Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы



бет86/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

Тәрбие әдістері - алдағы тұрған мақсатқа жету жолдары. Мына схемада:


Мақсат
Деңгей 2
Ә3
Ә1


Т5
Т3


Т2 Қ1 Т4
Ә2


Т1 Әm
Әn
Деңгей 1
Деңгей (1) осы кездегі жеткен нәтиже, одан әрі жаңа мақсат қойылады-(Деңгей2) оған жету тәрбиеленушіні жаңа тәрбиелік деңгейге көтереді. Төмен деңгейден жоғары деңгейге өту процесі тәрбие процесі болып табылады. Мақсатқа жету жолы әртүрлі (әдіс1, Ә2, Ә3... Әп). Олардың жалпы саны әрбір тәрбиешінің тәрбиеленушілермен біріге отырып, мүмкіндіктеріне, қажетіне, күшіне орай табуына қарай әртүрлі болады...
Кейбір жолдары тез, оңай нәтижеге әкелсе, кейбірі түрлі өзгерістер, қосымшалар, тәсілдер, құралдарды қосып, ұзақ жұмыс істеуді қажет етеді. Осыдан, тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін біліп, оны тиімді пайдалану – педагогтың шеберлігін қажет етеді деген қорытындыға келеміз.
Тағы да бір түсінік тәрбие құралдары.
Тәсіл деп жеке әсер етуді айтсақ, құрал тәсілдердің жиынтығы. Құрал – тәсіл де емес, әдіс те емес.
Мысалы, еңбек – тәрбиенің құралы, бірақ еңбекті істеп көрсету, жұмыстағы қатені көрсету – тәсілдер. Сөз – тәрбие құралы, ал жеке реплика, кекету, салыстыру – тәсілдер.

Сөйтіп, тәрбие әдістері деп тәсілдер мен құралдардың жүйесінің көздеген мақсатқа жету жолында қолдануды айтамыз.


Жақсы не жаман әдіс деген болмайды. Әдістерді тиімді қолдану – тәрбие әдістерін таңдай білу күрделі мәселе.
1.Тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттері. Тәрбие мақсаты қандай әдісті қолдану керектігін анықтайды. мақсат қандай болса, нәтижеге жету жолы, әдісі сондай болу керек.
2.Тәрбие мазмұны .
Міндеттер әртүрлі мазмұнға толы болуы мүмкін. Сондықтан, әдіс мазмұнға ғана қарап емес, нақты түсінік, мәніне орай таңдалынуы керек.
3.Тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сәйкес әртүрлі әдістер қолданылады.
4.Ұжымның деңгейіне қарай әртүрлі әдіс қолданылады.
5.Тәрбиеленушілердің жеке және тұлғалық ерекшеліктеріне қарай әдісті таңдау.
6.Тәрбие жағдайы.
7.Тәрбие құралдары.
8.Уақыты.
9.Педагогтың квалификациясы.
10.Күтілетін нәтиже.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет