- сыныптарға өзара қарым-қатынас арасы психологиялық жағдай сипаты, климат.
«Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты табуға, іздеуге үйретеді» А. Дистервег. (1790-1866)
Оқыту түрлері Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар:
Түсіндірмелі-репродуктивті оқыту, немесе ақпарат беруші- рецептік оқытудың мәні- оқытушы әртүрлі құралдармен оқытылатын объект туралы хабар, ақпарат береді, ал оқушы барлық сезім органдары арқылы оны қабылдап, түсініп, еске сақтайды. Бұл оқыту уақытты үнемдеу арқылы аға ұрпақтың жинаған тәжірибесін кіші ұрпаққа жеткізуге қолайлы.. Алайда осы оқыту түрі бұл білімдерді қолдану дағдыларын, икемділіктерін қалыптастырмайды, бірақ 1-деңгейдегі репродуктивтік іс-әрекетін қамтамасыз етеді.(тану мен 1-деңгейдегі білім-танысу-білімдері).
Репродуктивтік әдіс оқытушының оқушылар үшін тапсырмалар дайындап, олардың білімі мен іс-әрекетін ұйымдастырады.(есеп шығару, тәжірибелерді қайта жасау, қорытынды жасау, т.б. Яғни, іс-әрекетінің түрі-репродуктивтік, ақыл-ой еңбегінің деңгейі-2-ші-қайта жаңғырту, білім деңгейі-2-ші- білім көшірмесі. Бұл жазбаша. ауызша, индуктивті, дедуктивті сияқты формада жүзеге асады.
Проблемалық (ділгірлік) баяндау- оқытушы өзі прблема қойып, өзі оны түрлі қарама-қайшы жолдар мен логикалық шешімдер арқылы , Оқушыларды өзінің ойына ілестіре отырып, (сұрақтар қойып, ойландырып) мәселені шешу логикасына алып келеді. Лектор дайын білім бермейді, ғылымның осы жаңалықты ашқан жолымен жүргізеді.Болжамдар келтіреді, тәжірибелерді сипаттайды, т.с.с. Оқушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана емес, ғылыми ізденіске қатысқандай , өздері жаңалық ашқандай әсерленеді. Проблемалық оқыту продуктивтік (нәтижеге бағытталған) іс-әрекет жасатады, ойлаудың 3-ші деңгейін-қолдану деңгейін қалыптастырады. 3-ші деңгейлік білім-іскерлік (ептілік)-білім.
Эвристикалық әдіс. Оның мақсаты-оқушыларды біртіндеп проблеманы өздігінше, белсенді түрде ізденіп шешуге бағыттау. Мұнда сұрақ қоя білудің , мұғалімнің шеберлігінің маңызы зор. (Сократ әдісін еске түсір!) Соңында оқытушы өзі тұжырымдау арқылы маңызды мәселені анықтайды.
Бағдарламалы (компьютерлік) оқытудың негізгі мақсаты- оқыту процесін басқаруды жетілдіру, тексеруден өзін-өзі тексеруге, оқытудан өзін-өзі оқытуға көшу. Жаңа бағдарланған оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналары қолданылады.Оқытудың бұл түрі 1960 ж. Б. Скиннер, Н. Краудердің кибернетикамен педагогика, психологияны ұштастыру идеясы негізінде пайда болды. Ерекшеліктері: оқу материалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлшекті меңгерген соң оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауапты бепсе, келесі бөлшекке өтеді...
Оқыту бағдарламасы оқыту алгоритміне негізделген.Алгоритм- дұрыс жауапқа жетелейтін бірізді ақыл-ой және оқу іс-әрекетінің жүйесі.