды тоқтатпаңыз. Мәтінмен жұмыс көзіңіз сөздер мен үзінділерді қабылдай бастағанда тоқтатылады. Тек сөздерді және үзінділерді айта алу ғана есептеледі де, мағынасына мән берілмейді.
4.Алкоголизм кезіндегі топтық психотерапия әдістемесі
Психотерапия психологиялық тәсілдерді емдеу мақсатында қолдануға бағытталған сала ретінде психоневрологиялық, жалпысоматикалық, наркологиялық бағытта қолданылады. Психологиялық емдеу тәсілі ретінде алуын түрлі әдістемелік тәсілдер, мимика, сөйлеу, эмоционалдылық, мотивация, мінез құлықтың көріністер, үйренушілік, тұлғараралық қарым қатынастар және т.б. қолданылады. Топтық психотерапия кезінде кешенді психологиялық емдеу тәсілі ретінде осы шағын топқа арналып құрыған мақсатқа бағыталған тұлғараралық қарым қатынастың динамикасы алынады. Қазіргі таңда ТП алуан түрлі ауруларды емдеуде соның ішінде алкоголизмді емдеуде де қолданылады.
Алкоголизм адамның патологиялық еліктеуінің арнайы түрі ретінде анықталатын және алкогольды жиі қолданылатын тұлғаларда туындайтын наркомандық тәуелділіктің бір формасы болып табылады. Солай бола тұрса да алкогольге еліктеушілік тікелей бақылаудан және сыртқы әсер етуден алуан түрлі психологиялық қорғаныс арқылы олар, проекция, теріске шығару, жалған рационализация арқылы жасырын түрде болады. Сондықтан алкогольге еліктеуді психотерапиялық түзету науқастардың қажеттіліктеріне ықпал ету долымен де жүзеге асуы керек. Когнитивті деңгейде бұл анозогнозияны жеңу (өз ауруына адекватты емес қарау); өзіндік сана деңгейінде өзін өзі бағалауға, өзін құрметтеуді қалпына келтіруге ықпал жасау; эмоционалды деңгейде аффективті түзілістерді басу; мотивациялық деңгейде алкогольге алтернативті мотивтерді жасау және бекіту; мінез құлық деңгейінде өмір стилін өзгерту, қатынас бұзылысын түзету, пациенттің әлеуметтік ортасына әрекет ету.
Сабақтың маұсаты. Алкоголизммен ауыратын науқастармен оларда анозогнозияны жеңуге және дұрыс өмір салтын қалыптастыруға бағытталған топтық психотерапия жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет