2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары
28
етуі туралы мәлімет алу үшін оларды ғылыми модельдеу
үшін жиі қолданылады.
Модельдеу баламалы шарттардың
және іс-әрекет
жоспарларының болжамды шынайы әсер-
лерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ модель-
деу нақты жүйе, оған қол жеткізу мүмкін болмауына байла-
нысты қолданыла алмаған жағдайда немесе оның
қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жа-
салып жатқанда немесе мүлде жоқ болғанда қолданылады.
2.2 Оқыту әдістері мен технологиялары
Педагогикалық ғылым әдістері:
- теориялық (интерпретация, түсіну, анализ, синтез, мо-
дельдеу, аналогия, индукция, дедукция, салыстыру, талдап
қорыту, рангілеу, жіктеу, монографиялық әдіс және т.б.);
- эмпирикалық (бақылау, контент-анализ, тәжірибемен
танысу, эксперимент, сауалнама және т.б.);
- социометрикалық (рейтинг, шәкілдеу (шкалирование
)
,
полярлық сала әдісі, тестер және т.б.).
Кез келген ғылым шынайылыққа, практикаға нақты сәй-
кес келетін білім элементі болып саналатын фактілерді
зерттейді.
«Факт»
термині қарапайым түсініктемеде
болған, орындалған жайт дегенді білдіреді. Педагогикалық
теориялар негізінде эмпирикалық материал ретінде қара-
латын фактілер жатыр.
Педагогикалық факт
– педагоги-
калық қатынас. Оның негізінде көбінесе адамды өзгертуге
деген құлшыныс жатады, оның ішкі позициясын, іс-әрекеті
мен мінез-құлқын, сонымен қатар тұлғаны қалыптасты-
|