Сабақты талдаудың жалпы критерийлері Нәтижелік. Сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақтың нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психолого – педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сабақты өзіндік талдау Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:
Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?
Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?
Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?