3. Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Даму психолоиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психолоияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясыың зе рттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы – даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы- педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.
Даму психолоиясы психологияның басқа да салаларымен ( еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т.б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т.б. байланысты.
Жас ерекшелік психологиясының қысқаша тарихы.