Педагогикалық факультетінің деканы


Ежелгі психология. Адамдар өздері тіршілік ететін ортамен айналадағы заттар мен құбылыстарды өзіндік жан болады деген. Мұндай ұғым анализм (латынша “анима” – жан деген сөз) деп аталады



бет3/9
Дата17.06.2018
өлшемі1,17 Mb.
#43222
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ежелгі психология. Адамдар өздері тіршілік ететін ортамен айналадағы заттар мен құбылыстарды өзіндік жан болады деген. Мұндай ұғым анализм (латынша “анима” – жан деген сөз) деп аталады.


Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б.з.д. VI ғ.) Демокрит (б.з.д. V ғ.) жан табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына бағынбайды деген пікірді қолдады Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонда жан туралы алғашқы ілім – психиканы адам пәнінің қасиеті деген материалистік түсінік дамуымен қатар Платонның (б.з.д. 427 –347 ж.ж.) жан мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген идеалистік бағыты дамыды.

Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 384 – 322 ж.ж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізде түсіндіріп, психика туралы ілімді тереңірек зерттеп “Жан туралы” деген еңбек жазды.

Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан туралы көзқарастары психологиялық ілімнің дамуына ғылыми негіз болды.

Сонымен қатар ежелгі психологияда Римнің көрнекті ойшылдары Лукреций (б.з.д.I ғ.), Гален (б.з.д.II ғ.) жан туралы ілімнің табиғи негіздерін қарастырса, грек ойшылы Сократ (б.з.д.470-3 99 ж.ж.) адам жаны тәніне тән және ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деген түсініктер жасаған.



Орта ғасырдағы жан туралы ілім. Орта ғасырда Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеалары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, аты әлемге әйгілі Әбу Насыр әл – Фараби (870 – 950 ж.ж.), және Әбу Али ибн Сина (980 – 1037 ж.ж.) Ибн Ронед (1116 – 1198 ж.ж.) және т.б. орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім дами түсті.

Араб ғалымы Ибн әл – Хайсам (965 – 1039 ж.ж.) Иранның дәрігер ғалымы Закария Рази (865 – 925 ж.ж.) еңбектерінде адам дүниесі жайлы сол кезеңдегі ғылыми жетістіктерге сүйеніп тәжірибелік жақтары мен психофизиологиялық идеаларын ұсынды. Психология ғылымының тарихында ғасырдың алатын орны ерекше.

Бұл кезеңде Европа ғалымдары да психология ілімі жайында жаңаша пікір көзқарастарды дамытып ғылымда тәжірибелік зерттеулерге негіздеді. Психологиялық ілімді дамыту жолында мұндай көзқарастарды қолдағандар: ағылшын ғалымы Френсис Бэкон (1561-1626 ж.ж.) Декарт (1596-1650 ж.ж.) Т. Гоббс (1588-16189 ж.ж.), Б. Спиноза (1632-1677 ж.ж.)Г.Лейбниц (1646-1716 ж.ж.) Дж. Локк (1632-1704 ж.ж.) т.б.

XVIII ғасырдағы психология. XVIII ғасырда психология ғылымының дамуына физик И.Ньютон мен физиолог ғалым А.Галлердің зерттеулері негіз болды.XVIII ғасырдағы психофизикалық құбылыстардың мәнін ашу енді психофизиологиялық мәселелерге ауысып, түрлі психикалық процестардің сыры жүйке жүйесінің қызметімен байланысты. Олардың ішінде Швейцария ғалымы А. Галлердің бағдары психиканың пайда болуында жүйкелік процестер бірінші, ал түрлі ойлар мен идеялардың өзара байланысты түрде туындауы екінші кезектегі құбылыс деген көзқарасты ұсынып, психологиядағы эмпиристік бағытты қолдады.

Ньютон мен Локк ассоциативтік психолгияны механикалық және сексуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеді. XVIII ғасырдағы ассоциация детерминистік сипатта болды.Психология тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгейіне тұңғыш дәріптеуші – ағылшын дәрігері Гартли (1705 – 1757 ж ж). Ол психологиялық процестердің барлығы ассоциацияға сүйенеді деп түсіндірді. “Адамды бақылау” деген еңбегі (1749 ж) ассоциациясының өзекті ілім болып қалыптасуына бастама болды және Гартли теориясы XVIII ғасырдағы ассоциациялық материалистік ілімнің негізі болды.



XIX ғасырдағы психология. XIX ғасырдың бірінші жартысы – психологияның тарихындағы елеулі кезең болды. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделген ассоциациялық бұрынғы концепция матералистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстрамы мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун (1778 - 1820), Джемс Милль (1778 - 1830), Дж. Ст. Ммилль (1806 - 1873) сияқты зерттеушілер.

Ассоциялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелерімен анықталды. Г.Гельмгольц (1821 - 1894) ассоциацияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч. Дервин ассоциацияны эмоция арқылы түсіндірді. Орыс физиологы И.М. Сеченов (1829 –1905 ) ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спенсер (1820 - 1903) оны психиканың филфенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез – құлықтың өзгеруіне бейімделеді деді.

XIX ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс - әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайы мәні айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.Психологияның XIX ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи – ғылыми негізі – физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизикалық зерттеулердің нәтижелері.

Бұл пәннің тәжірибелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырып баяндаймыз. Мәселен, 1) В.Вундт және Ф.Брентано (1838 - 1917) көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың әуел бастаған “өзінше пайда болуы” деген пікірлердің дәрменсіздігі; 2) И. М. Сеченов зерттеулерінде организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы – алғашқы, ал психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны – нәтиже деп саналуы. Сөйтіп, Сеченевтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы; 3) психиологияның дербес тәжірибелік ғылым болып қалыптасуына тірек болған көзқарастардың философиялық және биологиялық негіздері;

4) әр кезеңде тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организмнің биологиялық құрылымы; 5)организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы аристотельдік, декарттық және дарвиндік зерттеу нәтижелері.

Психология ғылымының дамуындағы бағыттар мен мектептер.

Психологияның дамуындағы түрлі бағыт – бағдар мен түрлі ағымдағы мектептер де бұл пәннің сан алуан мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырады. Олардың негізділері мыналар: Э.Титченер негізін қалаған құрылым психологиясы (көрнекті өкілі – В.Вундт. Бұл мектеп сананың құрылымын тәжрибелік тұрғыдан іздестіруді мақсат етті);



Вюрцбург мектебі (Батыс Европа мен АҚШ-та кеңінен таралды. Психикалық процестерді тәжірибелік зерттеулер арқылы анық

талдады. Көрнекті өкілдері: К.Марбе, И.Орт, А.Майер, Г.Уотт, А.Мессер, Н.Ах, К. Бюлер, О.Зельц). Бұл мектептің негізі Германияда қаланды.



Американдық психологиядағы функционализм ағымы. Негізгі мақсаты – психология ғылымының жетістіктерін тәжірибеде қолдана отырып, адамның мінез – құлқын зерттеу. Бұл ағымның көрнекті өкілінің бірі Р.Вудвортс (1869 – 1962) болды.

Бихевиоризм – ХХ ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның құлқын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874 -1949).

Гештальт – психология – Германиядағы психологиялық мектеп. Оның негізін қалаған Макс Вертгеймер (1880 - 1943).”Гештальт” немісше – тұрпат, түр, форма, құрылым. Қазақша құрылым психологиясы деп алып отырмыз. Бұл мектептің мақсаты – жеке психикалық процестердің құрылымын тәжірибе жүзінде зерттеу.

Фрейдизм. Бұл – Австрия ғылымы З.Фрейд (1856 -1939) есіммен аталатын бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады.

ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарында капиталистік елдерде бихевиоризмнің психология ғылымының даму тарихында өзіндік бағыт – бағдары және ғылыми маңызы бар когнитивтік бихевиоризм (адамның ішкі дүниесін зерттеп, танып білу), гипотезалық – дедукциялық бихевиоризм (психологияның даму қисынын зерттеу), операнттік бихевиоризм және неофрейдизм тәрізді жаңа бағыттары пайда болды. Неофрейдизм (көрнекті өкілі – Х.Корни, 1885 - 1953) – биологиялық еліктеудің әлеуметтік факторлармен байланысын психологиялық тұрғыдан зерттесе, ал американ психологы Курт Левин (1890 - 1974) адамдардың белгілі бір топтарының қозғаушы күштерін, ондағы адамдардың өзара қарым – қатынасын қарастырып, “өріс” теориясын жасады. Бала ақыл – ойының дамуын, оның ойлауы мен сөйлеуін т.б. мәселелерді бір жүйемен қарастырған біздің заманымыздағы көрнекті психолог маман – швецариялық Жан Пиаже (1896 - 1980).



Кеңестік психологияның дамуы.

Ресейде психологиялық ой – пікір, негізінен, екі түрлі бағытта өрістеді. Оның бірі – бостандық жолындағы жалпы халықтық қозғалыстағы сана – сезімнің дамуы, екіншісі – ресми идеология. И.М.Сеченевтың “Бас миының рефлексі” деген еңбегі Ресейдегі психология ғылымының дамуы үшін жартылыстық – ғылыми негіз болды, сөйтіп, материалистік психологиялық ой – пікірдің дамуына күшті ықпал етті. Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейде Г.И.Челпановтың (1862 -1936), кеңестік кезеңде В.М. Бехтеревтің (1857 - 1927), И.П.Павловтың зерттеулері, Н.Е.Введенский мен А.А.Ухтомскийдің рефлекске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи – ғылыми негізін одан әрі өрістетуге жол ашты Кеңестік дәуірде психология ғылымының іргесін қалауға П.П.Блонский, В.Я.Струмлинский, К.Н.Корнилов, Б.М.Теплов т.б. үлес қосты. Психика дамуын әлеуметтік тарихи – мәдени теория тұрғысынан зерттеп, көптеген еңбек жазған Л.С. Выготский (1896 - 1934), іс - әрекет психологиясының мәселелерін зерттеген С.Л.Рубинштейн (1887 - 1960), А.Н.Леонтьев т.б. еңбектері бұл ғылымның методологиясы мен принциптерін жаңа сипатта дамуға бағдарлады. Қоғамның тарихи даму мұқтаждығының, экономика мен идиологияның, мәдениеттің өрістеуіне сәйкес кеңестік дәуірде психологияның түрлі салалары мен тармақтары дамып, жеке – жеке ғылыми пәнге айналды. Соның нәтижесінде тәлім – тәрбие психологиясының даму қарқыны мен оның қамтыған мәселері әр алуан болды.



Қазақстанда психология ғылымының даму жолы.

Психология ғылымына тікелей қатысты болмағанымен, адамның жан дүниесі жөніндегі пайымдаулар мен ой – пікірлер Қазақстанда өте ерте кездерден бастау алып, ХV – ХІХ ғасырдағы қазақ халқы ғұламаларының, ағартушы – демократтарының туындыларында айтарлықтай көрініс берді. Одан бұрынғы дәуірлерде ақын – жыраулардың өлең – толғауларында, билердің шешендік сөздері мен халықтық нақылдар да, ел намысын қорғаған батырлардың отаншылдық істерінде адам жан дүниесінің жұмбақтарына терең бойлап, болашақ ұрпаққа тағылым берерлік мол рухани қазына жатқандығын қазіргі кезде әр тарапты зерттеліп, белгілі жүйеге келтірілуде.

Аса көрнекті ғалым Ш.Уәлиханов шығармаларында халықтың рухы оның таным – наным түсініктерімен тығыз ұшырастырылады. Ы.Алтынсарин еңбектері этникалық және балалар психологиясының қыр – сырына толы болды. Абай туындылары да туған халқының жан дүниесіне тән қарапайым сезімнен бастап кемеңгерлік ақыл – ой шыңына дейінгі мәселелерді қамтиды. Ал Сұлманмахмұт Торайғыров жан мен тән ылғи да бірлікте, байланысты болады деген орынды сөз қалдырды. Психологиялық ой – толғаулар мен пайымдау – түсініктер Шәкәрім Құдайбердіұлы мен өзге де ағартушы – демократтарда, ақын – жырауларда көп кездеседі.

Кеңестік кезеңде де Қазақстандағы психология ғылымының өрісі кеңейіп, халыққа білім беру, тәлім – тәрбие істерінің мақсат – міндеттерімен сабақтасты. Жүсіпбек Аймауытовтың “Психология” оқулығы мен “Жан жүйесі және өнер таңдау” деген туындысы – психология пәні бойынша таза ана тілімізде жазылған алғашқы еңбек. 1920 – 1930 жылдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтардың оқу – ағарту, тәлім – тәрбие істерімен өзара ұшырастырылған ұлттық сипаттағы психологиялық ой – пікірге толы мәнді еңбектер жазды. С.Балаубаев, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, А.Темірбеков, Ә.Ситдықов, Е.Суфиев тәрізді психолог мамандардың ғылыми зерттеулер жүргізген мәселелері, тақырыптары сан алуан. Қазақстандағы психология ғылымы сан – салаға тарамдалып, қанатын кеңінен жайып өркендеп келе жатқан ғылыми пәндер қатарына жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Психологияның философиямен бірлесе дамуы.

2. Психологияның жаратылыстану ғылымдарынан бастау алуы.

3. Ежелгі жан туралы түсініктер қандай

4. Орта ғасырдағы жан туралы түсініктер мен көзқарастар.

5. ХУІІІ ғасырдағы психология.

6. ХІХ ғасырдағы психология ғылымының дамуы.

7. Психологиялық бағыттыр мен мектептер

8. Қазақстандағы психология ғылымының даму барысы.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. АлдамуратовӘ.Жалпы психология-Алматы.,1996

2. Ждан А.Н. История психологии.-М.,1999

3.Психология:Адамзат ақыл-ойының қазынасы.10 томдық. 1,2,3,4 том./жетекшісі-акад. Ә.Н.Нысанбаев.-Алматы:Таймас,2005

4. Ярошевский М.Г. История психологии.-М.,1985

5.Әлемдік философиялық мұра. 20 томдық шығ. 9 том «Өмір филисофиясы».-Алматы,2006

6. Леонтьев А.Н.Лекции по общей психологии.-М.,2003

3 дәріс

Тақырыбы:Психика және жүйке жүйесі.

Дәрістің мазмұны:

1.Психика туралы түсінік.

2. Психика дамуын бейнелеу теория тұрғысынан түсіндіру.

3. Психиканың жаратылыстық ғылыми негізі.

4. Сана-психика дамуының жоғары сатысы.

5. Психикалық құбылыстар құрылымы.
Мақсаты: Психиканың жаратылыстық ғылыми негізі – жүйке жүйесімен байланыстылығын және адам санасының психика дамуының жоғары сатысы екендігін түсіндіру.
Психика туралы түсінік.

Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерлерін, тітіркендіруінен пайда болады. Бұл жағдай психиканың сыртқы орта мен объективтік шындықтың өзара шартты байланыста екнін көрсетеді. Сыртқы нәрселердің адам миына әсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, т.б. психикилық процестер пайда болды. Сонда, психика дегеніміз – үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның түрлі ойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат-мүдделеріне қарай оларға тітіркеніп, (икемделеді) бейімделеді. Осы жайттар психика қоршаған сыртқы ортамен қарым-қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екендігін дәлелдейді.

Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі-тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі және сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айқықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметінің байланысты болса, екіншіден, бұл бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат та емес. Психика- мидың негізгі (қызметі) қасиеті.

Психиканы бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіндіру.



Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюциялық дамуымен бірлікте қарастырылады. Материя табиғатын зерттеу әр түрлі қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ілімінде де қозғалыс, даму процестері жүріп жатады. Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары, әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болып, үнеміөзгеріп, дамып отырады.

Барлық материяға-жансыззаттардан бастап, ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя-адаммиына тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі-материяның сыртқы әсерге жауап беруі. Материяға тән жалпы қасиет-биологиялық бейнелеу формасы. Жанды материяның белгілі бір даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты.

Эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсерін тітіркеніп, бейнелеудің бірнеше түрлері шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне қарай әлсіз тітіркенуден бастап, бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну, қабылдау, ойлау, т.б. сияқты формалары пайда болды.

Сана-психика дамуының жоғары сатысы.



Психиканың адамға тән жоғары дәрежеде дамуын сана деп атайды.

Адам санасының дамуы тек қана биологиялық құбылыс емес, сонымен қатар әлеуметтік-тарихи заңдылық. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі сондықтан сананың даму процесі, оның әр көрінісі адамзат қоғамы дамуының барысымен байланысты тарихи жағдайлармен анықталады. Жеке адамсанасы мен қоғамдық санадиалектикалық бірлікте. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды және адамзат жинақтаған білімді меңгереді, айнала құбылысты өзгете де қайта жасайда алады.

Сананың ерекше қасиеттері:

1.-ден – сананың тарихи сипаты

2.-ден – адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық және индивидуалды – гностикалық бірлік

3.-ден – адам санасының мақсат-бағдарлы және белсенді сипаты

4.-ден – адамның өзіндік сана сезімдік сипаты

5.-ден – ақиқаттың адам санасында жалпы және жанама бейнеленуі.

Психикалық құбылыстар.

Психикалық құбылыстардың негізгі формалары.



  1. Психикалық процестер.

Психикалық процестер-дегеніміз айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында түрліше бейнеленуі олар:

  • танымдық – зейін, түйсіну, қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу.

  • эмоционалды – сезім және эмоция.

  • Еріктік – ерік.

  1. Адамның психикалық білімі:

  • білім, іскерлік, дағды, әдет, көзқарас,, сенім, пікір.

  1. Психикалық қасиеттер.

Психикалық қасиеттер-дегеніміз адамның жеке басына тән даралық ерекшеліктері.

  • бағыттылығы немесе бағыт-бағдары.

  • Мінезі, темперамент, қабілет.

  1. Психикалық жағдайы.

Жүйке жүйесінің құрылымы.

Адамның психикасы мен жан дүниесінің сырын жақсы түсініп, оны білу ми мен психиканың, материя мен сананың қарым-қатынасын біліп, жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі жайындағы мәліметтерді білу керек. Жоғары жүйке жүйесінің қызиеті және оның заңдылықтары-психология ғылымының табиғи-ғылыми негізін құрайды. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі-мидың және оның бөліктерінің құрылысы екендігі тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылыми тұрғыдан анықталған.

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып, айналадағы әсер еткен тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Түрлі дене мүшелерінің, клеткалардың қызметін, зат алмасуы мен қан айналымын реттеп, сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделіп отырады.

Жоғары жүйке жүйесі типтері.

И.П.Павлов жүйке жүйесі қызметі типтерін 1 және 2 сигнал жүйесіне қарай 3 типке бөлді.



    1. ойшыл тип (мыслительный)

    2. көркем тип (художественный)

    3. орташа тип (средний тип).

  1. Ойшыл тип. Екінші сигнал жүйесі қызметінің ролі басым, абстрактылы ойлауға бейім, прагматик, рационалист ғылыми шығармашылық жұмыстарға және болжауға қабілетті қазіргі терменология бойынша мидың сол жақ жарты шарлары қызметіне қарай психотин.

  2. Көркем тип. Негізгі қызметіне 1-ші сигнал жүйесі атқарады. Бейнелі – эмоциональды ойлайды, айналадағы дүниені тұтас, сол күйінде қабылдайды. Қабылдаудың тұрақтылығы, өткірлігі, байқағыштығы, тұтастығы, әсемдігі тән. Мидың оң жақ жарты шарлар қызметіне қарай психотин.

  3. Орташа тип. 1-ші, 2-ші сигнал жүйесі қызметтері теңбе-тең. Белгілі бір жағдай, ситуациясына қарай екі сигнал жүйесі де бейім келеді. Көптеген адамдар осы типтің қатарына жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Психика дегеніміз не.

2.Психиканың бейнелеу теориясы дегеніміз не.

3. Психиканың жүйке жүйесімен байланыстылығы

4. Сананың қызметі мен қасиеттері.

5. Психикалық құбылыстар дегеніміз не.

6. Психикалық процестер.

7. Психикалық қасиеттер.

8. Психикалық кейіп.

9. Психикалық білім.

10. Жүйке жүйесі қызметіне қарай адам типтері.

Әдебиеттер:

1. Алдамуратов Ә.Жалпы психология.-Алматы.,1996 33-59, 75-91 беттер

2. НамазбаеваЖ.И.Психология.-Алматы.,2005 40-81беттер

3. Лурия А.Р. Лекции по общей психологии.-Питер.,2004

4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М.,1981 410-435 стр

5 Сәбет Бап-баба Жалпы психология.-Алматы.-2003 37-69 б.


4 дәріс

Тақырыбы:Жеке адам және іс-әрекет психологиясы.

Дәріс мазмұны:

1.Жеке адам туралы түсінік және оның психологиялық құрылымы.

2. Жеке адамның дамып қалыптасуына әсер етуші факторлар.

3. Жеке адамның бағыт-бағдары,қажеттілігі,дүниетанымы және мотивтер сферасы.

4. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік.

5. Іс-әрекеттің түрлері.


Мақсаты: Жеке адамның психологиялық құрылымы мен бағыт бағдары,қажеттілігі,дүниетанымы және мотивтер сфеорасымен таныстыру. Жеке адамның дамып ,қалыптасуына әсер етуші факторлар мен адам өмірінде іс-әрекеттің маңызы
Жеке адам туралы түсінік.

Адам бір жағынан қарасаң саналы ойлауға және сөйлеуге қабілетті еңбек етіп, сыртқы ортаны танып, және оны белсенді түрде өзгерте алушы биологиялық ақза болып табылады. Екінші жағынан, адам ол қоғам мүшесі. Ол адамға тән басты белгі, себебі қоғамдық қарым-қатынастар адамның биологиялық қасиетін өзгертіп, дамытады.

Психологияда адам түсінігінен басқа да “индивид”, “тұлға”, “индивидуалдық”, “жеке адам” ұғымдары қолдануда.

Индивид – адамды биологиялық тұрғыдан қорғау. Индивид дегеніміз өзіне тән барлық ерекшеліктермен бірлікте алынған нақтылы адам.

Әр адамның өмірімен іс-әрекеті, тәрбиесі, білімі әртүрлі және қайталанбас өзін тән белгілерімен психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығын “индивидуалдық” деп атайды.“Тұлға” және “жеке адам” түсінігінің мәні адамның әлеуметтік қоғам мүшесі екендігін білдіреді.

Жеке адам қоғамдық ғалымдар объектісі. Тарих, философия, социология (әлеуметтану) этика, эстетика, психология, педагогика т.б.Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз – жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Ол қатынастар: өмірді материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне, алдына қойған мақсат-міндеттерге т.б. Жек адамның өзіне тән негізгі құрылымы: қабілеті, темпераменті,мінезі, еріктік, сапалық қасиеттері, эмоциясы, мотивациясы, және әлеуметтік құрылымы.



Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері.

1. Қасиеттердің тұрақтылығы. Психикалық құбылыстардың пластикалығына байланысты жеке адамның психикалық тұрақтылығы болу қажет.

2. Жеке адам тұтастығы. Жеке адам біртұтас организм және оған тән қасиеттері бір-бірімен өте тығыз байланысты.

3. Жеке адам белсенділігі. Сыртқы ортаны, сонымен қатар өзінің психикалық құбылыстарын дамытуға, тануға бағытталған адамның әртүрлі және жан-жақты іс-әрекет түрінен байқалады.

Жеке адамның дамып қалыптасуына әсер етуші факторлар.

Адам белгілі бір процестердің өзара байланысы жүйесінде дамиды.Олар әлеуметтік, табиғи орта және материалдық, рухани жағдайлары мен іс-әрекеті.Жеке адамның дамып қалыптасуында әлеуметтік жағдайы негізгі роль атқарады. Оларға:

-үлкен әлеуметтік топтар (макросоциосреда) – құрылыс, мемлекеттік құрылыс, қоғам даму барысы, адамдар қызметі.

-Кіші әлеуметтік топтар (микросоциосреда) – адамның үнемі өзара байланысты ортасы.

-Тәрбие – адамның рухани өмірі дамып, қалыптасуына арнайы ұымдастырылған процесс

-Іс-әрекет, ойын, оқу, еңбек (өндірістік және шығармашылық).

Адамның психикалық немесе биологиялық даму барысында (искуственная) орталар; қазіргі техника және технологиялар, оларда өндіру мен қолдану, қазіргі өндірілген заттар, информацияда – техникалық құралдар мен орталар (радио-теле т.б.) әсері өте зор.Әлеуметтік факторлармен қоса жеке адам дамуында психиканың тұтастығы биологиялық факторлар мен де байланысты. Олар:

-адамның физиологиялық ерекшеліктері

-жоғары жүйке жүйесінің жалпы және арнайы типтері

-мидың өзіндік морфологиясы және оның түрлі қызметтері құрылымына қарай дамуы

-мидың қызметінің аномалиясы (зақымдануы).

Адам психикасының дамуын әсер етуші факторлар бірі табиғи фактор.

Климаттық, географиялық, геофизикалық, космостық, түрлі өмір сүру жағдайлары мен адам қызметтері Зерттеушілердің назары адам психикасы дамуында неосфералық факторлардың маңызы бар екені жердің информациялық – энергетикалық жағдайы әсері жағынан қаралады. Неосфера көздері планеталар сияқты космостық әсерлер. Ол әсерлер жер бетіндегі барлық адамның жан құбылысымен байланысты.

Жеке адамның дамып қалыптасуында және психологиялық құрылымы мен барлық сферасында негізгі роль атқаратын ол өзі жеке адам. Айналадағы сыртқы, ішкі жағдайлардың барлығының әсерінің көрінісі.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет