«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет25/71
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#54517
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, жалпы адамзаттық құндылықтар, ұлттық құндылықтар,көпмәдени тұлға, толеранттылық.
Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы.
Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.
Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.
Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.
Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген.
Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға- индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды менгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қаситтері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:
-әр адам жеке тұлға бола алады.
-жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке тұлға ұғымы қолданылмайды.
-жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі.
-тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады.
Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар:
- белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы);
- бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);
- әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы- әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:
- іс-әрекетте;
- басқалармен қарым-қатынаста;
- өзіне деген қатынаста.
Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялық құрылымын қарастырған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның кез келген сапасында туа біткен (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық деңгейге бөлініп қарастырылады.
4-ші, төменгі биологиялық құрлымы, оған темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліттері жатады, бұнда ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ;
3-ші, құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық процестер (сезімдер, қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік) ерекшеліктері жатады;
2-ші, тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады;
1-ші, жоғарғы деңгей, тәрбие арқылы қалыптасқан (сенімдері, дүниетанымы, көз қарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік ұстанымдары, құндылық бағыттары, моральдық принциптері ) әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын көрсетеді.
Жеке тұлғаның өзегі - оның «Мен»- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен»- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет