Қосымша әдебиеттер:
Вульфов Б.З., Иванов В.Д. Основы педагогики в лекциях, в ситуациях, в первоисточниках. Учебное пособие – М., 1997;
Гребенюк О.С., Рожков М.И. Общие основы педагогики – М., Владос Пресс, 2004;
Лихачев П. Педагогика. Курс лекций – М., Юраит 1998;
Харламов И.П. Педагогика. Учебное пособие – Минск, 2001.
Селевко Т.К., Селевко А.Т. Социально-воспитательные технологии – М., 2002;
Мектептегі сынып жетекшісінің қызметі, негізгі міндеттері
Бұл тақырыпты оқу барысында сіздер
Сынып жетекшісінің ролін өздеріңізге
өлшеп көресіздер. Бұл рольдің қиын да,
қызық екенін, маңызы зор екенін
түсінесіз;
Пед.практика барысында сынып
жетекшісімен бірге небір жұмыстар
жүргізесіз, соған бүгінгі күннен бастап
дайындық жасайсыз.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері мен функциялары:
-Пән мұғалімдерімен бірге оқушының ғылыми дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
-Сынып ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқушыларда қоғамдық белсендігін қалыптастыру;
-Оқушының танымдық қызығулары мен қабілетін дамыту, үлгерімін жоғарылату, кәсіби бағдар беру;
-Оқушының денсаулығы мен денесін шынықтыру, дамытуға жағдай жасау, қамқорлық;
-Оқушыларды тәрбиелеуде біртұтас оқу-тәрбие ісі, бірыңғай талап жүйесі;
-Оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс.
Міндеттері:
а) оқушыларды жан-жақты зерттеу;
ә) оқушылар ережесін түсіндіру, талап ету;
б)оқушының күнделікті үлгеріміне бақылау жасау, үй тапсырмасын орындауын тексеру, үй тапсырмасының көлемін реттеу;
в) сынып жиналысын уақытында өткізіп тұру;
г) оқушыларды үйірмелерге тарту;
ғ) қоғамдық-пайдалы жұмыстарға араластыру;
д) оқушыларды ынталандыру, жазалау туралы ұсыныстар ендіру;
е)барлық мұғалімдермен бірге бірлікте әсер ету;
ж)оқушылардың іс-қағаздарын жүргізу.
Сынып жетекшісінің қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1.Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық. Бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, басқа да мекемелермен тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзі-өзі басқаруды дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызу болады.
Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі-педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз етуді көздейді. жоспаплау мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруды-бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмстары барысында ғана іске асады.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшілері үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |