4
Түсіндірмелік жазба
Мектепке дейінгі және мектепте білім беру ұйымдары жанындағы
логопедиялық пункттердің қызметін ұйымдастыру бойынша әзірленген
әдістемелік ұсынымдардың өзектілігі мен қажеттілігі логопедиялық
пункттердің жұмыс тәртібі мен қызметін реттеуші нормативтік-нұсқаулық
және әдістемелік құжаттардың болмауымен негізделген. 2013 жылға дейін
логопунктердің қызметі қазіргі кезде өз күшін жоғалтқан ҚР Білім және
ғылым министрлігінің 3.09.2004 жылы №712 Бұйрығымен бекітілген (ҚР
Білім және ғылым министрлігінің 4.07.2013 ж. ю№258 Бұйрығы)
логопедиялық пункттерді ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелермен
анықталады.
Логопедиялық пунктердің қызметі ҚР Білім және ғылым министрлігінің
14.02.2017ж. №66 Бұйрығынан көрініс алады. Алайда логопункттер саны
мен қызметі білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларға арналған
арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдары желілерін дамыту жөніндегі
ҚР Білім және ғылым Министрлігінің, облыстық білім басқармаларының
есептерінде беріледі.
Қазіргі кезде Қазақстанда білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие
балаларға түзеу-дамыту көмегін көрсететін 951 мектепке дейінгі және
мектептегі логопедиялық пунктер жұмыс жасайды. Логопедиялық пунктер
жұмысының тәртібі мен мазмұнын анықтайтын нормативтік-нұсқаулық және
әдістемелік құжаттардың болмауы олардың қызметтерін айтарлықтай
қиындатады, білім алуда ерекше қажеттіліктерге ие балаларға логопедиялық
көмек көрсету жұмыстарының тиімділігі мен сапасын төмендетеді.
Әзірленген әдістемелік ұсынымдар Қазақстандағы мектепке дейінгі және
мектептердегі логопунктердің нормативтік-нұсқаулық және әдістемелік
қамтамасын жақсартуға ықпал жасайды .