Баяндама және мәнжазбаның үлгі тақырыптары: Баланы отбасында адамгершілікке тәрбиелеу.
Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеу.
Балаға отбасында эстетикалық тәрбие беру.
Баланы отбасында мектепке дайындау жолдары.
Әдістемелік нұсқау. Бірінші сұрақты педагогика оқулықтарындағы материалдарды талдау негізінде ашыңыз. Академик, психология ғылымының докторы А.В. Петровскийдің ата-ананың бала тәрбиелеу стилін (диктат, қамқоршы, конфронтация, бейбіт өмір сүру, ынтымақтастық) бала психиатры М.И. Буяновтың отбасы тәрбиесінің біржақтылыққа апаратын кемшіліктер типімен салыстырыңыз.
а) "золушка" типіндегі тәрбие.
ә) "отбасы кумирі" типінде тәрбиелеу.
б) ерекше қамқорлықта тәрбиелеу (бала үшін бәрін үлкендер шешеді)
в) қамқорлықсыз тәрбие (бала өзімен-өзі)
г) кронпринц типіндегі тәрбие (материалдық жағдайы жақсы отбасылар)
Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, отбасы тәрбиесінде осындай стильдер мен кемшіліктердің кездесетінін дәлелдеңіз.
Үшінші сұрақты баяндамалар мен мәнжазбаларды талдау негізінде ашып, Т.Ф. Лестгафтың мына пікіріне талдау жасаңыз:" Отбасы тәрбиесінің басты негіздері: 1) тазалық; 2) сөз бен істің бірлігі; 3) тәрбиедегі еркіндікке жол бермеу; 4) баланы және тұлға ретінде танып, оның тәуелсіздігін мойындау."
Тандаған материалдарға сүйене отырып, отбасы тәрбиесіне негіз болатын педагогикалық аксиомалар жасаңыз.