«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


С.Я. Батышев пен А.М. Новиковтың ғылыми мектебі



бет55/162
Дата08.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195762
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

С.Я. Батышев пен А.М. Новиковтың ғылыми мектебі мынадай зерттеулер жүргізді:
- кәсіптік педагогика мен үздіксіз білім беру теориясын зерделеудің әдіснамалық тұғырларын жасау
- кәсіптік педагогика мен үздіксізбілім беру теориясын-ғылыми білімнің пәнаралық салалары екендігін анықтау бұл салалар жалпы педагогика, философия, психология, әдіснама, кибернетика, жүйелер, теориялары, жүйелі талдау, басқарудың жалпы негізнде құрылымданған.
- кәсіптік педагогика да, үздіксіз білім беру теориясын да білім алушылардың барлық жастағылары мен әлеуметтік топтары қамтиды; білім берудің барлық деңгейлерін сабақтастық пен өзара байланысты қамтиды;
- кәсіптік педагогика, үздіксіз білім беру теориясы экономикалық әлеуметтік, мәдениет салалармен байланысты (нақты тарихи кезеңдерде).
Батышев Сергей Яковлевич (1915-2000 жж.). Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Совет Одағының Батыры. Автоматтандырылған өндіріске жұмысшыларды кәсіптік оқытудың мәселелік сызбасын ұсынды. Мамандықтар тобын құру ұстанымдарын жасады. Сол ұстанымдарға сәйкес оқу бағдарламаларын дайындау жұмысын басқарды.
Ғылыми мектептің теориялық нәтижелері:
- кәсіптік педагогиканы жасау және дамыту; кәсіптік білім берудің мазмұның білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу технологияларының, формалары мен әдістерінің, оқу үдерісінде құралдарды кешенді пайдаланудың, кәсіптік білім беру мекемелерін басқарудың теориялық негіздері;
- білім беруді дамыту принциптері мен оларды іске асыру шарттарына туындайтын жетекші идеялардың жіктемелерінің негізінде Ресейдегі кәсіптік білім беруді дамыту теориясын құру;
- Ресейде және шетелде үздіксіз білім беруі іске асыру жұмысын салыстырмалы талдау;
- әрекетті ұйымдастыру ілімі ретіндегі заманауи әдіснаманы жасау;
- постиндустриалды қоғамның педагогикасының ұғымдық-түсініктік аппаратын құрастыру.
Новиков Александр Михайлович – педагогика ғылымдарының докторы, қазіргі әдіснаманы, білім берудің заманауи теориясын жасаушы, Ресей білім академиясының акдемигі.
А.М. Новиков – педагогика мен білім беру әдіснамасы, еңбекке баулу мен кәсіптік білім, еңбек психологиясы мен философиясы мәселелері бойынша 300-ден аса еңбектің авторы. Ғалымның «Білім беру әдіснамасы», «Педагогика негіздері», «Докторлық диссертация» атты еңбектері педагогиканың әдіснамалық қорына енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет