Педагогика факультетінің деканы


Ян Амос Коменский (1592-1670)



бет45/63
Дата21.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#63139
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
Педагогика факультетіні деканы

Ян Амос Коменский (1592-1670), гуманист-ойшыл, педагог. Чехия.

Оңтүстік Моравияда протестант жанұясында дүниеге келіп, ата-анасынан ерте айырылған. Чех ағайындылары атты діни қоғамдастықта тәрбиеленіп, сонда бастапқы білімді алған. Қабілетті жас жігіт Херборн және Гейдельберг университетіне (Германия) оқуға жіберіледі. Осында оның педагогикаға деген бағыты анықталады. Чехияға оралған соң ағайындылар мектебінде сабақ бере жүріп, діни қызметкері болып тағайындалады. 30 жылға созылған соғыс, діни қуғын-сүргін оның басқа чех адамдары сияқты тау арасында тығылып жүруге, соңынан 40 жыл бойы басқа елдерде жүруге мәжбүр етті: Польша, Англия, Швеция, қайтадан Польша, Венгрия, Польша, Голландия. Бірақ оған қарамастан, қай жерде болсын педагогикалық қызметпен айналысуын тоқтатқан жоқ. Педагогикалық еңбектерін жазып, әлемге атағы жайылды. Коменскийдің еңбектерінде (теориялық зерттеулер, оқулықтар, өсиет, әдістемелер, оқытуға арналған пъесалар және т.б.) оның педагогикалық жүйесінің негіздері берілген. Олардың жалпы саны 80-ге жетеді.

Я.А.Коменский оқыту жайындағы теорияға мынадай анықтама береді: «бұл бәріне барлығын үйретуге арналған өнер». Ол ең алғаш оқыту мен тәрбиенің заңдарын, табиғитқа сәйкестік принципін, сынып-сабақ жүйесінің теориялық негізін белгілейді.

Коменскийдің айтуынша, мектептің басты мақсаты – балаларды нағыз адам етіп тәрбиелеу.



Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі.

Әрбір адамның белгілі мамандыққа иелігі оның іс-әрекеті мен ойлау бағыты ерекшелігінен көрінеді. Е.А.Климов ұсынған жіктеу бойынша, педагогикалық мамандықтың пәні басқа адам болып табылатын мамандықтар тобына жатқызылады. Бірақ педагогикалық мамандықты басқа мамандықтардан оның өкілдерінің ойлау бағыты, борыш пен жауапкершілігін сезіну арқылы анықтайды. Осы сипаттарына байланысты педагогикалық мамандықты ерекшелейді. Оның басқа «адам-адам» құрылымды мамандықтардан айырмашылығы – ол өзгертушімен қатар, басқарушы сипатқа ие. Оның мақсаты тұлғаны қалыптастыру және өзгертумен қатар, педагог оның интеллектуалды, эмоционалды және дене даму процестерін басқаруы тиіс.



Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.

Білім беру саласында мамандықішілік саралануға бағытталу байқалады. Бұл еңбекті ажыратудың заңды процесі. Педагогикалық қызмет түрлерінің оқшаулану процесі тәрбие процесі сипатының «күрделенуімен» белгіленеді. Бұл өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруімен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың жетістіктерімен түсіндіріледі.

Жаңа педагогикалық мамандықтың пайда болуына әкелетін тағы бір себеп – бұл квалификацияланған оқыту мен тәрбиеге сұраныстың көбеюі.

Педагогикалық қызметтің мәні, мақсаты.

Педагогикалық қызмет – бұл әлеуметтік қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай тудыруға және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольді орындау үшін дайындауға бағыталған.

Бұл қызметті педагогтармен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары да атқарады. Бірақ педагогтар бұнда кәсіби қызмет тақарса, қалғандары – жалпыпедагогикалық қызметке ие. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында жүргізіледі: мектепке дейінгі орындар, мектеп, кәсіби-техникалық училищелер, арнайы орта және жоғары оқу орындары, қосымша білім беру, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орындары.

Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымына талдау жүргізу қажет. Оның құрылымы мақсат, мотив, іс-әрекет, нәтиженің бірлігінен тұрады.



Педагогикалық қызметтің негізгі түрлері - оқыту мен тәрбиелеу.

Педагогикалық қызметтің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу. Оқыту – бұл оқушының танымдық белсенділігн басқаруға бағытталған мұғалімнің әрекеті. Тәрбиелеу – бұл тәрбиелік ортаны ұйымдастыру және тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін түрлі іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған педагогикалық қызмет. Олар өзара байланысты және бір-біріне бағынышты. Бұл оқыту мен тәрбиенің бірлігі идеясының көрсеткіші. Оқыту және тәрбиелеу бір процестің екіжақты сипаттамасы. Олардың арасындағы шекараны белгілеу мүмкін емес. Сондықтан олар біртұтас процесс ретінде қарастырылады.



Педагог тұлғасының негізгі кәсіби маңызды қасиеттері.

Мұғалім тұлғасының жеке ерекшеліктеріне педагогикалық процесс те, тәрбие жетістігі де бағынышты. Мұғалімді негізінен педаггикалық бағытталу ерекшелейді. Мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметте бірізділікпен жүйелілілікті, өз еңбек нәтижесін дұрыс бағалау қабілетін талап етеді. Мұғалім баланың шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына сенуі қажет. Педагог оптимистік көзқарасқа ие болуы тиіс. Оптимистік көзқараста болуы үшін гуманистік баығтталу қажет. Бұл:



    • баланың жақсы қасиеттеріне сену және сүйену;

    • балаларға деген сүйіспеншілік;

    • балаға тіл тигізуден аулақ болу және т.б.

Мұғалім мінезіндегі салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі ситуацияларда шыдамдылық, жинақылық, төзімділік, бірқалыптылық танытуға міндетті.

Педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыру технологиясы.

Педагогикалық қарым-қатынасты орнату технологиясы педагогикалық мақсатқа сәйкес педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынастарын белгілеуге тәуелді.

Мектептегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынастары – бұл өндірістік, саяси, құқытық, моральдық қарым-қатынастар жүйесімен белгіленетін, білім беру міндеттерін шешуге бағытталған өзара әрекеттесу.

Мектептегі педагогтар мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынастар нормасы – гуманды немесе педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет