Педагогикалық факультет



бет10/26
Дата09.06.2020
өлшемі0,94 Mb.
#63260
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Тақырыбы:

  1. Аудиториядағы оқытушы рөлі.

  2. Қатынастың диалогтық формасы.

  3. Диалог.

Қазіргі кезең дидактикасы интерактивті оқыту формасы мен әдістерінің дәстүрлі оқытуда мынадай негізгі айырмашылықтарын атап көрсетеді:

Оқушылардың танымдық қызметін міндетті түрде белсенді ету;

Сабақта студенттің белсендігін мүмкіндігінше ұзақ уақытқа көтеру;

Студенттің проблемаларды шешу барысында (өз бетімен және топпен) жоғары деңгейде күш-жігер салуы;

Белсенді қызмет ету үшін эмоционалдық еріктік жағдай танытуы;

Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынаста үздіксіз тура және кері байланыстың болуы;

Мұғалім қызметінің менеджер, оқу үрдісін ұйымдастырушы, кеңесші рөліне ауысуы.

Педагогика мен білім беру тарихында оқу барысында студенттерді белсенді етудің сан-алуан әдістері мен формалары ойластырылады. Олардың кейбіреулеріне қазіргі уақытта ерекше мән берілуде (жобалау әдісі), ал кейбіреулері дәстүрлі оқыту қатарында болғанымен (эвристикалық әңгіме, зертханалық жұмыс т.б.) оларға деген қарым-қатынас өзгеріп отыр: мәселен жиырмасыншы ғасыр соңында өріс алған оқытудың ұжымдық түрі, проблемалық оқыту, авторлық мектеп т.б.

Жалпы интерактивті оқыту теориялық та, практикалық та тұрғыдан зерттеуді қажет ететін дидактка міндеттерінің бірінен саналады. Ал интерактвті оқыту формаларын, әдістерін пайдалану мұғаліммен оқушымен қарым-қатынас жағдайын аса шеберлік, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай қалайды. Педагокилық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интеративтік оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шындайтындығы дау тудырмайды. Сонымен интерактивті оқыту әдісі, тек іс-әрекеттің өзара әсерлесуі ғана болмайды, ол мұғалім мен оқушы көзқарасы тең дәрежеде шығармашылық жұмыстануда әлеуметтік тұлғаралық қарым-қатынас моделін құрайды. Интерактивті қолдану кезінде оқытушы, қарастырылап жатырған тақырыптың ашылуын танымдық белсенділігімен шектеліп, өз бетінше жібермей, бұл оқушы мен оқытушының біріккен әрекеті екенін естен шығармаған дұрыс.

11 дәріс тақырыбыПедагогикалық инновация



  1. Педагогикалық инновация туралы түсінік

  2. Жаңа педагогикалық инновация түрлері

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу - тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талаптарына сай жасалуын міндеттейді. Елімізде оқу - ағарту жүйесін қайта құру, мектеп рефомасын жасау, оқуды өмірмен байланыстыру, оқушылардың білімді өз бетімен ізденуіне үйрету және білім негіздерін демократиялық интеграциялық ұстанымдарға орайлас әр баланың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытып-тәрбиелеу талап етілуде.

Соңғы жылдары дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесін елеулі өзгерту қажеттігі жайында мәселе көтеріліп, онда білім берудің «стандарттың» ұсыну басты нысанға алынды. Білім стандарты - әр бір шәкірттің зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін бағдарлама.

Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.

Қазір кез-келген пәнді оқытуда пәнаралық байланыс арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Осы тұрғыда оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құныдылқ жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұғалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады.

Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік бағалауы. (Бұл бақлауды жұптың өзара бақылауына да жаратуға болады).


  1. Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары.

  2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары.

  3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары, т.б.

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды).

  1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта, жоғары.

  2. Жаңа тақырыпты өмір мен байланыстыра айтуы (қосымша материалдар, БАҚ жаңалықтары): төмен, орта, жоғары.

  3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б. төмен, орта, жоғары.

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. [31;28-29]

Бұл бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б.

Осындай қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады. Нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Бала өзін тұлға деп сезінеді. Мұғалім де, оқушы да тұлғаны тану және таныту жолында қызмет жасайды.

Қазіргі кезде қарым-қатынас үрдісне негізделген оқыту – интерактивті оқытуға үлкен көңіл бөлінуде. Оқыту үдісі тиімді болу үшін қарым-қатынастың үш жағыда қатысуы қажет: 1) ақпараттық (ақпараттың берілуі және сақталуы); 2) интерактивті (біріккен іс-әрекетке өзара әсердің ұйымдастырылуы); 3) перцептивті (адамның басқа адамды қабылдауы және түсінуі).

Қазіргі кезде интерактивті оқыту 2 бағытта жүзеге асырылып жүр.


  1. «Қарым-қатынас мәдениеті», «Риторика», «Біз адамдар арасында өмір сүреміз», т.б. арнайы оқу курстарын ендіру.

  2. Оқу жағдаяттарын банша пайдалану, студенттер үшін «қарым-қатынас алаңын» құру.

Интерактивті оқыту үрдісінде оқу диалогының сөздік емес және сөздік тәсілдерін қарастырып көрелік.

Сөздік емес оқыту тәсілдері төмендегідей жағдайлармен анықталады:

-визуальды;

-акустикалық және т.б.

Интерактивті оқытудың сөздік тәсілдеріне мыналар жатады:

-ашық сұрақтарды қою іскерлігі (біріккен «дұрыс» жауапқа алдын ала бағытталған жауаптар емес, мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды айту);

-мұғалімнің өз тұғырын өзара әрекеттесуде анықтаушы ретінде емес, сонымен қатар оқушыларға сабақ барысында «дұрыс» және «бұрыс» көзқарастарды ешқандай қорқынышсыз айтуларына мүмкіндік беретін бейтарап ретінде анықтауы;

-сабақтың қалай және неге жүзеге асатынын түсінуге көмек беретін сабақты өзіндік талдауға дайындық, қай жерде өзара әрекеттесу «тоқырап» қалды, бұл қандай жағдаймен байланысты болды, келешекте қалай шешуге болады;

-сабақтың өту жағдайын, оның нәтижелігін қадағалауға мүмкіндік беретін ескертулерді тіркеу.

Интерактивті оқыту әдістерінің түрлері: топтармен жұмыс; оқу пікірсайысы; «Сократтық диалогтар»; ойындық жобалау; ми шабуылы; пікірталас; дөңгелек үстел. Енді осы әдістерді қолданудың әдістемесін қарастыралық.

Топтағы жұмыс немесе «Өзаралық». Топ төрт адамнан тұратын топшаларға бөлінеді. Әрбір топша аудиторияда өздерінің тиесілі орнын табады.

1-кезең. Жеке жұмыс. Педагог көлемі жағынан кең тапсырма береді, яғни, оқушылар оқулықтың 3-4 тақырыпшадан тұратын материалын оқып, қысқаша мазмұнын жазады. Бұл тапсырманы дайындауға және өткізуге 15-20 минут уақыт беріледі.

2-кезең. Жұппен жұмыс. Әрбір топша мүшесін өзіндік шартты белгімен бейнелейміз: төрт адам – алфавиттің төрт әрпімен А,Б,В,Г деп белгіленеді. Екінші кезеңде әрбір қатысушы өзіне серіктес таңдайды. Мысалы, А-Г, В-Б. Тапсырма мазмұны өзгермейді. Бірақ, бұл кезеңнің мақсаты топша ішіндегі жұптардың ортақ шешімге келуіне әкелу. Уақыты - 10 минут.

3-кезең. Жұп болып жұмыс жасауды жалғастыру. Төрттіктегі жұптар тағы да алмасады. Мазмұны өзгермейді. Бұрынғы жұптардың өкілдері әріптестеріне мәселені өзіндік шешудің жолдарын және жаңарту мүмкіндіктерін іздестіреді. Уақыты – 10 минут. Осылайша топтың әрбір мүшесі басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені қалай түсінгендігін білдіреді, мәселенің табылған шешімін қорғай білуге үйренеді.

4-кезең. Топтық шешімді қабылдау. Әрбір төрттік жиналады. Топ мүшелерінің мәселені шешу әдістерінен хабары болса да, бұл кезеңнің мақсаты – ортақ жағдайды жасау. Бұл жағдайда тек мазмұнына ғана емес, сонымен қатар орындау формасына (топшалар жазба, сурет, кесте, өлең түрінде өз шешімдерін ұсынулары мүмкін) назар аударылады. Ізденуге 10 минут уақыт беріледі.

Жұмыстың бұл формасы, яғни, ақпаратты белсенді меңгеруге бағытталған біріккен іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға мүмкін береді. Әсіресе, бұл өзгелерден қысылатын оқушыларға көмектесіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды әсер етеді. Бірақ, барлық әдістер сияқты бұл әдістің де өзіндік кемшіліктері бар. Мәселен, оқушылар шағын топтың пікірімен ғана санасып, тұйықталып қалуы мүмкін. Сондықтан өзара әрекеттесудің жаңа фомасы «Мозайкаға» көшуге болады. Бұл әдістің мәні топтардың бірігіп шешім табуы емес, ұжымның ортақ пікірді ортаға шығаруынан тұрады. Бұл әдістің мазмұны алдынғы әдістермен бірдей. Алайда бұл әдістің ерекшелігі мәселенің шешімін топ ішінде емес, шағын топтың сыртында шешуге тырысады.

1-кезең. Шеңбер ішінде мәселе шешу. Кезеңнің аты айтып тұрғандай, мәселе төрт адамнан тұратын кіші топтардың ішінде шешіледі. Әрбір қатысушы талқылаудың (15-20 минут) соңында сол топтың ортақ шешімінің жоспарын білуі керек.

2-кезең. Адамдар арасында мәселені шешу. Бұл жағдайда да кезеңнің аты кейінгі әрекеттерді көрсетеді. Алдыңғы топтар уақытша таралып, жаңадан «әріптік бірлік» қағидасы бойынша құралған топтар (А-А-А-А) келеді. Әрбір жаңа топтың қатысушылары өзінің мәселені шешу жолдарын ұсынып өзге топтардың пікірлерімен танысады. Ортақ және тиімді шешім таңдалады.

3-кезең. Жаңа шешімді іздестіру. Алғашқы топтар қайта құрылып бірігеді. Бұл біріккен ізденісте бір оқшауланған топтың жұмысымен салыстырғанда объективті шешім анықталады. Уақыты – 15-20 минут. Бұл өзара әрекетте әрбір жеке топтардың шешімі барлық ұжымның бірдей шешіміне жақын келеді.

Сабақты интерактивті түрде өткізген кезде оқушылар тек қана бақылаушы болып қатыспай, қиын мәселелерді де өз бетінше


12 дәріс тақырыбы Тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы.

  1. Негізгі тұжырымдық ойлар

  2. Баланы қолдау технологиясы.

«Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған.

«Тұлғалық бағдарлы» сөз тіркесі білім беру үрдісінде қолданылуына байланысты біздің педагогикалық сөздікке ағылшынның "person-centered" («тұлға орталықты») және "pupil - centered" («оқушы орталықты») сөздерінің аудармасынан енгізілген. Олар Карл Роджерстің гуманистік педагогикасы және гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді [29, 30].

Осы ұғымдардың түсіндірмесінде әр алуан пікірлер кездеседі. Бұл пікірлердің көптігі былайша түсіндіріледі: кез-келген оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әр қайсысын тұлғалық бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен технологиялары жасалуда. Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғалық бағдарлы білім беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді. Қазіргі педагогикалық сөздікке жүгінсек, «тұлға» - 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкерілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам [31].

«Тұлға» ұғымы философия, психология, педагогика ғылымдарында зерттелуде. Ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау негізінде анықтағанымыз: тұлғалық бағдарлы білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін Е.В. Бондаревская [32-38] терең зерттеген. Оның айтуынша, тұлғалық бағдарлы білім берудің сапасы мәдениетке сәйкестік ұстанымымен анықталады. Ұстанымның мәні – тұлғаны дамытушы және жетілдіруші орта ретіндегі мәдениет пен білім арасындағы, сонымен қатар баланың тәрбиесі мен дамуы арасындағы қарым-қатынастарды анықтау. Яғни, білім беру мазмұнының мәдениет орталығы – бірегей жалпыадамзаттық, жалпыұлттық және аймақтық мәдени құндылықтар. Балаға деген көзқарас оны еркін, тұтас тұлға ретінде, мәдени дамуы барысында құндылықтарды өзі таңдай алатын, өзін-өзіжүзеге асыра алатын тұлға деп түсіндірумен қалыптасады.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің әдіснамасын И.С. Якиманская толық зерттеген [39-41]. Якиманскаяның белгілеуінше, тұлғалық бағдарлы оқытуда оқушының субъектті тәжірибесіне сүйенуі керек. Субъектті тәжірибе танымда айқындалатын жеке іс - әрекеттің негізі болып табылады. Білім беру үрдісінде мұғалім беретін тәжірибесі және оқушының субъектті тәжірибе мәдениеттілік сипатқа иеленеді, өзгереді, дамытылады, жетілдіріледі.

И.С.Якиманскаяның тұжырымдамасында тұлғалық бағдарлы педагогикасының білім берудегі мақсаты – баланың жеке тұлғалық қасиеттерін мақсатты түрде анықтап, дамыту үшін қажетті жағдайларды (әлеуметтік, педагогикалық) тудыру, ол қасиеттерді «мәдениеттендіру», әлеуметтік мәнді іс-әрекеттерге айналдыру.

Тұлғалық бағдарлы білім берудің тағы бір шарты педагогикалық технологияға қатысты. Оның идеясы: түсіндіруден – түсінуге, монологтан – диалогқа, әлеуметтік бақылаудан – дамытуға, басқарудан - өзін-өзі басқаруға көшу. Педагогтың негізгі міндеті – қарым-қатынас, оқушылардың өзара түсінісуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасау, еркіндік беру.

Тұлғалық бағдарлы педагогикалық технологиялары диалогтық тұжырымдамаларда беріледі. Онда диалогтың жалпылама идеясы адам санасының негізі ретінде қарастырылады. Диалогтық қарым-қатынас әмбебап құбылыс деуге болады, өйткені ол адамдық сөз және барлық қатынасты бойлай өтеді және адамзат өміріне байланысты жалпы мән мен мағынаның бәрін қамтиды. .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет