Тақырып:Экспериментальды психологиялық зерттеулер нәтижелерінің интерпретациясы. Қарастырылатын сұрақтар: 1.Интерпретация және қорытындылау. 2.Зерттеу нәтижесінің формасы. 3. Ғылыми мақалаға қойылатын талаптар. Мақсаты: Интерпретация және қорытындылау, зерттеу нәтижесінің формасы, ғылыми мақалаға қойылатын талаптар жөнінде түсіндіру. Дәрістің мазмұны: 1. Интерпретация дегеніміз латын тілінен алынған (interpretation) сөз ғылыми тілмен айтқанда –мазмұнын ашып түсіндіру , талқылау, ал, өнер тілінде көркемдік шығарманы творчествалық орындау, автор-лық шығармашылық және сценариі деген мағынаны білдіреді. Ин-терпретация ол өзі көбірек шыншылдыққа , бір нәрсенің мазмұнын ашуға жақшырақ келеді. Біздің жобалауымыз бойынша айтқанда, бұл сөздің арғы жағында бір нәрсені ашу,яғни жаңалық ашу деген-ді білдіреді деп ойлаймыз.Мыс: оқушының оқу үлгерімінің күрт төмендеуі неліктен екенін анықтау, соны неліктен олай болды екен деп бақылау отырып мазмұнын , себебін табу, ашу оны көбіне төмен класс оқушыларының жоғары класқа ауысуынан байқауға болады.Себебіолардың көбі жоғары классқа барғанда яғни 5 сынып оқушысы болғаннан кейін, бұрынғыдай бір оқытушы емес , әртүрлі оқытушылар әртүрлі пәндерден сабақ берген кездеалғашында, оған үйрене алмай көп қиналады.Олар өздерін қорғаушы, қамқоршылары-нан айырылғандай сезініп далада, қараусыз қалғандай болып, ыңғай-сызданып, сабақтарына біріне үлгерсі, біріне үлгере алмай қиналып, сабағы, ынтасы бәрі төмендейді.Міне сондықтан балаға көбірек мән беріп, соның тілінде ата-анасы, жаңа класс жетекшісі мектеп ұжымы бәрі көмектесуі керек.
Осыдан кейін ғана бала әрі қарай қайтадан қалпына түсе бастайды.
Жұмыстың апробациясы.
Бір нәрсенің жұмыстың кемшілікті болдырмай алдын-алудың апробациясы.Сенімді апробация-ол алдын-алу, кеткен кемшіліктерді түзету болып саналады.
Апробация сөзі латын тілінен алынған. Ол бір нәрсені қолдау дегенді білдіреді. Оны доклад, дискусияларда, бір жұмыстарды тал-қылағанда пайдаланамыз.Ол мысалы: курстың жұмысы, диссертация, отчет жасағанда, соны талқылай отырып, жазған, жасаған жұмысын қолдауын айтамыз.
2.Жұмыс апробациясының өзі неше бір түрлерге бөлінеді деп айтуға болады.Соларды зерттейтін болсақ олар:
1.Ғылыми-техникалық есеп.
2.Доклад және жаңалық .
3.Стсатья.
4.Рецензия .
5.Брашюра.
6.Методикалық бағдарлама беру
7.Диссертация.
8.Кіріспе.
9.Теориялық .
1.Ғылыми есеп дегенге қысқаша мінездеме берер болсақ , ол жасалған ғылыми жұмыстардың қорытындысы болып келеді.Оған методика бір затты байқап көруге арналған жұмыстар жатады.
2.Доклад мысалы: жаңалыққа ол хат түрінде жазылады бірақ оны тек дауыстап оқыту керек.Оны халық арасында түгелдей айта алмаймыз, тек қана қысқа түрде айтылады.
3.Статья көбіне қысқаша түрде, тек қана қысқаша ескертулер, солардың қорытындылары ғана беріледі.
4.Рецензия-ол қиындау шығармаларды, не шығарманы міндетті түрде қарау болып есептеледі.
5.Брошюра-ол дегеніміз 4 немесе одан көп бетке жазылған шығарманы қарау.
6.Методикалық бағдарлама беру .Ол өте қысқаша ғана, практика түрінде бағыт бағдар беру және көрсету деп есептеледі.
7.Диссертация латын тілінен алынған (dissertation)-бақылау, қысқаша айтып беру. Диссертацияны кандидаттар немесе ғылым докторлары қорғайды.Диссертацияны алдын-ала дайындалып, бүкіл коммисия алдында оқи отырып соның ішіндегі жазғандарын солардың алдында қорғап шығуы керек .
8.Кіріспе-дегеніміз бір әңгіменің берілуі,соны қысқаша көрсетіп, практика жүзінде өткен шаралардың қысқаша қортындыларының не мағына беретін білдіреді.
9.Теориялық жағынан қортындылау ол бір әдебиеттің немесе қызықтырған бір қиын жағдайды зерттеу, іздену болып келеді.Содан кейін тәжіриебе жүргізуге немесе байқап көруге арналған жұмысына қысқаша тоқталып өтеміз .Қорытындыға осы барлық жүргіген жұмыстың соңындағы қалай аяқталғанын жазу және де соған қай жерінен артық , кемшілік кеткенін айтып, ескертулер мен түзетулер болып есептеледі .
Библюграфия- дегеніміз осы жұмысқа қолданған әдебиеттер.
Стиль-дегеніміз осы өткізілген немесе өткізілейін деп отырған ғылыми жұмыстың қатаң түрде оқылуын, жазылуын қадағалап отыру, өз тілінде жақсы , нақты түрде түсіндіру болып есептеледі.
3.Ғылыми нәтижелердің мәтіндік көріннісінің бірнеше нұсқалары болады. Ғылыми басылымның негізгі формасы ғылыми мақала болып табылады. Мақалаға қойылатын талаптар төмендегіше болады.
Мақаланың мұқаба бетінде автордың аты-жөні мен оның жұмыс орны қысқаша көрсетіледі.(15 сөзден көп емес.) Ол оқырманға зерттеу туралы қысқаша мәлімет беруі тиіс. Мақаламен қатар 100-175 сөзден көп емес қысқаша мәлімет болады. Онда зерттеу проблемасы , пәні, зерттеушілер, әдісі туралы және нәтижелер мен негізгі қорытындылары туралы жазылады. Алғашында кіріспеден басталады. Кіріспенің бас жағында проблеме ұсынылады. Кейін осыған дейінгі жүргізілген зерттеулерге шолу жасалады. Бұрынғы зерттеулерде қолданылған негізгі әдістер , нәтижелердегі кездескен қарама-қайшылықтарға талдау жасалады. Автор өзінің зерттеулерінің теориялық негізін ұсынады. Болжам және оны тексеру жолы көрсетіледі. Зерттелетін және бақыланатын айнымалылықтардың тізімі келтіріледі. Және зерттеу нәтижесі туралы болжам жасалады.
Келесі бөлімі әдіс. Зерттеу әдістері туралы негізгі мәліметтер кіріспеде келтіріледі. Осы бөлімде зерттеу процедурасының барлық ерекшеліктері толығымен ашылады. Зерттелушілерді таңдау сипаты топтарды қалыптастыру стратегиясы туралы айтылады. Зерттеуді жүргізудің сыртқы жағдайлары, уақыты туралы мәлімет беріледі. Зерттеу процедурасы толықтай сипатталады. Оқырманға экспериментатордың жұмыс алгоритмі мәлімет береді. Зерттелушіге берілген нұсқаутолық жазылады. Тәуелсіз айнымалыны басқару тәсілдері, тәуелді айнымалыны өлшеу, сыртқы айнымалыларды бақылау тәсілдері туралы айтылады.
Әдістемелер мен аппаратура.
Әдістеме мен аппаратураны сипаттауда моделінің нақты атауы мен оның спецификасын көрсеткен жөн. Көбіне ерекше аппаратура деталды түрде суреттеледі. Стандартты техника мен стандартталған әдістемелерді(тест) жан-жақты суреттеу міндетті емес. Бірақ қолданылған тестерді сипаттаған кезде олардың атауын , өткізу мерзілін, орнын валидизация мен ревалидизация авторларын негізі псиметрикалық сиппаттамаларын,с.қ. тестті жасаушының мекен-жайын көрсетіп кету міндетті. Р.Кеттелдің Мәдени ерікті интеллект тестісі –А.Ф. Денисов, Г.Д.Дорофеев ГП « ИМАТОН»-баспасы СП-1994
Нәтижелер Мақаланың басты бөлімі нәтижелерді ұсыну мен талдауға аврналады. Бұл бөлімнің басында проблема мен болжам туралы еске түсірген жөн. Кейін қысқаша түрде негізгі қорытындылар келтіріледі. Нәтижелердің жалпы құрылымы мен оның статистикалық мәні туралы айтылады.
Қорытындыларды нақтылап суреттеу үшін кестелер мен суреттер келтіріледі. Кестелер мен сызбаларды мақала мәтініне емес, мәтін соңына орналастыруы тиіс. Әрбір кесте немесе сурет бөлек бетте көрсетіледі.
Нәтижелерді талдау . Бұл бөлімдже мақала авторы алынған мәліметтер туралы қорытынды жасап, оларды болжамман байланысмтырып отырады. Автор теориялық және әдіснамалық мәліметтерді пайдалана отырып эксперимент нәтижесін түсіндіруі тиіс. Зерттеу барысында сүйенген теорияны жетілдіру немесе кері теріске шығару үшін шығарылатын ұсыныстарды түсіндіру үшін қосымша болжамдар беруге болады.
Мәлімет көзіне сүйену. Қолданылған әдебеттер тізімі бөлек бетте көрсетіледі. Соынмен мақала барысында әдебиеттерге сілтеме жасалады. Маңызды деген сілтемелер бірінші бетте болуы тиіс. Әрбір кесте бөлек-бөлек бетте берілуі керек. Алдымен кесте нөмірі кейін аты. Әдетте қатар бойында зерттелушілер тобы, ал жол бойында эксперимент шарты беріледі.
Мақалада сөйлем құрастыру барысында енжар сөздерден қашу керек.
Басылымды шыққан нәтижелер әрбір қолданылуға жететін ақпарат ағынына кіреді. тҒылымның күші- біліксүйгіштік, қызғаныш, тәкапарлық секілді субьективті әсерге бағынбауында. Қоғамның ашықтығы тұлғалық өсуді қолдап, бірақ ғылыми бірлестіктерге ғылыми емес принциптерді жүктеп отыр. Эксперимент бұл ғылыми бірлестікке жүктелетін кез-келген идеяны сынға алатын күшті құрал.