Педагогикалық практика есебі бойынша титулдық парақтың үлгісі


Практикалық сабақ дайындамасы



бет23/28
Дата20.12.2021
өлшемі94,53 Kb.
#103820
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
отчет
интелектуалдық тұлғалық тестілеукітапгасы, интелектуалдық тұлғалық тестілеукітапгасы, Робототехника қауіпсіздік ережесі, Робототехника қауіпсіздік ережесі, Графикалык дизайн Ворлдскилз, нәтижені талдау, Педагогикалық әдіс, 3. Сан аралықтар. Нұсқа 1.pptx [Автосохраненный], БЖБ ІІІ тоқсан, Симметриялы фигуралар, Симметриялы фигуралар, қайталау, матем 24.05, Сан аралықтары ашық сабақ
4.2 Практикалық сабақ дайындамасы

Сaбaқтың тaқырыбы: «Тәрбие әдістері»

Сaбaқ жoспaры

1. Әдіс түсінігі

2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: студенттердің тәрбие әдістер туралы түсініктерін толықтыру, тәрбие әдісінің жіктелуі жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: студенттерді топтағы өзара жақсы қарым-қатынасқа, тыңдай білуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық: студенттердің алған білімдерін ары қарай дамыту, ой қабілеттерін, дағдыларын дамыту.

Сабақ түрі: білікті, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: презентация, карточкалар.

Әдісі: топтық жұмыс, ынтымақтастық, белсенділік

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі ( 5 мин)

1. Студенттермен амандасу

2. Жоқ студенттерді белгілеу

3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау (35 мин)

Әдіс дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жетудің жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері - тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет тәрбиелеудің міндеттерін шешуге бағытталған.

Тәрбие тәсілі, амалы - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер, әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, жазалау тәсілдері - ескерту, айыптау, сөгіс; сендіру, нандыру тәсілдері - иландыру, түсіндіру, баяндамалар; мадақтау тәсілдері - мақұлдау, мақтау, сыйлық беру т.б.

Әдістердің жіктелуі (классификация) - бұл анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін анық көріп, танып қоймай, ол әр түрлі әдістерінің өзіне тән белгілерін, орнын жақсы түсінеді.

Кез келген әдістің жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Қазіргі педагогикада ондаған жіктеме белгілі, себебі әдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес.

Қазіргі кезде классификацияның негізіне бағытталғандық - интегративті сипаттама алынуда. Ол өзіне тәрбиелеу әдісінің мақсаттық, мазмұндық және процессуалдық жақтарын бірлікте енгізеді. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:


  • Тұлғаның санасын (ұғымы, түсінігін, пікірін, нанымын, баға беру) қалыптастыру әдістері (баяндау, түсіндіру, дәріс, иландыру, пікірталас, өнеге, баяндама, әңгіме).

  • Іс-әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін (іскерлік, дағды, әдет, ерік, мінез) қалыптастыру әдістері /жаттығу, үйрету, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелеушілік жағдаяттар/.

  • Іс-әрекетті және мінез-құлықты ынталандыру (стимулдау) әдістері (жарыс, мадақтау, жазалау).

Тәрбиелеу әдісін таңдауды анықтайтын жалпы жағдайлар: тәрбиенің мақсаттары және міндеттері, мазмұны; тәрбиеленушілердің жастық ерекшеліктері; ұжымның қалыптасқан деңгейі; тәрбиеленушінің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері; тәрбиелеудің жағдайы; педагогикалық шеберлігінің деңгейі; тәрбиелеу уақыты; күтілетін нәтиже, қорытындылар.

Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды-сөзді әсер әдісі.

Әңгіме (беседа) тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Әңгіме мақсаты - білім алушыларда адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Әңгіменің нәтижелігі бірнеше маңызды шарттарға байланысты:



  • Әңгіменің проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты білім алушылардың өздерінің табуына көмектеседі.

  • Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Білім алушыларға өз ойларын баяндауға мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышанымен қарауға үйрету керек.

  • Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды.

  • Әңгіме құралдары тәрбиеленушілердің эмоционалды тәжірибесіне жақын болғаны абзал.

  • Әңгіме кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап, оларды салыстыра білудің маңызы зор.

  • Әңгімеге дұрыс жетекшілік - тәрбиелеушінің оңды шешімге өз бетімен келуіне арқау.

Пікірталас - бұл жоғары сынып білім алушыларының пайымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша білім алушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді.

Өнеге - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі - бұл әр түрлі ситуацияда білім алушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау білім алушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Білім алушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары білім алушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.

Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі; 2) оның мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет