болып, екеуі біріккенде ғана
адам бақытқа жетіп, адамшылық
қасиеттерге ие болмақ».
Әл – Фараби
Өзінің не істейтінін біліп, не істеуге тиісті емес екендігін
аңғарған адам ғана тәрбиеші бола алады.
А.С.Макаренко
Оқу мен Тәрбие - егіз.
Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
(ДИДАКТИКА)
Бұл тақырыпты оқу барысында
Сіздер: Оқытудың оқушының тұлғалық даму процесі екендігі туралы,
дидактика түсінігі туралы, оның педагогикалық зерттеудегі орнын;
оқытудың дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру функцияларының бірлігі туралы;
оқыту заңдылықтары, түрлері, т.б. негізгі проблемалары туралы;
ж
☺Дидактика (грек. didaktikos – үйретуші оқытуға қатысты) –білім беру мен оқыту теориясы, педагогиканың саласы.
еке әдістемелердің дидактикадан бөлінуі және оның дамуы туралы түсініктермен танысасыздар.
«Дидактика» терминін неміс педагогі
В. Ратке (1571-1635 ) алғаш енгізген деп есептеледі. Ол дидактикаға оқытудың
теориялық негіздерін зерттейтін ғылыми пән деген анықтама берген.
Ал дидактиканы тұңғыш рет ғылыми негіздеген «ҰЛЫ ДИДАКТИКА»
(1633-38) еңбегінің авторы Ян Амос Коменский : «Дидактика- барлығына оқытудың әмбебап өнері» деп анықтама берді.
Дидактиканың пәні – адамға білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту мен үйретудің бірліктегі өзара әрекеттестігі, мұның өзі білімнің мазмұнын оқушылардың мұғалімнің ұйымдастыруымен меңгеруін қамтамасыз етеді.
Отандық дидактика оқыту құрауыштарының өзара әрекеттестігінің көрінуінің әр түрлі нысандарын зерттеді және анықталған заңдылықтарының негізінде оқыту әсерлерінің әр алуан жүйелерін талдап – белгілейді. Бұл жүйелер оқу жоспарларында, оқу бағдарламалары мен оқулықтарда ашылатын білімнің мазмұнында нақты көрінеді; белгілі бір ұйымдық нысандарда оқытудың тиісті әдістерімен және құралдарымен жүзеге асырылады. Дидактика – теориялық және сонымен бірге қолданбалы ғылым.
Дидактиканың ғылыми – теориялық функциясы оқытудың нақты процестерін зерттеу, оқытудың әр түрлі жақтары арасындағы фактілер мен заңды байланыстарды анықтау, олардың мәнін ашу, даму беталыстары мен перспективаларын анықтау.
Алынған теориялық білім оқыту практикасын бағыттап отыруға, жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді. Білім беру мазмұнын іріктеу проблемаларын талдап шешу, оқытудың принциптерін, оқыту әдістері мен құралдарын қолдану нормативтерін белгілеу арқылы дидактика нормативтік – қолданбалы, сындарлы – технологиялық функция орындайды.
Дидактика – оқыту процесінің мәнін түсіну, оның білім беруші, тәрбиелеуші және дамытушы функцияларын жүзеге асырады.
Дидактиканың негізгі категориялары:
білім беру,
оқыту,
оқыту принциптері,
оқыту процесі және оның компоненттері
мазмұны,
ұйымдастыру формалары,
әдістері,
құралдары,
оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуына үлес қосқан атақты педагогтар:
Г. Песталоцци, И. Гербарт, К. Д. Ушинский, В. П. Острогорский, П. Ф. Каптерев,т.б.
Еңбектері зор дидакттар: Н. П. Груздев, М. А. Данилов, Б. П. Есипов,
Л. В. Занков, М. Н. Скаткин, Н. А. Менчинская, Ю. К. Бабанский, т.б.
Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемелерінің негізін салушылар: Әл- – Фараби, Ж. Баласағұн, Ы. Алтынсарин, Г. Лемберг, А. Сембаев, Қ.Бержанов, Н.Д Хмель, Г. А. Уманов, С. Көбеев, Ә. Диваев, Н. Құлжанова, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Қ. Жұбанов, Т. Шонанов, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |