Табиғи тамақтандыру ол- емшек сүті. Емшек сүті- жаңа туған және емшектегі сәбилер үшін теңдессіз тағам. Емшекпен емізу сәбидің сүтті тікелей анасының төсінен ему дегенді білдіреді. Ана сүті баланың өсіп жетілуіне,мидың қалыптасуына,асқазанның дұрыс қорытуына,түрлі жұқпалы аурулардан қорғауға себеп болады.
Сәбиді алғашқы 3 айлығында түнде 6 сағат үзіліс жасап, әр 3 сағат сайын, небәрі 7 рет емізеді (6, 9, 12, 15, 18, 21, 24 сағатта);
3 айлығынан 5 айлығына дейін 6,5 сағат түнгі үзіліс жасап, 3,5 сағат сайын, не бәрі 6 рет емізеді 6.00, 9.30, 13.00, 16.30,20.00 , 23.30
Ал 5 айлығынан 1 жасқа дейін түнде 8 сағат үзіліс жасап, 4 сағат сайын, не бәрі 5 рет емізеді 6.00, 10.00, 14.00, 18.00, 22.00 сағатта.
Баланы алғашқы күннен бастап, белгілі бір уақытта емізіп үйрету керек, өйткені баланың тамақ қорытуға қажетті шартты рефлексі қалыптасады; режимсіз емізген баланың көп жағдайларда тамақ қорыту мен үйқысы бұзылады
Мұның өзі ас қорыту сөлдері секрециясының процестерінде елеулі рөл атқарады.
Егер сәби еміп жатып қалғып кетсе, онда оны ояту керек. Баланы 15—20 минут емізеді (кейде әлді бала 10—15 минутта еміп бітіреді). Дегенмен емізу уақыты 20—30 минуттай аспауы тиіс. Егер бала жөнді еме алмаса, Онда 20 минуттай кейін емізулі тоқтатыл, сауыл алынған сүтті қасықпен беру қажет. Бала емшекті көңілсіз, солқын емсе, онда тәбетін ашу және жұту рефлексі үшін аузына бір-екі тамшы сүт сауыл тамызып, емшекті одан кейін емізу керек.
Емшек емізудің артықшылықтары: Сәбиді емізу өте ыңғайлы-ол ылғида анасымен бірге
Сәбиді емізу ерекше рахат сыйлайды
Ана мен сәби арасында эмоционалдық байланыс нығайа түседі.
Босанған соң жатырдың қалыпты мөлшеріне келгенше жылдам жиырылуына әсер етеді
Овуляцияны шегереді және жүктіліктен сақтанудан табиғи қорғаныш бала босану аралығындағы мерзімді ұзартады,бұл өз кезегінде ананың денсаулыығын нығайтып,сәбидің аманқалуына сеп. Кеуде мен жатырда қатерлы ісіктердің туындау қаупін төмендетеді.
Ана сүтінің түрлері: Уыз
Өткінші сүт
Жетілген сүт
Уыз жүктіліктің сонғы күндерінде және әйел босанғаннан кейінгі алғашқы күндерде желім тәріздес кою, сарғыш немесе сұрлы сары түсті сұйықтық, яғни уыз (молозиво) бөлінеді