Педагогиканың философиясы мен әдіснамасының жетекші ғылыми мектеп аясында даму жүйесі:
Оқушылардың интеллектуалдығы, сезімдік-еріктік саланың тиімді дамуын қамтамасыз ететін Л.В. Занковтың жасаған бастауыш мектептің дидактикалық жүйесі;
политехникалық оқыту тұжырымдамасы (П.Р. Атутов);
жалпы білім беретін мектеп түлегенің моделі (Б.С. Гершунский, В.С. Шубинский);
білім беру философиясы, дидактика философиясы, педагогика философиясы (Я.С. Турбовской, И.Я. Лернер, Б.М. Бим-Бад). Зерттеуде педагогика философияның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды. Негізінен қажетті идеологияның және әдіснамалық бағдар болып табылатын білім беру философиясына көбірек көңіл бөлінді.
педагогикалық болжаудың теориялық негіздері, педагогиканың прогностикалық қызметін анықтау (И.Я. Лернер, Б.С. Гершунский).
педагогика әдіснамасынң ұғымдық-түсініктік аппараты, педагогикалық өлшемдердің әдіснамалық негіздері (В.И. Журавлев);
педагогикалық білім берудің әдіснамалық және гуманитарлық негіздері (Ю.В. Сенько).
Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыруда педагогиканың теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу ерекше мәнге ие болды. Бұл бағытта зерттеудің орталығы XX ғасырдың 70-80 жылдары институт базасында ұйымдастырылған педагогика әдіснамасына арналған бүкілодақтық семинар болды.
Кешенді зерттеулер нәтижесінде заманауи педагогика әдіснамасының ғылыми таным әдіснамасы ретіндегі іргесі қаланды, нормативті әдіснама дамыды, іргелі, қолданбалы зерттеулердің жасалымдардың сапасын бағалау тұжырымдамасы дайындалды; педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараты жүйеленді.
3. М.А. Даниловтың, Ф.Ф. Королевтің, М.Н. Скаткиннің, Ю.К. Бабанскийдің, Б.Т. Лихачевтің педагогика ғылымы әдіснамасын дамытуға қосқан үлесі.
Педагогика әдіснамасының негізін салушылар. Ғылыми мектептер және ғалымдардың кәсіби портреттері. Ғылыми мектептердің феномені негізінен ғылымтанудың, ғылыми тарихының, әлеуметтік психологияның зерттеу пәні болып келді. Педагогикада «ғылыми мектеп» түсінігі әдетте сол мектеп жасаған теорияны қарастыруға байланысты туындады. Ғылыми мектептің өзі осыған дейін педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде мойындалған емес. Қазіргі уақытта ғылымдағы жеке шығармашылық туралы түсінік өзгерді. Жеке ғылым «ұйымның адамына» айналды. Әдебиетте талдау бірлігі ретінде ғылымда тұжырымдамалық деңгейде біріккен және жаңа білім алуға ұмтылыстағы ғылыми ұжым алынатын болды. Соңғы жылдары кандидаттық және докторлық диссертациялардың сапасы мәселесінің өзектілігіне орай ғылыми зерттеу жүргізуге және ғылымдар даярлауға көптеген еңбектер арналуда. Ғылыми білім беру негізінен ғылыми мектепте жүзеге асады.
Ғалым В.С.Леднев ғылыми білім беруді негізгі саланың бірі ретінде қарастыра отырып, ғылыми жетекшілерді арнайы педагогикалық даярлаудың қажеттілігін негіздейді. Ол диссертациялық зерттеулергі жетекшілік ету педагогикалық іс-әрекеттің ең күрделі түрі деп есептейді. Зерттеуші әрекеттің сипаты одан арнайы эксперименттік және теориялық, математикалық, логикалық, философиялық-әдіснамалық, этикалық-адамгершілік даярлықты қажет етеді. Сондықтан да ізденуші зерттеу әдістемесін ұзақ және түрлі қиындықтарды жеңу арқылы игереді. Демек зерттеушінің қалыптасуына ғылыми жетекшінің, ғылыми мектептің ықпалы зор деуге болады.
Сонымен, ғылым – бұл, біріншіден, қазіргі әлемге керек ойлау, ғылыми әдістен туындайтын адами құндылықтар. Осыдан тәлімгерлік идеясының өзі де түсінікті. Егер лекция оқитын профессордың міндеті, алдымен білімдер эталонын қалыптастыру болса, ал тәлімгердің (ғылыми жетекшінің) рөлі – ғылыми құндылық бағдарларын көрсету, білім беру барысында студенттің ойлауының ғылыми стилін қалыптастыру. Тәлімгер өз оқушысымен бірге жұмыс істей отырып, мынадай бағыттарды іске асырады:
Ғылыми қауымдастықтың құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыру;
Білім берудің қазіргі бағыттарына ықпал ету;
Тәлімгердің өзін-өзі жүзеге асыруы мен түрлі ұрпақтар өкілдерінің өзара бірін-бірі оқытудың қалыптасуы. Сондай-ақ, тәлімгер идеясының дамуы ғылымның қазіргі өмірдегі рөлін терең сезінуге жағдай жасайды. Осы тұрғыдан қарағанда педагогикада П.Я. Гальпериннің, Л.В. Занковтың, В.В. Краевскийдің, В.А. Сластениннің ғылыми мектептері теориялық деңгейде жинақтауды қажет етеді. Қазақстанда Р.Г. Лемберг, Г.А. Уманов, Н.Д. Хмель, А.П. Сейтешев, Б.К. Момынбаев, К. Құнантаева, Г.Қ. Нұрғалиева, М.Ә. Құдайқұловтың ғылыми мектептері танымал. Бұл үшін олар дамытқан идеяларды ғана емес, ғалымдарды даярлау жүйесін де қарастырған жөн.
Ғылыми мектептер негізінен ғылыми-зерттеу ұйымдарында қалыптасты. Жеке алғанда КСРО Педагогикның теориясы мен тарихы 1944 жылы құрылды да, жетекші ғылыми мекемеге айналды. Оның тарихы ғылыми мектептердің негізін құрайтын танымал академиктермен тікелей байланысты. Институтта педагогика мен білім беру саласында іргелі зерттеулер жүргізілді, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізіледі, білім беру ұйымдарының базасынада эксперименттік алаңдар жұмыс жасайды, халықаралық ынтымақтастықтар орнатылды.
П едагогика әдіснамасының қалыптасуы мен дамуына қомақты үлес қосқан жетекші ғалымдар мен ғылыми мектептерге сипаттама беру қажет.
Педагогиканың әдіснамасының негізін салушылардың бірі М.А. Данилов болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |