Педагогикалық факультетінің деканы



бет8/9
Дата17.06.2018
өлшемі1,17 Mb.
#43222
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мақсаты: Мінез адам қасиеттерінің тұтас жүйесі және адам өмірін бейнелей отырып барлық әрекетіне ықпал жасайтындығын түсіндіру.

1. Мінездің табиғи мәні қандай

2. Мінездің әлеуметтік ерекшелігі.

3. Мінез маңызы.

4. Мінездің мәнерлі белгілері.

5. Мінез түрлері

6. Мінез құрылымындағы ерік

7. Мінез және қарым-қатынас

8. Мінез және іс-әрекет

Әдістемелік нұсқау: Мінез қасиеттерін талдау, дәлелдеу және анықтау.(тестер орындау) Дебат сабақ. Алынған нәтижелерді талдау барысында мінез іс-әрекетке, заттық әлемге,өз өзіне және басқа адамдарға қатынасынан көрініс беретіндігін білу керек.

Әдебиеттер:

1. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы.,2005

2. Реан А.А.Психология личности.-СПб.,2004

3. Романов К.М. Практикум по общей психологии.-М.,2002, 121-133 б.

4. Немов Р.С. Общая психология.-М.,1996 332-341 б.

5. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003


13 семинар

Тақырыбы: Қабілет.

Сабақ мазмұны: 1. Қабілеттің физиологиялық негізі.

2. Қабілет түрлері.

3. Қабілеттің даму деңгейіне қарай түрлері.

4. Интеллект туралы түсінік.



Мақсаты: Қабілеттің түрлері,физиологиялық негізі, даму деңгейіне қарай түрлерімен және жоғары жүйке жүйесі қызметіне байланысты түрлерімен таныстыру.Интеллектілік даму деңгейінің ерекшелігін түсіндіру.

1. Қабілеттің физиологиясы.

2. Қабілеттің жалпы түрі.

3. Қабілеттің арнаулы түрлері.

4. Талант,дарындылық,данышпан ұғымдары анықтамалары.

5. Қабілет концепциялары.

6. Интеллект анықтамасы.

7. Интеллект даму деңгейі.



Әдістемелік нұсқау: Пиктограмма әдісі арқылы жоғары жүйке іс-әрекетінің типтерін анықтау.(көркем,ойшыл,орташа типтер)

Қабілетіне қарай белгілі бір мамандыққа және іс-әрекетке бейімділігін және интелектуалдық даму деңгейін анықтау.



Әдебиеттер:

1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.-Алматы.,1996

2. Намазбаева Ж.И.Психология.-Алматы.,2005

3. Рубинштейн С.Основы общей психологии.-М.,1989 Т.2. 211-235 б.

4. Столяренко Л.Д.Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003

5. Немов Р.С.Общая психология.-М.,1996 332-341 б.


14 семинар

Тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы.

Сабақ мазмұны:

1. Қарым-қатынастың психологиялық құрылымы.

2. Қарым-қатынас түрлері.

3. Іскерлік қарым-қатынас.



Мақсаты: Қарым-қатынастың психологиясымен, ерекшеліктерімен, ережелерімен танысу.Іскерлік қарым-қатынас түрлеріне сипаттама беру.

1. Қарым-қатынас құрылымы.

2. Қарым-қатынас түрлері.

3. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.

4. Интерактивті жағы қандай

5. Перцептивті жағы.

6. Вербалды,вербалды емес қарым-қатынас.

7. Іскерлік қарым-қатынас құрылымы.



Әдістемелік нұсқау: Қарым-қатынастың түрлеріне қарай топтарға бөлініп психологиялық консилиум өткізу. Қарым-қатынас түрлерін талдай және сипаттай отырып қарым-қатынас ережелерімен ерекшеліктерін үйрену.

Әдебиеттер:

1. Леонтьев А.Н. Лекции по общей психологии.-М.,2001

2. Морозов А.В. Социальна я психология.-М.,2003 49-86 б.

3. Сәбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы,2003 84-97 б.

4. Столяренко Л.Д. Основы психологии.-Ростов н/Дону,2003

5. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004

6. Романов К.М. Практикум по общей психодлогии.-М.,2002 84-106 б.
15 семинар.

Тақырыбы: Топтағы қарым-қатынас.

1. Ұжымдағы тұлға аралық қатынастар.

2. Топтық даму деңгейлерінің принциптері.

3. Топтағы психологиялық ахуалды зерттеу.

4. Басқару стилдері.



Мақсаты: Топтағы психологиялы ахуалды зерттеуді, топтың даму деңгейін анықтауды үйрену.

1. Топ.Топ түрлері.

2. Ұжым анықтамасы.

3. Топтың даму деңгейі.

4. Топтың психологиялық климатын анықтау.

5. Басқару стилдері.

6. Лидерлік және басқарушылық

7. Менеджер қызметі.



Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент қалауымен ролдерді бөліп алып сабақты іскерлік ойындар әдісімен өткізу.Ролдерді орындаумен қатар топтың психологиясын және басқару ерекшеліктерін түсінеді, үйренеді.

Әдебиеттер:

1. Морозов А.В. Социальная психология.-М., 2003 49-104, 40-45, 50-53 б.

2. Реан А.А. Психология личности.-СПб.,2004

3. Намазбаева Ж.И. Психология.-Алматы,2005

4. Немов Р.С. Психология. 3 кн.-М.,2003

5. Андреева Г.М. Социальная психология.-М.,2002




Семинар сабақтарға және ОЖСӨЖ сабақтарына әдістемелік нұсқау.
- Кеңес беру. Кеңес беру техникаларын қолдана отырып кеңес беріледі. Студенттер жұпқа бөлінеді. Жұптың бір мүшесі «клиент» және екінші мүшесі «психолог-консультант ролінде болады». «Клиент» роліндегі студент «психолог-консультант роліндегі» студентке өмір тәжірибесінен алынған проблемасын шешуде көмек алу үшін консультантқа келеді. 30 минут кеңес беру процессіне арналады. 20 минут кеңес беру нәтиежесін топта талдауға арналады.

Үлкен шеңбер” әдісін сұрақтың шешімін тез табу керек болған жағдайда қолдануға болады. Осы форманың көмегімен мысалы, заң жобаларын немесе нұсқауларды, нормативті-құқықтық актілерді жасауға болады.

Аквариум әдісі: “Аквариум” – мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студенттер көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері. Мәселені жан-жақты талдап тиімді қотынды шығарулары керек.

Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және өнімді формасы. Негізі – студенттің өзі араласатын оқыту процесіне белсенді қатыстыруда ақыл-ойдың қозғалысы жайындағы Сократтың ілімі. «Сократтық сұрақтар» көмегімен студенттің іс-әрекетін ұйымдастыру - санасында «шындықтың өз бетімен туындауының» факторы болып табылады. Сократтық әдістің дидактикалық құрылымы білім беру мазмұнының өткеннен келесіге, жақыннан қашықтағыға өту қағидасына негізделеді және «белгілі білім емес» принципі бойынша құрылады. Ерекшелігіәдіс қарапайым өмірілік ситуациялар негізінде құрылады. Шындықты бірлесе іздеу – оқытудағы ең басты тәсіл.

Сократтың оқушылармен әңгімесі дәстүрлі тақырыптардан басталған. Диалогты өрістете отырып, оны құрамдас бөліктерге ажырата отырып, оның әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, өзімен бірге ойлануға дайын адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Ойдың туындауына көмектесе отырып, Сократтың пайымдауынша, педагог ештеңені қалыптастыру керек емес, ол басқа адамдарда даналықтың туындауына жағдай жасауы керек. Бұл сенім оның «майевтика» (повивальное искусство) деп аталатын еркін әңгімелесу әдісінің негізінде жатыр.



Дебат. Студенттердің сыни ойлауын, талдау, маңыздысын ажырату іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған. Элементтері: дәйектерді құру; проблемаға байланысты түрлі көзқарастарды ашу; проблеманың фактілерін және идеясын көрсету.

Еркін микрофон. Бұл әдісті сабақтан тыс уақытта қолданған тиімді. Бұл белгілі бір мәселе бойынша ұжым алдында сөйлеу. Бір күннің проблемасы алдын ала ұсынылады. Бұл студенттерге даярлануға, өз сөзін белгілеуге мүмкіндік береді. Бқл форманың уақыты аса шектелген. Еркін микрофонды бір адам жүргізу қажет. Ол сөйлеушілер ретін белгілейді, қорытындылайды, жұмысты ұйымдастырады. Міндетті шарт - әкімшіліктен студенттердің, жетекшілердің, кураторлардың қатысуы.

Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және студенттердің іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға студенттердің зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және студенттерді өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:



  1. Миға шабуыл уақытында студенттердің барлығы қатысады.

  2. Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.

  3. Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

  4. Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

  5. Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

  6. Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

Ашық ойлар минутасы. Алдын ала проблема жарияланады. Студенттер берліген мәселе бойынша өз дәйектерін құрады, өз көзқарасын білдіреді. Студенттердің жауаптары қысқа, нұсқа, логикалық құрылған болуы тиіс. Зерттеу процесі, ақпаратты, фактілерді өз бетімен іздеу ынтымақтастықта өтуі тиіс.

Жобалау әдісі оны немесе проблмалар әдісі деп те атайды. Дж.Дьюидің гуманистік бағыттағы философия және білім беру саласында туындаған. Негізі – студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, өз білімдерін өз бетімен құру және ақпарат кеңістігінде бағытталу іскерлігін, сыни ойлау іскерлігін дамыту. Жобалау әдісі – белгілі бір проблеманы бөлшектеп өңдеу арқылы дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілі. Оның нәтижесі – шынайы, белгілі бір түрде рәсімделген практикалық нәтиже. Жобалау әдісінің негізі мына идея – ол «жоба» ұғымының мәнін құрайды, оның прагматикалық бағыты белгілі бір теориялық және практикалық мәнге ие проблеманы шешу барысында алынатын нәтижеге жетумен көрсетіледі. Оған қол жеткізу үшін балаларды мынаған үйрету керек: өз бетімен ойлау, ғылымның түрлі салалары бойынша білімдерін пайдалана отырып, проблеманы табу және шешу, шешімдердің түрлеріне орай олардың мүмкін болатын нәтижелерін болжау қабілеті, себеп-салдарлы байланыстарды орнату іскерлігі. Жобалау әдісі әрдайым студенттердің өз бетімен жұмыстануына бағытталған. Оны студенттер белгілі бір уақыт аралығында жеке, жұппен, топта орындауы мүмкін.

Жобалау әдісі педагогикалық технология ретінде – бұл мәні бойынша шығармашылық болып табылатын зерттеу, ізденіс, проблемді әдістердің жиынтығы.

Жобалау әдісін қолдануға қойылатын талаптар:


  1. Зерттеушілік шығармашылық тұрғыдан мәнді проблеманың/міндеттің болуы (мысалы, бір проблема бойынша әр түрлі жерлерден репортаждар қатарын жасау)..

  2. Мүмкін болатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні (мысалы, газета, альмана шығару)

  3. Студенттердің өз бетімен (жеке, жұпта, топта) жұмысы.

  4. Жобаның мазмұндық бөлімін құру.

  5. Зерттеу әдістерін қолдану.

Жобалау әдісінің нәтижесі материалдық рәсімделген болуы тиіс: видеофильм, альбом, бортжурнал, компьютерлік газета, альманах, доклад және т.б.)

Жобалаудың құрылымы: жобаның мақсаты, оның өзектілігі – ақпарат көздері және ақпаратты өңдеу – нәтиже – презентация

Жобалауды құру:


  1. Жобаның тақырыбын таңдау, қатысушылардың құрамын белгілеу.

  2. Топқа міндеттерді белгілеу, зерттеу әдістерін таңдау, ақпарат іздеу, шығармашылық шешімдер қабылдау.

  3. Студенттердің өз бетімен жұмысы.

  4. Әрдайым зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жиналып отыру.

  5. Жобаны қорғау, оппонент белгілеу.

  6. Ұжымдық талқылау, экспертиза, сыртқы бағаны жариялау, қорытындылар.

Жобаға берілетін сыртқы бағаның параметрлері:

  • проблеманың мәнділігі және өзектілігі;

  • қолданылатын зерттеу және мәліметтерді өңдеу әдістерінің дұрыстығы;

  • жобаға әрбір қатысушының белсенділігі;

  • қабылданған шешімдердің ұжымдық сипаты;

  • жобаға қатысушылардың қарым-қатынас және өзара көмекке келу сипаты;

  • проблеманы зерттеудің тереңдігі және жан-жақтылығы;

  • шешімдердің дәлелділігі және дәйектілігі, қорытындылар;

  • орындалған жобаның нәтижесін рәсімдеу эстетикасы;

  • оппоненттердің сұрақтарына жауап беру іскерлігі, жауаптардың нақтылығы және дәйектілігі.

Жоба:

Пән:


Топ:

Жобаның сипаты:

Ғылымдар тараулары:

Жобаның типі:

Жобаның мақсаты:

Жобаның міндеттері:

Жоспарланған нәтиже:

Оқу мақсаты:

Материалдар:

Жұмыс уақыты:

Топ типі:

Рольдер:


Жобамен жұмыс:

Оқу-тәрбиелік міндеттер:

Өзара көмек:

Жеке жауапкершілік:

Жетістік көрсеткіші:

Күтілетін іс-әрекет:



Эвристикалық әңгіме Сократ заманынан келе жаткан әдіс.

Эвристика грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс оқыту саласына ежелгі гректердің сократтық әңгіме үлгісінен енген. Эвристикалық әңгіменің психологиялық табигатына тоқталсақ, аталмыш әдіс мәселенің жауабын ұжымдық іздеу, талқыга кеп саяды. Сондықтан да бұл әдіс педагогикада проблемалық оқыту деп аталып жүр. Эвристикалық әңгіме тақырыптың 6ip элементін қазық етсе, проблемалық окыту әдісі тұтас 6ip проблемалық ситуацияларын жекелей арқау етеді. Бұл әрине айырықша айырмашылық емес. Психологиядағы эвристикалық әңгіме әдісі бойынша да ой өрбіту арқылы да тұтас 6ip ауқымды тақырып шегіне дейін баруға болады.



Дискуссия ішкі белсенділікті арттыру арқылы, оқыту әдістерінің 6ipi ретінде тек соңғы жылдары ғана қолданысқа енген еді

Дискуссия - әңгіме барысында туындаған әр алуан пікірлердің қаркынды таласын тудыратын тілдік әрекеттің диалогты сипаты. Дискуссия- пікірді жай баяндау емес, өз пікіріңді түрлі дәлелдермен, көрсеткіштермен дәлелдеу, қорғау. Л.С.Выготский көрсеткендей, дискуссия- пікірлер қақтығысы, 6ip мәселенің бірнеше дұрыс жауаптарын немесе керісінше, сұрыптайтын, саралайтын тиімді тәсіл.



Дөңгелек үстел әдісі педагогика ғылымында саяси және ғылыми саладан ауыскан. Дөңгелек үстел әр түрлі саяси немесе ғылыми бағыттарды сараптау үшін жіргізіледі. Дөңгелек үстел көп пікірлердің бip арнаға тоғысуын қамтамасыз етуүшін жүзеге асырылады.Дөңгелек үстел әдісі белгілі бір теориялық тақырыпты әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастыру жолымен меңгерту мақсатында әр түрлі мамандық иелерінің қатысуымен жүргізіледі.

Дөңгелек үстел әдісі өзге де сипатта қолданылады. Мысалы, студенттердің оку-ғылыми конференциясында студент-психолог, студент-педагог, студент- әлеуметтанушыларының кездесуі ретінде дөңгелек үстел ұйымдастыруға болады. Бастысы психологиямен қатар өзге ғылыми салаларда кеңінен талдауға болатын негізгі тақырыпты белгілеу. Дөңгелек үстелде әркім өзінің алдын-ала оқып дайындағанын баяндап қана қоймай, тақырыптың өзектілігін, қоғам қажеттілігін қамтуға керек, тандалған тақырыпты катысушылар өздерінің зерттеу тұрғысынан аса білулері қажет. Дөңгелек үстелде әркім өзін толғандырған тақырып бойынша өз білгендерін өзгелердің танымын толықтырып, бір көзқараста ымыраға келуі керек. Егер әр қатысушы өз тұжырымын ғана баяндаумен шектелсе, консенсус туындамайды. Яғни, тақырып мәні ашылып, пікірлер тоғыспайды. Дөңгелек үстелдің мақсаты сол жоғарыда айтқандай ақиқат топ болып іздеу. Егер дөңгелек үстел жанды пікір таластар арқылы бір көзқарасқа тоғыспаса, онда дөңгелек үстел мвқсатының жүзеге аспағаны. - Дөңгелек стол. Дәріс семинар сабағының материалына негізделген ашық әңгіме ұйымдастыру. Әңгімен барысында мәселені шешудің тиімді әдісін қарастыру.



Үлкен шеңбер әдісі: Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады.

Екінші кезең. Белгілі уақыт ішінде (10 минут) әрбір оқушы жеке осы мәселені шешудің жолдарын қағаздарына жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай тыңдайды, және әңгіме бойынша тақтаға жазылып тұратын ортақ шешімге қосу, қоспауға дауысқа салады.

Іскерлік ойындар әдісі - бастапқыда білім саласында емес, басқарудың практикалық сферасында пайда болған. Қазіргі таңда түрлі практикалық салада қолданылуда: зерттеу жұмыстарында, жобалау жұмыстары барысында, өндірістік жағдайларда, ұжымдық шешім қабылдауда, сондай-ак, әскери істерде қолданылады. Қазіргі іскерлік ойындар ерте замандарда әскери ойындар әдісі ретінде соғыс тәсілдерін меңгеру үшін қолданылған. Яғни, командирлерді соғыстағы басқару әдістеріне, әскерлерді кескілескен майдан даласында өзін қорғауға үйретеді. Жоғарғы оқу орындарында іскерлік ойындар басқару әрекеттерін оқытуда қолданылады. Сондықтан да, бұл әдіс «басқарудың іскери ойындары» деп те аталады.

Жалпы алғанда іскерлік ойындардың мәні әр түрлі жағдайларда қатысушылардың өздері алдын-ала берілген ережесі бойынша басқару шешімдерін ойын жолымен таңдауға келіп саяды,- дейді іскерлік ойын әдісін тәжрибеден өткізіп, насихаттаушы Е.А.Хруцкий.

Іскерлік ойын бұл жағдайда студенттердің өздеріне өзге маман (мұғалім, оқу ісінің орынбасары, білім беру департаментінің инспекторы) орнына қойып, соларша ойлап, соларша әрекет етіп, солардың атынан талдау жасаумен тиімді. Сондай-ақ, студенттер басқа әдістердегідей емес, өздері көзбен көріп, қолмен қойған әрекеттерге талдау жасады. Бұл олардың мақсаты ойлау дағдысын, ынтасын, байқау, бақылау қабілеттерін ұштайды. Салыстырмалы түрде алғанда ішкі белсенділікті арттыру әдістерінің ішіндегі екінші бір жаңа әдіс-тренинг. Бұл әдіс Батыста психокоррекциялык жұмыстарды ұйымдастыруда кеңінен танымал. Аталмыш әдіс мазмұны жағынан іскерлік ойындарды еске түсіреді. теория шығаруға негізделеді.

Тренинг өткізу де оқытушыдан үлкен дайындықты талап етеді:

1) тренингтің сценарий-жоспарын дайындау.

2) тренинг өтетін тақырып бойынша студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

3) оқушының өзін-өзі дайындау (мәселені қою, жауаптар мен пікірлерді қабылдау, таласты мәселені драмалық тұрғыдан жандандыру, оқушы жауапбының мәнін ашуға жетекші сауалдар қою, дұрыс емес жауапты бағалау, тренинг барысындағы студенттердің белсенділігін қамтамасыз ету (алдын-ала тақырып бойынша мәселелерді ұсыну т.б.)

4) қатысушылыр арасында рольдердің бөліп беру. Қатысушының бәріне бірдей роль ұсыну міндет емес. Үштен бір бөлігі бақылаушы, сыншы сияқты қатысуға болады.



Әлеуметтікпсихологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.

Мұнда әдеттегі студенттің оку тобы әр алуан әлеуметтік – психологиялық құбылыстардың көрнекі моделіне айналады. Яғни айтқанда, олардың оқып үйренетін және тәжірибе жасайтын зерттеу полигоны оқытушының ауызша қойған шешуі сан қилы көкейтесті сауал емес, өздерінің өзара әрекеттерінен туындаған психологиялық жағдайлар. Міне, сондықтанда әлеуметтік психологиялық тренингтерді әлеуметтік психологияны ақиқат дүниеде, шынайы әрекет негізінде меңгертуге бағытталған теорияның өмірінен үндескен әдістер деп бағалаймыз. Іскерлік ойындардың ғылыми теорияда практакалық әрекетті пайдалануға, ол, тренингтің психология теориясын практикалық ситуацияларда өміріміздегі жағдайлар баламасы ретінде қолдануға үйренетіндігіне тағы бір мәрте көз жеткіземіз.


ӨЖСӨЖ өткізу бойынша әдістемелік нұсқау.

Мозайка әдісі: "Мозайка" интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.

Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б

В Г


Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзект і тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б

В <-> Г


Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б

| |


В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б

\ /


/ \

В Г


Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.

Психологиялық консилиум: Психологиялық мәселе бойынша әдістерді қолдануды талқылау. Топ рольдерге бөлінеді: психологтар, сарапшылар, түрлі мекеме өкілдері.

Бақылау жұмысы. Берілген сұрақтарға жазбаша түсініктерін жазу.

Презентация стратегиясы: «Презентация» стратегиясында студенттер топтарға бөліне отырып, өздеріне бөлінген, не берілген сұрақтарға байланысты тақтаға немесе плакатқа сурет, кесте т.б. құрастырып, оны қорғайды. Бұл жұмысты орындауға және әрбір топтың қорғауына белгілі уақыт беріледі. Студенттер өз жұмыстарын орындау кезінде оқытушы әрбір топтың жұмыстарын қадағалап, кеңес беруі тиіс. Әрбір топ өз жұмыстарын қорғаған соң басқа студенттердің сұрақ қоюларына құқығы бар. Бұл әдіс студенттердің ойлау, қиялының дамуына, материалдың есте берік сақталуына ерекше ықпалын тигізеді.

Аквариум әдісі: “Аквариум” – мәселені “қоғам алдында” талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық студент көрермен ролін атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды. Коллоквиум: Мұғалім және студент арасында сұрақ және жауап түрінде өткізіледі. Әр студентке 10 сұрақтан қойылады, студент қойылған сұраққа уақыт ұтуы үшін тез жауап беруі керек. 1 сұраққа 1 мин уақыт беріледі

Вен диограммасы: сыни түрғыдан оқу технологиясы бойынша студенттер вен диограммасына сол әрекеттің жағымды жағымсыз жақтарын және екеуінің ұқсас жақтарын жазады.

Әдебитетпен жұмыс :Сутденттер белгілі бір проблеема бойынша әдебиеттерге шолу жасап топта талдау жасайды.

Екі жақты күнделік: Берілген тақырып бойынша студенттер кесте толтырады. Ол кестеде проблема және түсініктеме жолдарына деген жолдары бар соған тақырып бойынша талдау жасайды.
Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі материалдарды қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын бекіту, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.

Тақырыптар бойынша білімін кеңейтуге және тереңдетуге және студенттердің өз бетімен жұмыс істеуін дамыту үшін оқу әдебиеттерімен жұмыстана отырып конспект жасау және интелектуалдық проблемаларды және міндеттерді шеше білуі, талдай біледі. Бұл жағдайда топта дискуссиялық жұмыс жасауды қалыптастырады.

Психологиялық зерттеу әдістері бойынша диагостикалық жұмыстар жүргізіліп, зерттеу нәтижелері арқылы қорытындыланады. Кейбір тақырыптар бойынша интернеттен психологиялық ресурстар каталогын жасау. Психологиялық сөздікпен жұмыстанады.





8. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары және әдістемелік нұсқау.
Баяндамалар тақырыбы:


  1. Психологияның даму кезеңдері және олардың ғылыми ой деңгейімен әлеуметтік қоғамдық қажеттіліктерімен байланысы.

  2. Психология ғылымының міндеттернің негізі өндіріс экономикалық жағдайлар.

  3. Қазіргі заман психологиясындағы негізгі бағыттар.

  4. Тілдесу және оның қызметтері.

  5. Адамдардың бірін – бірі қабылдауы мен түсінуіне ықпал етуші факторлар.

  6. Темперамент және мінез.

  7. Маманның жеке адамдық кәсіби статусының қалыптасуының әлеуметтік психологиялық аспектілері.

  8. Есте сақтауды дамытудың тәсілдері мен шаралары.

  9. Жеке адамда ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

  10. Темперамент және оның табиғи негіздері.


Реферат тақырыбы:

  1. Жеке адамның қалыптасуы мен дамуы.

  1. Жеке адамда ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

  1. Сезімнің адам өміріндегі маңызы.

  2. Темперамент типтері және олардың психологиялық сипаттары.

  3. Темперамент және іс - әрекет.

  4. Мінез психологиясы.

  5. Жеке адам және мінез.

  6. Қиял және шығармашылық.

  7. Сөйлеу түрлері мен қызметтері.

  8. Мінездің әлеуметтік адамгершілік типтері.

  9. Адамның өзіндік сана – сезімі.

  10. Жеке адам және іс - әрекет.

  11. Қазіргі заманғы психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны.

  12. Қарым – қатынастағы қақтығыстар.(конфликт.)

Еңбек ұжымының әлеуметтік психологиялық климат
Тақырыптарға арналған қосымша кестелер

Адамның ерікті кезеңдері мен сапалары


Ерік сапалары. Ерікті амал кезендері

Мақсат және оған жетуге ұмтылу

Мүмкіншіліктер мен ниеттер

Ниеттер күресі және қалау

Тоқтамға (шешімге) келу


Тоқтамды орындау

Қайраттылық (күшті ерік)

Мақсатының айқындығы. Қарқынды ұмтылу

Жеткілікті

Дәлелді және тез

Дәлелді, қарқынды ұмтылу

Табанды

Табандылық

Алыстағы мақсат. Қарқынды ұмтылу

Әдеттегіше (бір қалыпты жағдай)


Тегеруінді (өте табанды)


Қасарушылық (қиқарлық)


Шындығы дәлелсіз сылтау

Барлық мүмкінділіктерді ескермей сылтаурату (алдын ала пішілген шәлкес пікір)

Қорытынды ұмтылуы дәлелсіз

Табанды

Көнгіш


Тез өзгергіш

Өзіндік мақстаы жоқ, өзгелердің сөзіне ергіш

Тез құбылмалы

Әрқилы

Иланғыш

Көрінбейді (болмайды)


Өзгелердің жетегінде болады

Әрқилы

Батылдық

Мақсаты айқын. Қарқынды ұмтылады


Жеткілікті. Кейде артылып жатады.

Жылдам, бірақ үнем әртарапты емес

Айқын және тұрақты

Табанды

Тартыншақ

Бұл да сондай

Бұл да сондай

Ұзаққа созылады және аяқталмайды

Болмайды не жиі өзгертеді

Болмайды

Ынжық

Ұмтылуы мардымсыз

Жеткілікті не шамалы

Аяқталмайды

Ұмтылмайды, жігерсіз

Тұрақсыз


Темпераменттер мен жүйке жүйесі типтерінің өзара қатынастары және темпераменттердің ұнамды, ұнамсыз жағы


Темперамент түрлері (Гипократ терминоло-гиясы бойынша)

Жүйке жүйесінің типтері (И.П.Павлов терминоло-гиясы бойынша)

Жүйке процестерінің қозу, тежелу қасиет

Ұнамды жақтары

Ұнамсыз жақтары

Күшті

Тепе-теңдігі

Қозғалғыштығы

Холерик

Ұстамсыз тип

Күшті

Тең емес қозуы тежелуінен басым




Шапшаң, белсенді

Ұстамсыз, күйгелек

Сангвиник

Ширақ тип

Күшті

Тепе-теңдік

Қозғалғыш

Пысық, оңтайлы, бейімделгіш

Тұрақсыз

Флегматик

Баяу тип

Күшті




Баяу қозғалады

Ұстамды, сабырлы

Баяу, сылбыр

Меланхолик

әлсіз тип

Әлсіз







Сезімтал

Тұйық


Қ

ҚАБІЛЕТ


Қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы

Оқыту мен тәрбие

бағыттылығы

Даму деңгейі

жалпы

арнаулы

талант

дарындылық

данышпандық
абілеттің құрлымы


Естің тиянақты әрі жемісті болуына әсер тететін себептер

Естің жемісті болуы

Объективті себептер



Субъективті себептер

Материалдардың айқындық сипаты


Есте сақтау типі


Ж

А



Ғ

Д

А



Й


М

А

Т



Е

Р

И



А

Л

Д



Ы

Қ
С


А

Н

Ы




Байланыс шарты



Саналылығы

Қызығу


Байланыстылығы

Бұрынғы тәжірибе



Түсініктілігі

Органикалық жай-күйі



Ырғақтылығы

Психология ғылымының негізгі даму этаптары


IV

этап


Психология ғылымы психикалық құрылыстары-ның заңдылықтарын зерттейді

Философия диалектикалық материализм әсері және бейнелеу теориясының дамуы, психология ғылымының дамуының негізі болды.




III

этап


Психология

мінез-құлық туралы ілім



20 ғасыр. Психологияның мақсаты – адамның мінез – құлқы, әрекеті, әрбір құбылысқа әсерін бақылау және мотивтер түрлерін қарастырады




II

этап


Психология

Сана туралы ғылым



17 ғасырда жаратылыстар ғылымы дамыды. Адамның саналы әрекеттері, ойлау қабілеттері, сезімі туралы түсініктер қалыптасып, адамның өзін-өзі бақылау және (негізгі) фактілерді жазу негзгі әдіс болып табылады




I

этап


Психология

Жан туралы ілім



Бұл анықтама 2000 жылдан астам уақыт адам өміріндегі құрылыстарды түсіндіруде қолданады

Қарым – қатынастың коммуникативті түрлері

Коммуникативті қарым-қатынас

Вервалды (сөйлеу)

Вервалды емес



Сыртқы

Ішкі

Ауызша

Кинетикалық

Пара-экстралингвистика

Проксемика

Жазбаша

Визуальды

Диалогты

Монолог-

ты



Психология ғылымының даму бағыттары
П
Сана психологиясы

Бихевиоризм

Фрейдизм

Гештальтпсихология

Сана

Мінез - құлық

Санадан тыс әректтер

Психиканың тұтастық құрлымы

Когнитивтік психология

Жеке адам даралық

Таным әрекеттері
сихология бағыттары Зерттеу ілімі

Психика


Гуманистік психология

Советтік психология




9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА

СӨЖ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.

1.Жалпы психологиясы бойынша картотека құрастыру.

2. Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс.

3. Тақырыптар бойынша сөздікпен жұмыс. ( психол. терминдер ).

3. Жалпы психология теориялары шетел, ресей және отандық психологтардың еңбектерінен (эссе жазу)

4. Реферат тақырыптары: реферат 10 беттен кем жазылмауы керек.

- Психикалық процестер түрлері.

- Психикалық қасиеттер түрлері және психологиялық сипаттамалары..

- Жеке адам психологиясы.

- Іс-әрекет психологиясы.

- Қарым-қатынас психологиясы.

- Психика. Психикалық құбылыстар

5. Тест арқылы жеке психологиялық қасиеттерді анықтау.

- Таным әрекеттері және жеке басына тән қасиеттерді анықтау.

- Айзенк, Кеттел, Равен, Векслер әдістемелері.

- Басса Даркидің агресииялық әдістемесі.

- Равен әдістемесі.

- Роршахтың « сия дағы» әдістемесі.

6. Тестер және кроссвордтар.тапсырмалар,жаттығулар.т.б.орындау

- Психика. Психикалық құбылыстар.

- Психология ғылымының даму тарихы.

- Таным әрекеттері. (түйсіну,қабылдау, ойлау,ес,қиял, сөйлеу т.б.).

- Адамның жеке басы қасиеттері (темперамент, мінез, қабілет т.б.).

- Іс-әрекеті, қарым-қатынасы.

7. Статистикалық мәлімет жинақтау;кестелер толтыру.

- Тақырыптар бойынша кестелер.

- Девиантты мінез-құлықты балалар көрсеткіштері.

- Суицидті мінез-құлық

- Сезім-эмоция тақырыбы бойынша.

8. Психологиялық зерттеу әдістері бойынша зерттеулер жүргізу,талдау,қорытынды анықтамалар жазу.

- бақылау,анкета,эксперимент,әңгімелесу,тест жүргізу.

9. Психология курсы бойынша сөздікпен жұмыс. (әрбір тақырып бойынша психологиялық терминдер жазу).


Психология курсы бойынша глоссарий.


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Адаптация

бейімделу

Adaptation

Апперцепция

апперцепция

Apperception

Бихевиоризм

бихевиоризм

Behaviorism

Внимание

зейін

Attention

Волевой акт

ерік амалдары

Volition

Воля

ерік

Will

Воображение

қиял

Imagination

Воображение активное

белсенді қиял

Active imagination

Восприятие, перцепция

қабылдау

perception

Высшие психические процессы

жоғары жүйке процесі

Higher mental processes

Галлюцинация

қиялдану

Hallucination

Генетическая психология

генетикалық психология

Genetic psychology

Гештальт психология

гештальт психология

Gestalt psychology

Деятельность

іс-әрекет

Activity

Действие

әрекет

Action

Душа

жан

Soul

Забывание

ұмыту

Forgetting

Запоминание

есте сақтау

Memorizing

Идентификация

идентификация

Identification

Иллюзия

иллюзия (алдану)

Illusion

Индивид

индивид

Individual Person

Индивидуальность

даралық

Selfhood

Инстинкт

инстинкт

Instinct

Инстинктивное поведение

инстинткті мінез-құлық

Instinctive behavior

Интериоризация

интериоризация

Exteriorization

Интроверсия

интроверсия

Introversion

Качества ощущения

түйсіну сапасы

Sense quality

Константность

тұрақтылық

Constancy

Константность восприятия

қабылдау тұрақтылығы

Perceptual constancy

Кратковременная память

Қысқа мерзімді ес

Shot-term memory

Личность

Жеке адам, тұлға

Personality

Мотив

себеп, түрткі күш

Motive

Мышление

ойлау

Thinking

Наблюдение

бақылау

Observation

Настроение

көңіл-күй

Mood

Общая психология

жалпы психология

General psychology

Объём памяти

ес көлемі

Memory span

Ощущение

түйсіну

Sensation

Память

ес

Memory

Поведение

мінез-құлық

Behavior

Познание

таным

cognition

Порог ощущения

түйсіну табалдығы

Threshold

Потребность

қажеттілік

Need

Привычка, навык

әдет, дағды

Habit

Психика

психика

Mind Psyche

Психология

психология

Psychology

Рефлекс

рефлекс

Reflex

Рецептор

рецептор

Receptor

Самооценка

өзін-өзі бағалау

Self-appraisal

Сверх -я

өзіндік мен

Superego

Сенсорная адаптация

сенсорлық адаптация

Sensory adaptation

Синестезия

синестезия

Synaesthesis

Сознание

сана

Awareness

Социлизация

әлеуметтену

Socialization

Социальная психология

әлеуметтік психология

Social psychology

Способность

қабілет

Ability Aptitude Faculty

Стресс

стресс

Stress

Темперамент

темперамент

Temperament

Уровень сознания

сана деңгейі

Level of consciousness

Фантазия

фантазия

Fantasy

Фрейдизм

фрейдизм

Freudism

Фрустрация

Фрустрация

Frustration

Характер

мінез

Character

Чувствительность

сезімталдық

Sensitivity

Чувства

сезім

Feeling Sense

Экстериоризация

экстериоризация

Externalization

Экстраверсия

экстраверсия

Extraversion

Экстраверт

экстраверт

Extravert

Эмоция

эмоция

Affect



10. Оқу, өндірістік және дипломдық сарамандар оқу жоспарларында жоспарланбаған.
11. Білімді бағалауға арналған материалдар.
I. Силлабуста берілген барлық жұмыс түрлері басғалау кестесі мен бағалау ережелеріне сейкес бағаланады.

  1. Максималды балл барлық жұмыс түрлері талапқа сай толықтай дұрыс орындалған кезде және жан- жақты ғылыми ізденіспен теориялық , практикалық жақтары қатар қарастырылған жағдайда қойылады.

  2. Көтермелеу балы берген барлық жұмыс түрлері үнемі белсенділікпен уақытында өте жақсы орындалған кезде бағаланады.

  3. Айыптық балл берілген жұмыстарда талапқа сай орындалмаған жағдайда қойылады.

2. Қорытынды баға рейтингтік бақылаулар мен емтихан бағалаулар бойынша бағаланды.
3. Сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп және берілген жұмыстарды уақытында тапсырма жағдайлары мен студенттердің сабақтағы жауапкершілігіде бағалау барысында ескеріледі.
Бағалау саясаты:

Білімді бағалаудағы негізгі принциптер: әділдік, айқындық, бейімділік және жоғары диференция.Қорытынды бағалуға рейтингтік бағалау және емтихан кіреді.Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелері шығарылады. Және рейтингке қойылатын баға, ағымдағы, рубеждік бақылау балдарын көрсетеді.


Пән бойынша білімді бағалау кестесі.


Бағалау критериі

Баға түрі

Жұмыс үшін балл

Орындалған жұмыстар саны

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинар (практикалық) сабақтағы белсенділік

100

15

СОӨЖ сабақтағы белсенділік

100

30

СӨЖ тапсырмаларын орындау

100

30

Өзіндік жұмыстар

100

7

Жазба жұмысы

100

2

Шығармашылық жұмыс

100

1

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация(P1,P2)

100

Барлық бағалардың арифметикалық орташасы

Ағымдық бақылау

(P1+P2)/2




Жіберілу рейтингісі

Ағымдық бақылау*0,6




Қорытынды бақылау (емтихан)

100*0,4




Қорытынды

Жіберілу рейтингісі+ Қорытынды бақылау



Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15- апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)



Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:




Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4,0

95-100

Жақсы


А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық


С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Бағалау саясаты.

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайылық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8)- аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15- аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Курс саясаты.

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.



Студенттер міндетті:

  1. Сабаққа кешікпеуге.

  2. Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.

  3. Сабаққа таза келуге.

  4. Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз әкелуге.

  5. Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.

  6. Оқу процесіне белсенді араласуға.

  7. Тапсырмаларды ұқыпты орындауға.

  8. Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.

  9. Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.

  10. Пунктуальді және жауапты болуға.

  11. Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуге.

Студенттерге қойылатын талаптар:



  1. Сабаққа қатысу.

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.

  1. Дәрісханадағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет