Педагогиканыњ жалпы негіздері тарауы


«...Ал қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымың мен бесігіңді түзе»



бет92/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,08 Mb.
#96990
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163
Байланысты:
855b4653-98e6-4ba2-b1d4-a699e763ee35

«...Ал қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымың мен бесігіңді түзе»

Мұхтар Әуезов
1897-1961

Осы пікірді тезис етіп алып, РАФТ әдісі бойынша қазақ халқына жолдау жаз. Роль:президент, ұстаз, жазушы, депутат, әкім, студент, ата-баба, т.б. өз қалауың болсын.
Аудитория: халық, ата-ана, болашақ ата-ана, мұғалім,т.б.
Форма: жолдау, өсиет, кеңес, т.б.
Тақырып. М. Әуезовтың ұлағатты сөзі.
тапсырма: «Ұлттық құндылық қасиеттер – тәрбие негізі»атты шығарма жазу. Тәрбие шарасының сценарийін құру.







«Өзің оқып – тәрбиеленуіңе қарағанда
өзгені оқытып, тәрбиелеу үшін ақыл – ой мен күш көп керек»
Мишель Монтень.





«Тәрбиенің қолынан бәрі келеді» («Воспитание может все»)-
Клод Адриан Гельвеций.

*Өрге жүзген өнегелі ісімен,


Адал дос тап тең қүрбыңның ішінен (Әбу Насыр әл Фараби).
Сананы қалыптастыру әдістері адамның көзқарасын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталады. Олар: әңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, насихаттау, сендіру, үлгі көрсету, әңгімелесу, пікірталас, еліктеу.
Іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері тәрбиеленушілердің практикалық іс-әрекетіне негізделеді. Іс-әрекетті басқару үшін тәрбиеші оны құрамдас бөліктерге – нақты істер мен қылықтарға жіктейді, олар: жаттықтыру, талап, үйретіп көндіру, тапсырыстар беру, тәрбиелік жағдаятттар т.б.
Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері – тәрбиеленушіні белгілі бір іс-әрекетті орындауға талаптандыру ниетінде қолданылады, олар: мадақтау, жазалау, жарыс, бәсеке, субъективтік –прагматикалық әдіс т.б.
Тәрбие әдістерін таңдау – күрделі проблемалардың бірі. Ол көптеген шарттар мен мүмкіндіктерге тәуелді: тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, тәрбиеленушінің жас және жеке ерекшеліктері, олардың қажеттіктері мен қызығушылықтары, әлеуметтік жағдайлары, ұжымның қалыптасу деңгейі, тәрбиешінің жеке бас мүмкіндіктері т.б.
Мақсатқа жету жолындағы субъектіге ықпал жасаушы заттың бәрі тәрбие құрал-жабдығы болып есептеледі, олар: сөз, образдар, құрал-жабдықтар, табиғат т.б.
Тәрбие процесінде тәрбиеші мен тәрбиеленушінің ықпалдық қатынасының көрінісі – тәрбие формасы деп аталады.
Тәрбие формалары:

  • жеке тәрбие формалары;

  • ұжымдық шығармашыл істер;

  • топтық тәрбие формалары;

  • көпшілік тәрбие формалары;

  • соңғы жылдары кең таралып жүрген қозғалыстар (дебат, ашық микрофон, фәлсафалық бас қосу т.б.)

Тәрбие формаларын таңдау тәрбиеленушілермен бірлікте іске асқаны жөн.


тақырып: Ұжым- тәрбие құралы
Мақсаты: Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының негізіне сипаттама беру.
Дәріс жоспар:

  1. Ұжым – тәрбиелеуші фактор ретінде. Ұжым теориясы А.С. Макаренконың ұжым туралы ілімі

  2. Балалар ұжымы, қалыптасу кезеңдері, типтері

  3. Тұлға және ұжым, ұжымның тұлға тәрбиелік әскері

  4. Ұжымды қалыптастыру әдістемелері

Тірек ұғымдар: ұжым, ұжым белсенділері, тәрбиелеуші ұжым, топ, формалары емес бірлестіктер.
Ұжым - әлеуметтік мәні бар жалпы мақсат, кәсіптік және әлеуметтік ортақ қызығулар, құндылық бағыттар, бірлескен әрекет пен қарым-қатынас, өзара жауапкершілік бойынша ұйымдасқан адамдар тобы. Тәрбиенің маңызды заңдылығы мен қағидасының бірі – жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу. Мектеп ұжымының негізгі де тұрақты бөлігі – басты іс-әрекеті оқу болатын оқушылардың сыныптық ұжымы. Оқушылар ұжымының даму, қалыптасуына байланысты А.С.Макаренко бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетеді.

  1. Ұжымның алғашқы бірігу сатысы

  2. Ұжымның даму сатысы

  3. Ұжымның кемелдену сатысы

А.С.Макаренко ұжым туралы ілімінде ұжымның даму қағидаларын (ашықтық, жаупкершілікке негізделген тәуелсіздік, алыс-жақын перспективалар, бірлескен әрекет), даму сатыларын, ұжым өмірінің тұрақты формалары – тәрбиелік дәстүрлерді, тәжірибеге бағытталған параллель ықпал, ұжымдық қатынас мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеді.
Ұжым мен тұлға аралығындағы байланыс - адам құқығы мен бостандығын сақтаудың маңызды проблемаларының бірі. Сондықтан тұлға міндетті түрде ұжымға бағынуы керек деген көзқарастан арылып, қазіргі адам жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық тәжірибеге негізделген жаңа шешімдер іздестірілуі қажет. Ғылыми зерттеулерде ұжым мен тұлға арасындағы қатынастың кең тараған 3 түрі көрсетіледі:

  1. тұлға ұжымға бағынады (конформизм)

  2. тұлға мен ұжымның үйлесімді қатынасы (гармония)

  3. тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік)

Бұл қатынастарды реттеуде ұжымға педагогикалық басшылық жасаудың маңызы зор. Педагогикалық басшылық тиімділігінің басты шарты ұжымға ықпал ету жүйесін жасау (педагогикалық ықпалдың бірыңғай болуы, ұжымда жағымды психологиялық климат орнату, оқушылардың өзін-өзі басқаруын кеңейту, ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың жұмысын интеграциялау, ұжымдағы қарым-қатынасқа көңіл бөлу т.б.).
Жеке тұлға тәрбиесінде отбасының ролі зор. Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы түсініктер мен идеялар бастауын халықтық педагогикадан алады. Отбасы тәрбиесі проблемаларына байланысты Дж.Локк, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт өз еңбектерінде от басы тәрбиесінің маңызына, от басы тәрбиесінде даралық ерекшеліктерді, бейімдіктерді, дене күші мен психикалық процестерді дамыту қажеттігіне көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский отбасы тәрбиесі теориясының негізін қалаған. А.С.Макаренко ата-аналар беделі туралы еңбегінде беделді төмендегі түрлерге бөледі: қорқытуға негізделген бедел, ара қашықтықты сақтауға негізделген бедел, өркөкіректікке негізделген бедел, педанттық бедел, ақылгөйлік бедел, ерекше жақсы көру беделі, мейірімділік беделі, достық беделі, сатып алу беделі.
Отбасы – некеге және туыстық қатынастар негізінде бірлесе өмір сүретін шағын әлеуметтік топ. Отбасының атқаратын негізгі қызметтері:

  • репродуктивті (ұрпақ әкелу);

  • шаруашылық-экономикалық (ортақ шаруашылық, қаржының болуы, сол негізде еңбекке жарамсыздарды асырау);

  • тәрбиелік (әрбір мүшесінің тұлғасын қалыптасуға жағдай жасау);

  • қарым-қатынас орнату (отбасы мүшелерімен, басқа адамдармен, отбасылармен, әлеуметтік топтармен байланысу);

  • рекративті (бос уақытты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш қуат, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасау)

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлы ғұлама М.Әуезовтың пікірі отбасының тұлға қалыптастырудағы орнын дәлелдейді. Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытындылар жасауға болады:

  • отбасының тәрбиелік ықпалы шексіз, жас ұлғаюымен ықпал бәсеңдеуі мүмкін, бірақ өз маңызын жоймайды;

  • отбасының тәрбиелік ықпалы үздіксіз, тұрақты, жүйелі болады;

  • отбасы тәрбиесі туыстық сезімге, сүйіспеншілікке, сенімге және өзара жауапкершілікке негізделеді;

  • отбасы тәрбиесінде әр жастағы, әр түрлі ерекшеліктегі адамдардың бірлесе әрекет етуінен бірін-бірі толықтыру мүмкіндігі кеңейеді;

  • отбасы мүшелерінің әрқайсысының жеке қабілеттері, психологиялық жай-күйін есепке алу мүмкіндігі мол;

  • отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, қоғамның азаматы отбасында қалыптасады;

  • отбасы салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз етеді;

  • кәсіп таңдауға да ықпалы зор;

Отбасы қалыптасқан тәрбие, қарым-қатынас стилі бойынша төмендегіше топтастырылады:

  • беделдік қарым-қатынас стиліндегі отбасында қаталдық, шектен тыс талаптар орын алады;

  • демократиялық қарым-қатынас стиліндегі отбасында өзара сыйластық, құрмет, бір-бірімен санасу, дербестікті шектемеу, бірлесе әрекет ету басым болады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет