Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері.
Оқытудың дәстүрлі типімен проблемалық оқытумен салыстырудан шығарылған қорытындылар негізінде проблемалық оқытудың негізгі міндеттерін тұжырымдауға болады. Оларды шартты түрде жалпы және арнайы қызметтерге бөлуге болады.
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
оқушылардың білімдер жүйелері мен ақыл- ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеру;
оқушылардың танымдық дербестігі мен творчестволық қабілеттерін дамыту;
мектеп оқушыларының коммунистік дүниетанымының негізі ретіндегі олардың диалектикалық – матералистік ойлауын қалыптастыру.
Бұған қоса проблемалық оқытудың арнайы міндеттері бар:
білімдерді творчестволық меңгеру дағдыларына тәрбиелеу ( логикалық әдістерді немесе творчестволық қызметін жекелеген тәсілдерін қолдану);
білімдерді творчестволық қолдану дағдыларына (меңгерген білімдерді жаңа ситуацияларға қолдану) және оқу проблемаларын шешу шеберлігіне тәрбиелеу;
творчестволық қызмет тәжірибесін қалыптастыру және жинақтау ( ғылыми зерттеу, практикалық проблемаларды шешу шындық болмысты көркем бейнелеу әдістеріне ие болу).
Проблемалық оқыту кезінде оқытудың ғылыми дәрежесін арттыру бағдарламаға ашылған жаңалықтар туралы материалдар ендірумен ғана, ғылым негіздері мен ғылымның логикалық құрылымдарын жақындатумен ғана емес, сондай-ақ оның таным қайшылықтарын шешуге бағыталған әдістерін оқып үйренумен де қамтамасыз етіледі. Жаңа құбылыстың мазмұны мен мәні, оның элементтерінің өзара байланысы ғылымды зерттеу процесінің бірізді кезеңдерін: бақылау, сипаттау, түсіндіру, болжау – жүзеге асыру барысында ашылады.
Оқытудың ғылыми дәрежесі арттыру кейде оқу материалын қиындатумен байланыстырады , бұл, әрине, оқушылар үшін өзінің шама жетерлік болу дәрежесін төмендетуге және артық ауырпалыққа әкеліп соғады.Біз артық ауыртпалық түсіру мен сабақ берумен ғылмилық дәрежесі арасына теңдік белгісін қоюға негіз жоқ деп есептейміз.
Проблемалық оқыту ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың негізгі тәсілі.
Дүниетанымды қалыптастыру- ең алдымен интелектуалды- белсенді жеке басты қалыптастыру.
Проблемаларды өздігіне шешу жөніндегі қызметті іске асыра отырып ,оушылар ұғымдарын қалыптасу процсін меңгереді, оқып үйренілетін ұғымның мәнін ашады.
Проблемалық оқытудың кез келген жағдайда тиімді болу мүмкін емес .
Мектеп оқушысының оқуын проблемалық оқыту арқылы активтендіру мәні ғылымның даяр қорытындыларын жай ғана меңгеріп, алуда емес, жаңа білімдер мен ақыл - ойдың қызметінің тәсілдеріне өздігінен ие болу жөніндегі оның танымдық (ойлау ) қызметін активтендіруде.
Дәстүрлі (традиционный) оқыту жақсы ма немесе жаман ба?
Осы сұраққа жауап беріп көріңіз.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «дәстүр» сөзі былай түсіндіріледі «бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауызша немесе әдеби жолмен берілетін немесе берілген нәрсе .(мысалы, идея, білім, көзқарас, әрекет түрі, талғам және т.б)»
Қазақша дәстүр деген түсінік саналы түрде қабылданып, сананы қалыптастыратын көп өзгермейтін заңдылық деген ұғымды береді.
Достарыңызбен бөлісу: |