Тұтас педагогикалық процестің сапасы мұғалімнің жалпы дайындығына, педагогикалық біліміне және әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Мектепте мұғалімдер үшін педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың дербес және ұжымдық формалары пайдаланылады.
1. Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді, дидактиканы, тәрбие теориясын және пән бойынша әдістемелік, ғылыми педагогикалық әдебиеттерді мұғалім зерттеп оқиды. Ол проблемаларды өз еркімен таңдап алады, өйткені қай пролемалардың өте қажет екендігі оған белгілі.
2. Арнайы тақырыптар бойынша әдістемелік ұсыныстар, әдістемелік оқу құралдарын жасау, оқу–тәрбие жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыруға байланысты өз тәжірибесінен баяндама жазып, ауданда, облыста, республикада өткізілетін ғылыми–практикалық конференцияларға, “Педагогикалық оқулықтарға” белсенді қатысу.
3. Пән бойынша оқулықтар жазу, түрлі сайыстарға қатысу.
Дербес педагогикалық және әдістемелік жұмыстардың ішінде түрлі сайыстар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасында жыл сайын “Жыл мұғалімі” сайыстарын өткізу дәстүрге айналды. Сайыстарға қатысушы әрбір мұғалім балаларға білім және тәрбие саласында, өзінің білімін, іскерлегін көрсетуге оқытудың, тәрбиенің теориясы мен практикасына сүйеніп дәлелдеуге тырысады.
Мұханова “Информатик және білім беру” Халықаралық ЮНЕСКО конгресінің мәліметтерінен сәтті компьютерлік бағдарламалардың жоқтығын байқады. Осы жағдайды ескеріп 1990 жылы қыркүйек айынан бастап, өз мектебінде “Информатика негіздері және есептеу техникасы” курсын IX және X сыныптарда және “Бағдарламалау” курсын XI – сыныпта зерттеу үшін эксперимент бастады. Экспериментті ҚУВТ – 86 машиналарымен жабдықталған кабинетте өткізді. Осындай жемісті істің нәтижесінде С. Мұхановтың “Компьютер в школе” “Дань мод. Или необходимость” атты шығармашылық жұмысы пайда болды.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – балаларды ақпаратты жөндеуге, есептер шығаруға, адамдармен қарым–қатынас жасауға, қоғамда болып жатқан өзгерістердің мәніне түсінуге үйрету қажет болады.
Мұндай жұмыстар мұғалімнің ғылыми – педагогикалық деңгейін көтереді, шығармашылық шеберлігін арттырады және өз бетімен білім алуының құрамды бөлігі болады.