Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы



бет96/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ
МІНДЕТІ





Ұйымдастыру

Тәрбиелеу

Сабақтан тыс тәрбие жұмысына баулу

. .



Тәрбие жұмыстарының бағыттары





Оқушыларды зерттеу

Ұйымдастыру
Тәрбиелеу

Білім сапасын арттыру, тәртіп орнату

Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру, өткізу

Осы мәселелер жөнінде және сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын ұйымдастыруы жөнінде,ата-аналармен жұмысы жөнінде, оның іс-құжаттары туралы С. Әбенбаевтың "Тәрбие теориясы мен әдістемесі" атты оқу құралынан толық оқып таныса аласыздар.-Алматы,"Дарын", 2004.


Жеке тұлға тәрбиесінде отбасының ролі зор. Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы түсініктер мен идеялар бастауын халықтық педагогикадан алады. Отбасы тәрбиесі проблемаларына байланысты Дж.Локк, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт өз еңбектерінде от басы тәрбиесінің маңызына, от басы тәрбиесінде даралық ерекшеліктерді, бейімдіктерді, дене күші мен психикалық процестерді дамыту қажеттігіне көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский отбасы тәрбиесі теориясының негізін қалаған. А.С.Макаренко ата-аналар беделі туралы еңбегінде беделді төмендегі түрлерге бөледі: қорқытуға негізделген бедел, ара қашықтықты сақтауға негізделген бедел, өркөкіректікке негізделген бедел, педанттық бедел, ақылгөйлік бедел, ерекше жақсы көру беделі, мейірімділік беделі, достық беделі, сатып алу беделі.
Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:

  • репродуктивті (ұрпақ әкелу.)

  • экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде еңбекке жарамсыздарды асы рау);

  • тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау);

  • қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен);

  • шаруашылық-, басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысу);

  • рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау)

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

  • отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды;

  • отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады;

  • отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара жауапкершілікке негізделеді;

  • отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді;

  • отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-күйін есепке алу мүмкіндігі мол;

  • отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы отбасында дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;

  • кәсіп таңдауға да ықпалы зор;

Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше топтастырылады:

  • беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс талаптар орын алады;

  • демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық, құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету басым болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет