Педагогикалық факультеттің деканы



бет43/55
Дата04.10.2020
өлшемі0,51 Mb.
#63961
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
13 апта.

22 кредит сағат.

15 дәріс.



Тақырып: ХІХ-ХХғасырдағы қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі этнопсихологиялық мәселелер .

Қазақ этнопсихологиясының дамуына Ш.Уалихановтың қосқан үлесі



Дәріс мазмұны:

1. Ш Уалихановтың этногарафиялық еңбектері.

2.Ғалымның психологиялық көзқарастары.

Қазақтың ұлы ғалымы ағартушы- демократ Ш.Ш Уалиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады. Өз экспедициялаында ол қыруар матеиалдар - өзі болған аймақтардың тарихы , қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны. Шың- тастардағы жазу белгілері , көне ескерткіштер , аңыз-әңгімелер , ертегілер мен өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда қорыту негізінде ол қазақтардың тарихи ежелгі мекендері, рулық қарым-қатынастар, этнографиясы, әдебиеті туралы еңбектер жазды. 1856 ж Шоқан полковник ММ Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады.Қырғыз елін жете зерттеуге , Ыстық көл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедицияға қатынасу Шоқанның ғылыми жұмысын ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік берді.Оның «Ыстықкөл сапарлары», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты құнды еңбектер жазды. Ш Уалиханов Қашқарияның экономикалық- саяси тарихын, этнографиясын рухани өмірін зерттеген ғалым, ақындарен кездесіп мағлұматтра жинаған, шығыс қолжазбаларын қолға түсіріп, нуклиматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жинаған. Ш Ш Уалихановтың «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі халықтың тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазылған ғылымның биік деңгейіндегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Шоқан өз халқының тарихын ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары , реалисттік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес индогерманиялық эпосқа ұқсайды- деп түйіндей келе , ол қазақтың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады.Түрік тілдес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет