Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым- қатынас ерекшелігін таныту



Дата03.05.2020
өлшемі21,35 Kb.
#65645
Байланысты:
Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым


Педагогикалық ұжымдағы өзара қарым- қатынас ерекшелігін таныту

Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастың  дамуы және  бәсекелесуде  кез келген мамандықтарда субьект-обьекттік  әрекеттесуде адами фактордың рөлі және субьект-субьекттік кәсіби қарым-қатынасы күшейе бастады. Әсіресе соңғысының  тиімділігі кәсіби мамандардың іс-әрекетінің нәтижесіне қатты әсерін тигізеді. Осы орайда бәсекелесу жағдайында тұлғаның педагог мамандығының иегері ретінде кәсіби коммуникативті құзыреттіліктің тиімді формаларын меңгеруі қазіргі таңда маңызды болып табылады. Ол педагогтардың қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгере алу қабілеттілігі педагогикалық ұжымда үйлесімді әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Білікті және білімді ұстаз алдына егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және толыққанды тұлға ретінде қалыптастыру міндеті тапсырылған. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш – адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің бойына білім нұрын құятын жаңа тұрпатты педагог дайындау бүгінгі күннің негізгі өзекті мәселелерінің бірі Ұстаздың қызметі тек баланы оқытып қана қоймай, оның күнделікті іс-әрекетінде көп еңбекті қажет ететін үйлесімді қарым-қатынас тәжірибесі болып табылады. Олай болса бүгінгі таңда жастарға әлемдік деңгейге сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлауын, іскерлігін, төзімділігін, сонымен қатар кәсіби біліктілігін арттыру өркениетті қоғамның міндеті болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру үдерісінде субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С.М.Жақыпов былай деген:  «Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды». Сондықтан педагогикалық қарым-қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді.

Педагогикалық әрекет – күрделі әрі көпжақты. Оның көптеген компоненттерінің ішінен  үш негізгісін бөліп көрсетуге болады: мағынасы, әдістемесі және әлеуметтік-психологиялық компоненттері. Осы үш компоненттің біртұтастығы мен өзара байланысы педагогикалық жүйенің міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бұл бірліктегі негізгі компонент — әлеуметтік-психологиялық, яғни педагогикалық қарым-қатынас, соның негізінде қалған екеуі жүзеге асады. Негізгі тәрбиелік өзара қатынастардың жүйесі қарым-қатынас процесінде қалыптасады,  тәрбие және оқыту процесінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қарым-қатынас педагогикалық әрекеттің негізгі әсер етуші құралы болып саналады.

Адамның тұлға болып дамуы психиканың қажеттілік, белсенділік және сапаның даму жағдайы оның қажеттіліктерін қанағаттандыруына байланысты. Сонымен психология саласында қарым-қатынас  тұлға дамуында көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің  жемісті нәтижесі.           Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады. Организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу-іс әрекетінің, мінез құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық ноормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Қарым-қатынас процесінде индивид мотивке, мақсатқа, бағдарлмаға, қабылданған шешімге, ерекше  қозғалыстарды орындауға және оларды бақылауға, жалпы өзінің серіктесінің іс-әрекетіне ықпал жасай алады.

Божович Л.И. өз    тәжірибелерінен   қарым-қатынасқа итермелейтін бірнеше моивтерді анықтап берді:

- Өзін-өзі сыйлау, өзін құрметтеу және өзін таныту.

- Тұлғаның өзіндік бейнесін көрсету.

- Тұлғаның дербестікке ұмтылуы

- Баланың достары мен үлкендердің қолдауын және мақұлдауын қажет етеді.

- Өз бетінше тәуелсіздікке ұмтылу.

- Қоршаған адамдардың оны шеттетіп, жалғыздық сезіміне бөленуден қорқыныш мотивы.

Әлеуметтік-психологиялық құзіреттілікті еңбекке психологиялық даярлық пен кәсіби шеберліктен айыра білген дұрыс. Әлеуметтік психологиялық құзіреттіліктің табиғаты тиісті білімдерден, ұсыныстардан және стереотиптерден тұрады.  Психологиялық даярлық пен шеберлік тек білімді ғана емес, сондай-ақ әрі шеберлікті, әрі біліктілікті және басқа да компоненттерді білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық құзіреттілік білімге тірелгенімен, ол кәсіби қызметте ешқандай тәжірибелік рөл атқармайды деуге болмайды.

Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оның орындау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділігі, пікірлесішілердің арасындағы ара-қатынастың барлығы қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбен» өзін өзі таниды және бағалайды. Қарым-қатынас мотивы адамның өзінің және басқа адамдардың сапаларымен толықтырылады, қоршаған адамдардың әсері арқылы индивид өзін тануға және бағалауға кіріседі.

Қазіргі жағдайларда құзырлы қарым-қатынас дамуы оның үйлесімділігінің бірқатар ұстанымды бағыттарын қарастырады. Құзырлы қарым-қатынасқа қол жеткізу серіктестердің үш деңгейінде жүзеге асады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Осыған орай, қарым-қатынастағы құзырлылықтың түрлері түрлері туралы айтуға болады. Тұлға өзін жан-жақты үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік беретін барлық психологиялық позицияларды игеруі қажет.

Сондықтан ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру мен дамытуға арналған ұсыныстар жасалды:

1.    Педагогикалық ұжымды қарым–қатынас туралы теориялық білімдермен машықтандыру;

2.    Қарым–қатынас жасаудың жағымды жақтарына терең мән беру, қарым-қатынас қиындықтарының себептерін анықтау;

3.    Бірлескен іс–әрекетті тиімді жоспарлау, үйлесімді қарым–қатынас жасау дағдысын қалыптастыру, мәдени қарым–қатынас ерекшелігін дамыту.

Қорытындылай келе,   педагогикалық бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас ерекшеліктері олардың өмірінде алатын орнын, әр түрлі жас шамасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын анықтау, соның ішінде оқу-тәрбие процесінің  нәтижесі  артып, тиімділігінің  маңызды.

 

Әдебиет:

1   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы.  – А., 2008.

2  Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс — әрекет психологиясы. – Алматы: «Алла прима» ЖШС, 2008.



3  Леонтьев  А.А.  Лекция как общение. – М.: Общество «Знание», 1974

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет