Үшінші-төртінші тақырып . Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама.
Мақсаты: педагогикалық мамандықтың ерекшеліктерін анықтау, оның пайда болу тарихымен таныстыру, даму бағыттарын белгілеу.
Жоспар.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен қалыптасуы.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі.
Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен калыптасуы.
Ең алғашқы мектептер Ежелгі Шығыс (Египет, Ассирия, Вавилон, Финикия) елдерінде құл иеленушілік қоғамында пайда болған. Осы елдерде жинақталған ғылыми мәліметтердің негізінде арифметика, геометрия, астрономия, медицина сияқты ғылымдардың негізі қаланды. Бұл жинақталған мәліметтерді халықтың бәрі біліп қоймады. Бұл білімді абыздар үлкен құпияда сақтады. Болашақта абыздық қызмет атқаратын адамдар ғана білуге құқығы болған. Үлкен қалаларда, шіркеу жанында абыздық мектептер құрылған. Осылайша, Шығыс елдерінде мұғалім қызметін абыздар атқарады.
Мектептердің қоғамдық институт ретінде пайда болуына мәдинет пен жазудың дамуы, ғылымдардың шығуы түрткі болды. Мектеп туралы мәліметтерді б.э.д. 2500 жыл бұрын египеттік жазба ескерткіштерінен кездестіреміз. Бұл патшаның балаларына арналған сарай мектебі еді. Сәл кейінірек « Рамессеум» деп аталатын ерекше оқу ғылымдық орын пайда болды. Бұнда тек абыздар емес, сонымен қатар әскер адамдары, архитекторлар, дәрігерлер білім алған.
Ежелгі Грецияда алғашында грамматистер мен кифаристер мектебі пайда болған. Бұнда 7-14 жасқа дейінгі ер балалар ғана оқытылған. Қыз балалар жанұяда тәрбиеленген. Грамматистер мектебінде балаларды оқуға және жазуға, санауға үйретсе, киифаристер мектебінде музыкаға, ән айтуға, мәнерлеп оқуға үйреткен. «Иллиада» және «Одиссея» шығармаларымен танысқан. Бұл мектептердегі мұғалімдерді дидаскал деп атаған. (грек сөзі «дидаско» – үйретемін), ал мектептерге баланы алып келіп, сабақтан соң алып кететін құлды педагог атаған. Педагог – грек сөзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді. Ежелгі Грецияда 13 жастағы балаларды грамматистер және кифаристер мектептрінен кейін палестраға ауыстырған. Палестра - күрес мектебі деген мағынаны білдіреді. Мұнда 2-3 жыл бойы балалар гимнастикамен шұғылданған. Ондағы мұғалімдерді педотриба деп атаған. Педотрибалар күресуге, секіруге, жүгіруге, диск пен найзаны лақтыруға, жүзуге үйреткен. Cпартада мемлекеттік тәрбие жетекшілерін педоном деп атаған. Педономдар тек ақсүйектердің арасынан сайланған. Міндеті - тәрбиешілердің құлықтық іс-әрекетін, дене жаттығуларын бақылау және оларды жазалау.
Педагогика тарихында белгілі педагогтар:
Достарыңызбен бөлісу: |