Педагогика вн блок indd


-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет16/153
Дата24.12.2021
өлшемі3,58 Mb.
#128554
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153
Байланысты:
педагогика китап

1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны
15
Оқушылардың  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыру 
мақсаты  –  табиғатты  сақтау  және  қорғау  жауапкершілігін 
арттыру, адам мен қоғамның табиғатқа тигізетін ықпалы-
ның тетіктерін ғылыми негізде білу; табиғатқа қатысты 
экологиялық  құндылық  бағдар,  қалып,  ереже,  дағды-
ларды біліп, оны қорғау. Оқушыларды табиғатты қорға-
удың  әдістерімен  және  табиғат  байлықтарын  пайдалану 
құқықтарының үлгілерімен таныстыру.
Эстетикалық  тәрбие  жаратылыстану  пәндерін  оқыту  ба-
рысында, табиғат құбылыстарын бақылау арқылы қалып-
тасады. Табиғат аясына экскурсия, серуен құру, оқушылар-
дың  сұлулықты  қабылдау  сезімін,  қиялын,  бейнелі  ойлау 
қабілетін арттырады.
Тәрбиешілер оқушының эстетикалық сезімі мен талғамын 
оятып,  жетілдіру  үшін  жазушылардың  табиғат  сұлулығын 
бейнелейтін көркем шығармалары мен өнер туындыларын  
кеңінен  қолдануының  маңызы  ерекше.    Мәселен,  көркем 
шығармалардың  ішінен  табиғат  сұлулығын  суреттейтін  
мәтінді тауып оқу, өздері ұнататын табиғат туралы көркем 
материалдарды  жазып  алу,  табиғат  мезгілдерін  суреттеу, 
табиғат  аясындағы  өзінің  іс-әрекетіне  мән  беріп  ойлану, 
табиғатты  қорғау,  табиғат  сұлулығын  сезініп,    оны  өлең, 
шығарма, сурет арқылы бейнелеу.
«Адамгершілік»
 сөзі өзінің бастапқы  «адамдық» сөзінен 
алынады. Латын тілінде адамдық сөзі  /moralis/ – мораль. 
«Адамдық»  –  бұл,  өзінің  күнделікті  іс-әрекетінде,  өзінің 
мінез-құлқымен  адамдармен  қарым-  қатынасқа  түскенде 
қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет