5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
№1 дәріс тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістер мәселесі
Инновациялық ізденістердің көкейкестілігі және педагогикалық инноватика.
Педагогикалық жаңалық және педагогикалық жаңа түзілімдер.
Педагогикалық инновация және новатор-модернизаторлар.
Жаңа педагогикалық технологияны оқыту процесінде пайдалану қажеттіліктен туындайды. Ғылыми – техникалық даму ғасырындағы жаңа қажетті жағдайдың бірі – интелектаулдық, шығармашылық, гуманды жас ұрпақты тәрбиелеу. Даму педагогикалық оқыту процесінің негізгі, терең мағыналы мәніне айналды.
Кез – келген педагогикалық технологияның философиялық және педагогикалық – психологиялық әдістемелік негізі болады. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым – қатынаста тепе – теңдік позициясы мен жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Қазіргі кезде педагогикалық оқыту технологиялары пайдалану қажеттілігінің жоғарылауына байланысты педагогикалық оқыту технологияларын қанағаттандыруға тиісті бірнеше талаптар анықталды:
Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұранысына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияларын таңдай білу қажет;
Оқыту технологияларының түрлерімен танысу, оған қойылатын талаптарды ескеру, олардың білім парадигмаларына сәйкес келуі, оқыту процесін технологияландыру, осы принциптерге сәйкес бағдарламаларын жасау жұмыстарында қарастырылады.
Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі:
мақсаттың уақыт талабына сай болуы;
технологияның оқытушыға да, оқушыға да пайдалануға ыңғайлы болуы;
технологиялық құралдар мен дидактикалық материалды бірге пайдалану мүмкіндігінің болуы;
оқу іс-әректінің нәтижеснің жоғары сапалы болуы;
оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
оқу поцесінде қарым-қатынсатың еркін болуы;
оның үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осыған орай, білімінің мазмұны да, оған қойылатын талаптары да өзгереді. Сол себепті қазір мектептерде де оқытудың жаңа технологиялары қолданыла бастады. Онсыз жаңа сатыға көтерілу, білім сапасын арттыру әсте мүмкін емес. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық жүйе негізінде студенттердің белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымды – шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік – сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс – тәсілдерімен анықтауға, сабақта, сабақтаны тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.
№2 дәріс тақырыбы: Қазіргі оқытудың инновациялық технологияларына теориялық сипаттама.
Шет ел және отандық әдебиеттердегі «оқыту технологиялары» ұғымы.
Оқыту технологияларының классификациясы.
Инновация түріне сай оқыту технологияларын қолдану мәселесі.
«Технологияға» анықтама берейік. Бұл жерде осы «педагогикалық технология» мәніне ие болып тұр. Оның мағынасын түсінуіміз үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» сөзінің екі мағынасы бар.
1. Өндірістік құралдарының жиынтығы
2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі ( ілім) деген мағынаны
білдіреді. Шын мәнінде, білім беру саласындағы технологиялық идеялар жаңадан пайда болды деу ағаттық. Оқыту технологияландыру туралы ойды осыдан 400 жыл бұрын Я.Коменский айтқан екен.
Интерактивті технология әдістеріне мыналар жатады:
а) эвристикалық әңгіме б) пікірсайыс әдісі в) «миды шабуылдау» әдісі
г) «дөңгелек үстел» д) «іскерлік ойын» әдісі және т.б.
Г.В.Селевко «педагогикалық технология» үш жағын белгілейді:
- ғылымилық: педагогикалық технология – оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін жасайтын, педагогикалық үрдісті жобалайтын, оларды зерттейтін педагогика ғылымының саласы;
- үрдісті-сипаттаушы: үрдісті сипаттау (алгоритмі), оқытудың жоспарланған нәәтижесіне жетуде қолданылатын мақсат, мазмұн, әдіс-құралдар жиынтығы;
- үрдісті – іс-әрекеттік: технологиялық (педагогикалық) үрдісті жүзеге асыру, барлық тұлғалық, құралдық және әдіснамалық педагогикалық құралдардың жұмысы.
Отандық педагогикада «педагогикалық технология» ұғымы оқыту және тәрбиелеу үрдісінде бірдей қолданса, шетелдік педагогикада ол тек оқыту саласымен шектелген.
Білім беру практикасында «педагогика технология» ұғымы үш өзара бағынышты деңгейде қолданылады;
Жалпыпедагогикалық (дидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпытәрбиелік). Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ әдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік алгоритмі енеді.
Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл «жеке әдістеме», яғни бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру да қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығы (мысалы, оқу пәндерін оқыту әдістемесі және т.б.)
Модульдік деңгей: бұл оқу-тәрбие үрдісінің кейбір бөліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу (іс-әрекеттің бір түрінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру технологиясы және т.б.)
Педагогикалық техънологияның негізгі құрылымдық бөліктері:
Тұжырымдамалық негізі;
Оқытудың мазмұндық бөлігі:
оқытудың мақсаттары – жалпы және нақты;
оқу материалының мазмұны;
үрдістік бөлік – технологиялық үрдіс:
оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен формалары;
мұғалім жұмысының әдістері, формалары;
материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалім әрекеті;
оқу үрдісін диагностикалау.
Кез-келген педагогикалық технологияға қойылатын негізгі әдіснамалық талаптар:
тұжырымдамалық негіздің болуы. Кез-келген педагогикалық технологияға белгілі білім ғылыми тұжырымдама тән. Оған білім беру мақсаттарына жетудің философиялық , психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемесі енеді.
Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйеге тән барлық қасиеттерге ие болуы тиіс: үрдістің логикасы, барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы.
Басқарушылық сипаты. Оқу үрдісін жобалау, жоспарлау, диагностикалық мақсаттар қою, нәтижені түхзетук мақсатында әдіс-тәсілдерді, құралдарды өзгерту.
Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайында өмір сүргендіктен, нәтижесі бойынша тиімді, шығындары бойынша үнемді, оқытудың белгілі білім стандарттарына жетуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
Қайта өндірілуі. Педагогикалық технологиялар білім беру орындарында түрлі субъектілердің қолдана алу (қайталау, қайта өндіру) мүмкіндігі.
№3 дәріс тақырыбы: Технологияны оқыту. Технологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері
Технологиялық оқыту – даралап және деңгейлік саралап оқытудың құралы.
Технологиялық оқытуды ұйымдастыру.
Технологияны оқыту бойынша оқу жоспарын құру принциптері
Технологиялардың жіктелуі.
Педагогикалық технологияларды жіктеу мәселесі В.Г. Гульчевская, В.П.Беспалько, в.Т.Фоменко, Г.К.Селевко және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогикалық, жеке әдістемелік (пәндік) және модульдік технологиялар.
Философиялық негізі бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми (сциентикалық), діни; ізгілікті, ізгілікті емес; антропософиялық, теософтық; прагматикалық экзистенциалистік, еркін тәрбиелеу және зорлау; және т.б.
Психикалық дамудың басым факторы бойынша: биогенді, социогенді, психогенді және идеалистік технология. Тұлға - бұл биогенді, социогенді, психогенді факторлар әсерінен туындайтын нәтиже, нақты технология олардың тек біреуін есепке алып, оны негізгісі ретінде көрсетуі мүмкін.
Тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы; бихевиористік, гештальттехнологиялар, интериоризаторлық, дамытушы, нейролингвистикалық бағдарламалау және суггестивті.
Тұлғалық құрылымдарға бағытталуы бойынша: ақпараттық технология (пәндер бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыру); операциялық (ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру); эмоционалдық-көркем және эмоционалдық құлықтық (эстетикалық және құлықтық сапаларда қарым-қатынастарды қалыптастыру); өзін-өзі дамыту технологиялары (тұлғаның өзін-өзі басқару механизмін қалыптастыру(; эвристикалық (шығармашылық қабілеттерді дамыту) және қолданбалы (іс-әрекеттік, практикалық саланы қалыптастыру).
Мазмұн мен құрылым сипаты бойынша: оқыту және тәрбиелеу; зайырлы және діни, жалпы білім беретін және кәсіби-бағдарлы, гуманитарлық және технократтық, кешенді (политехнологиялар) және аралас технологиялар. Монотехнологияларда оқу-тәрбие үрдісі бір басым идея, ұқстаным, тұжырымдамаға негізделсе, политехнологияда – бірнеше технологиялардың бірігуі. Басқа технологияларға жиі енгізілетін технологиялар, олардың элементтері аралас технологиялар деп аталады. Олардың рөлі – катализатор (жеделдеткіш), белсендендіргіш.
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және басқару бойынша ажыратылған (оқушылардың іс-әрекеті бақыланбайды, нақтыланбайды), циклді (бақылау, өзін-өзі бақылау, өзара бақылау), бейтарап (фронтальды), бағытталған (жеке), қолмен жұмыс (вербальді(, автоматтандырылған (оқу құралдарының көмегімен).
Аталған қасиеттерге сәйкес технологиялардың мына түрлері ажыратылады (В.П.Беспалько):
1 – дәстүрлі дәрістік оқыту;
2 – аудиовизуальды техникалық құралдар көмегімен оқыту;
3 – «кеңесші» жүйесі;
4 – оқулық көмегімен оқыту;
5 – «шағын топтар» жүйесі;
6 – компьютерлік оқыту;
7 – «репетитор» жүйесі;
8 – «бағдарламалы оқыту».
№4 дәріс тақырыбы: Оқытудың инновациялық технологияларының білім беруді модернизациялау контекстінде дамуы.
Білім беруді модернизациялау тұжырымдамасы.
Білім берудің педагогикалық технологиялары.
Педагогикалық технологияда баланың позициясы, білім беру үрдісінде ересектердің балаға деген қарым-қатынасы өте маңызды орын алады. Осы көрсеткіш бойынша технологияның типтері мынадай:
Авторитарлы технологиялар (субъект-объектілі қарым-қатынас, талап қою мен зорлаудың басылымдылығы);
Дидактоцентрикалық (субъект-объектілі қарым-қатынас, негізгі мақсат – оқыту, тұлғаны қалыптастыру құралдары- дидактикалық құралдар);
Тұлғалық-бағдарлы (бастысы – бала тұлғасы, оның табиғи әлеуетін дамыту. Бала тұлғасы – білім беру субъектісі, мақсаты оларды антропоцентрикалық деп те атайды).
Тұлғалық бағдарлы технологияға:
Антропоцентрикалық,
Гуманистік
Психотерапевтикалық бағыттар тән.
Мақсаты – жан-жақты дамытылған, еркін, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Тұлғалық бағдарлы технологиялар түрлері:
ізгіліктік-тұлғалық технологиялар – ізгіліктік мәнге ие, тұлғаға психотерапевтикалық қолдауц көрсету, көмек беру. Идеясы – баланы жан-жақты құрметтеу, жақсы көру, оның шығармашылығына сену.
ынтымақтастық технологиясы демократизмді, педагог пен баланың субъект-субъектілі қарым-қатынасындағы теңдік, жолдастық.
еркін тәрбиелеу технологиясы. Балаға таңдау және өз бетімен жұмыстану еркіндігін беру.
эзотериялық технология – «ұғынылмайтын» санаасты, эзотериялық білім жайындағы ілімге негізделген – шындық және оған апаратын жолдар. Педагогикалық үрдіс – бұл шындықты айту емес, оған ену, жақындау.
Оқытудың тәсілі, әдісі, құралы бойынша: догматикалық, репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті, бағдарламалы оқыту, проблемді оқыту, дамыта оқыту, өзін-өзі дамыта оқу диалогтық, коммуникативтік, ойын, шығармашылық және т.б.
Оқушылардың категориясы бойынша:
көпшілік (дәстүрлі) мектеп технологиясы, орташа оқушыға есептелген;
алдыңғы деңгейлі технологиялар (пәндерді тереңдетіп, оқыту, гимназиялық, лицейлік, арнайы білім беру және т.б.;
орнын толтыра оқыту технологиясы (педагогикалық түзету, педагогикалық қолдау және т.б.);
түрлі виктимологиялық (сурдо-, орто-, тифло-, олигрофренопедагогика);
мектеп аясында ерекше балалармен (қиын балалар, дарынды балалар) жұмыс жасау технологиясы.
Дәстүрлі жүйені модернизациялау бағыты бойынша:
Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру және демократияландыру негізгі педагогикалық технологиялар – іс-әрекетке бағытталу, тұлғалық қарым-қатынастардың басымдылығы, жекелеу тұрғысы, демократиялық басқару, мазмұнның айқын ізгіліктік сипаты тән. Олар: ынтымақтастық педагогикасы, Ш.А.Амонашвилидің ізгіліктік-тұлғалық технологиясы, адамды қалыптастырушы пән-әдебиетті оқыту жүйесі (Е.Н.Ильинаның) және т.б.
Оқушылардың іс-әрекеттерін белсендендіру және интенсификациялау (жеделдету) негізіндегі педагогикалық технологиялар: ойын техөнологиялары, проблемді оқыту, В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың коммуникативті оқыту технологиясы.
Оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технологиялар: бағдарламалы оқыту, саралап оқыту, жекелеп оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, компьютерлік (ақпараттық) оқыту технологиялары.
Оқу материалын әдістемелік және дидактикалық қайта құру негізіндегі педагогикалық технологиялар: дидактикалық бірліктерді үлкейту (П.М.Эрдниев), В.С.Библердің «Мәдениеттер диалогы» технологиясы, Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» технологиясы, М.В.Воловинтің ақыл-ой әрекеттерін деңгейлі қалыптастыру теориясын жүзеге асыру технологиясы және т.б.
Табиғатқа сәйкестік технологиясы, халық педагогикасының әдістерін қолдану, баланың табиғи дамуына негізделген технологиялар: Л.Н.Толстой бойынша оқыту, М.Монтессори технологиясы және т.б.
Альтернативті: Р.Штайнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы, және т.б.
№5 дәріс тақырыбы: Интерактивтік әдістерді қолданудың теориялық негіздері
1.«Интерактивтік оқыту» ұғымы
2.Интерактивтік оқыту үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
«Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан. «Inter»-бұл өзара, «act»-әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Интерактивті сөзі бұл бір нәрсемен ( мысалы, компьютермен немесе біреумен, адаммен әңгімелесу) диолог түрінде өзара әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді. Сонымен, интерактивтік оқыту- бұл ең алдымен мұғалім мен студенттердің өзара әрекеті жүзеге асырылатын диалогтық оқыту, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Оның өзінің нақты және болжаған мақсаттары болады. Оның мақсаттарының бірі -оқыту үрдісін жемісті ететін студенттердің өзінің интеллектуалдық деңгейін, табыстылығын сезінуге және оқытуда жағымды жағдай жасау.
Оқу процесіндегі өзара әсердің жаңа мазмұнын бере алатын анықтаманы іздестіру барысында интерактивті оқыту термині пайда болды. Бұл шын мәнінде педагогикалық қарым – қатынастың мәнін, мазмұны мен құрылымын, оңтайландыруға қабілетті екендігін көрсетті. Интерактивтілік ұғымы «символикалық интеракционизм» (Г.Блоуберг, Дж.Г.Мид, Р.Сирс, т.б.), яғни адамдар арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз сұхбат (диалог) ретінде қарастыру деген сөз. Мұндай тікелей диалог бүгінгі күні ерекше мәнге ие болып отыр. Көптеген негізгі әдістемелік инновациялар.
«Интерактивтің» негізгі ерекшеліктері қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың бірі – студент өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете алатындай жағдай тудыру болып табылады және бұл оқыту процесінің нәтижелі болуына әсер етеді. Оқы процесіндегі интерактивтік әрекет диалогтың қарым – қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Өзара түсінісу, өзара әсерге бірлесіп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Диалогтық оқыту нәтижесінде сыни ойлауға, күрделі мәселелерді талдау негізінде шешуге, балама пікірлер айтуға, дискуссияға қатынасуға, басқа адамдармен қарым – қатынас жасауға үйренеді. Бұл үшін сабақ кезінде жеке, жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылады, зерттеу жобалары, рольдік ойындар қолданылады, әртүрлі құжаттар мен ақпарат көздері мен шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
Интерактивті оқытудың мәні оқыту үрдісін барлық студенттер таным үрдісіне тартылып, өздері білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру.
Интерактивті оқыту жеке студенттермен жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Мәселен, педагогика сабағында интерактивті әдістерді қолдану кезінде студенттерді топқа бөліп, оларды белсенді әрекет етуге, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйретуге болады. Екі студенттің сұхбатына үшіншісі де араласуына болады. Ол қарсы топтың студенті болуы да мүмкін. Қарсы топтан болғандықтан, ол сұхбатқа өзінің сұрағымен немесе екі студенттің сұхбатында айтылмаған тақырыпқа қатысты тың дерегімен қатыса алады. Мұны полилог деп атайды. Бұл өзге тілді үйренуді жеңілдетеді, оқу процесінде кездескен қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Сонымен қатар бұл әдіспен өткізілген сабақта мұғалім әр студентке жеке көңіл бөле алады. Себебі әрбір студенттің жеке өзіне ғана бөлінген тапсырмасы болады. Мұнда әрбір студент өз жұмысының нәтежелі болуын көздейді. Сөйте тұра, олар жұп болып, топ болып жұмыс істейтіндіктен, біріккен әрекеттерінің жеткілікті болуын да мақсат етеді. Сондықтан білімі төмен студенттер озат студенттерден кей жерлерде тапсырманың орындалу барысынан көмек алса, ал озат студенттер топтық әрекетте артта қалмау үшін тілді нашар білетін, я білімі төмен серіктесіне көмек береді. Осылайша интерактивті әдіс студенттерге мәселені бірігіп шешуді үйретеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, әрі қызық, әрі тиімді. Интерактивті әдіс барысында олар мәселені бірігіп шешіп қана қоймай, бірлесуге, ұйымдасуға бейімделе отырып, оқып үйренуге тырысады. Бұл оқытудың тәрбиемен бірлікте жүруіне алғы шарт қалыптастырады.
Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, студент белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп,онда студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын студент пен студенттің арасында болатын интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады: мақсат қою, жұмысты жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау.
Ал интерактивті оқытудың мақсаты-оқу процесінің барлық сатысында бірлескен әрекетке жағдай жасау. Әр студентті жеке тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету. Әрқайсысын өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру.
Интерактивті оқыту әдістеріне студенттерді білім алу және оны өңдеуге жағдай жасайтын әдістер жатады. Олардың ішінде белгілілері-«Үлкен шеңбер», «Өзара» (междусобойчик) , «Аквариум», «Ми шабуылы», «Дебат», «Мозайка», «Пікірталас жургізу әдістемесі», «Рольдік пікірталас», «Психологиялық- педогогикалық консилиум» және т.б.
Мамандар интерактивті оқыту үрдісіндегі мінез – құлық нормаларын төмендегіше бөлінеді:
- өзара біріккен іс- әрекетте «актерлер» мен «көрермендер» жоқ, барлығы қатысушылар;
- топтың әрбір мүшесінің сөздері тыңдауға тұрарлық;
- сөйлегенде нақты тақырып бойынша, түсінікті тілмен, артық ақпаратсыз сөйлеген дұрыс;
- егер ақпараттың кейбір жерлері түсініксіз болса, оны түсінуге бағытталған сұрақта қою керек («Мен дұрыс түсінсем?...»); тек содан кейін ғана қорытынды шығарылады;
- жеке тұлға емес, идея сыналады;
- өзара біріккен іс - әрекеттің мақсаты қандай да бір көзқарасты «жеңу» емес, мәселе бойынша түрлі пікірлерді біліп, жақсы шешім шығару т.б.;
«Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.
«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда да бар. Онда бұл термин ертеден қарастырылып келеді. Алайда кейбір әлеуметтанушы ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен әрекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым- қатынас деп түсіндіріледі. Енді бір әлеуметтенушілер интеракцияны қарым-қатынастың бір түрі деп біледі.
Педагогикада «интерактивтілік» терминінің жиі қолданылғанына қарамастан, ол теория мен практиканың жеке пәні ретінде қарастырылған емес. Әдіскер ғалымдар бұл ұғымды жан-жақты саралай келе, оны жүйе ретінде төмендегідей сипаттайды:
- екі не одан да көп қатысушының біріккен әрекеттерін талдаудың бірлігі болып табылатын дидактикалық жүйе,
- ұжымдық (топтық) іс-әрекет,
- әрекет нәтижесіне ролдік жауапкершілік,
- басқа тұлғамен субъектілік байланыс,
- тұлға әрекетінің басқа мүшелердің қасиеттеріне тәуелді болуы және оларға ықпалы,
- әрекеттің тәрбиелік сипатының субъектінің іс- әрекетінде бейнеленуі,
- субъектілердің өзара қарым-қатынасы.
№6 дәріс тақырыбы: Кредиттік оқыту жүйесінде интерактивтік әдістерді қолдану жолдары
1. Студенттердің тұлғалық дамуын жүзеге асыратын интерактивті оқыту моделі
2. Кредиттік оқыту жүйесіндегі интерактивті дәрісті ұйымдастыру және жүргізу бағыттары
Кредиттік технология жүйесінің негізі оқытушы мен студенттердің бір – біріне үлкен сенім артуында, яғни білім жөнінде сенім кредиті болу керек. Студент өз бетінше оқып келіп оған берілген білім кредитін өтеуі керек. Бұл жүйе АҚШ, Жапония сияқты дамыған елдерде енгізілген.
Қазақстанда кредиттік оқу жүйесіне көшудің алғашқы нәтежелері студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) ролін күшейту керектігін көрсетті, себебі аудиториялық сабақтардың санын тиімді түрде кеміту және мәселені студенттердің өзіндік жұмыстарына негіздеу шәкірттердің білімін өз бетінше көтеруіне және өз бетінше дамуына, сын көзқарас пен ойлау қабылеттерін арттыруына зор ықпалын тигізері сөзсіз. Студент үшін кредиттік жүйе бойынша оқытудағы ең маңызды нәрсе пәннің жұмыстық бағдарламасы (силабус) болып табылады.
Кредиттік жүйе бойынша студент бұрынғыша конспект жазбайды, оның мазмұны белсенді таратылатын материалда (БТМ) болады. Студенттің өз бетінше орындайтын жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында аудиторияда өткізілетін әрбір 2 сағатқа сәйкес студенттердің оқытушының жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысына 1 – 2 сағат бөлініп отыр. Бұл сағаттар сабақ кестесіне енеді және оқытушының журналына жазылады. Оқытудың кредиттік жүйесін енгізу экспериментінде студенттің білімін бағалау екі түрлі маңызды функция атқарады. Оның біріншісі студенттерді үлгерімі бойыншаесепке алу, екіншісі оқытудың мәнін анықтау. Студенттердің білімін тексеру мен бағалау студенттердің білімді қаншалықты игергеніне сәйкес түрде жүргізіледі, сонымен бірге оқытушының қызметінің қаншалықты нәтежелі болғанын білдіреді.
Оқудың кредиттік жүйесі бойынша курстан курсқа көшудің орташа балы әрбір жоғары оқу орнында өз бетінше анықталады.
Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларын екіге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі- лекция сабақтарына дайын болу үшін қажетті әдебиеттерді оқу, термендер мен түсіндірме сөздерден глоссарий түзу,эссе жазу т. б.
Екіншісі – әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір білім мен уақыт көлемін қажет ететін арнайы тапсырмалар. Мысалы: презентация,топтық және жобалар. Т.б. Соңғы жылдардағы практика көрсетіп отырғандай, студенттердің өзіндік жұмыс тапсымаларының көптеген түрі қолданылып жүр.
Интерактивті оқыту үрдісінде оқу диалогының сөздік емес және сөздік тәсілдерін қарастырып көрейік.
Сөздік емес оқыту тәсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады.
- визуальді
- акустикалық және т.б.
Интерактивті оқытудың сөздік тәсілдеріне мыналар жатады:
- ашық сұрақтарды қою іскерлігі біріккен « дұрыс» жауапқа алдын-ала бағытталған жауаптар емес, мәселе бойынша әртүрлі көзқарастарды айту;
- мұғалімнің өз тұғырын өзара әрекеттесуде анықтаушы ретінде емес, сонымен қатар студентерге сабақ барысында « дұрыс» және «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін бейтарап ретінде анықтауы;
- сабақтың қалай және неге жүзеге асатынын түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болды, келешекте қалай шешуге болды;
- сабақтың өту жағдайын, оның нәтежелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу.
Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс, оқу пікірсайысы (Сократтық диологтар), «ойындық жобалау, « ми шабуылы», «пікірталас», «дөңгелек үстел». Енді осы әдістерді қолданудың әдістемесін қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |