Педиатрия Лаура,Алтынай,Айдана,Дана Гауһар саттилик



бет52/68
Дата23.05.2022
өлшемі4,78 Mb.
#144745
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68
Байланысты:
ГРЛЗ педиатрия
www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, www.zharar.com-nature, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 2сын 4 ТЖБ, 9 б класс туралы малимет, Анест исправ 2021
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Бактерияға қарсы терапияны пневмония диагнозы қойылған сәтте, сонымен қатар ауыр науқаста пневмонияға күмән болған жағдайда дереу бастайды. 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда ауыр емес, асқынбаған пневмонияларды емдеу амбулаториялық жағдайда жүргізіледі. Жіті пневмонияның жеңіл түрлерінде науқас емді үйде амбулаториялық жағдайда қабылдайды. Антибиотиктер эмпирикалық түрде басым ауыл арқылы қолданылатын формаларды пайдаланумен тағайындалады. in vitro формасының сезімталдығы бойынша бактерияға қарсы құралдарды іріктеу тек эмпирикалық тактика тиімсіз болған жағдайда жүргізіледі. Таңдау препараттары болып табылады: жартылай синтетикалық пенициллиндер, макролидтер, цефалоспориндер ІІ-ІІІ буынды. - амоксициллин 15 мг/кг х 3 рет күніне 5 күн бойына, немесе қорғалған пенициллиндер (амоксициллин + клавуланды қышқыл 45мг/кг тәулігіне 2 рет) - азитромицин 10мг/кг 1 күн, 5мг/кг күніне келесі 4 күнде ауыз арқылы немесе кларитромицин - 15 мг/кг бөлшекті 10-14 күн ауыз арқылы немесе эритромицин - 40 мг/кг бөлшекті 10-14 күн - цефуроксим 40 мг/кг/тәул, бөлшекті 2 рет қабылдау, 10-14 күн ауыз арқылы, балалар үшін цефуроксимнің максималды дозасы 1,5г - цефтазидим* 1-6 г/тәул. №10 күн. Ұзақ массивті бактерияға қарсы терапия кезінде микоздың туындауын профилактикасы мен емдеу үшін итраконазол ауызды ерітінді 5 мг/кг/күн есебінен, 5 жастан үлкен балаларға. Пневмонияның ұзақ және ауыр түрлерінде бактерияға қарсы терапия парентералдық жүргізіледі, көбіне цефалоспориндер 3-4 генерация сезімталдықты анықтаумен. - цефтазидим 80-100 мг/кг есебінен тәулігіне т/і, б/і №10 күн - цефтриаксон 12 жасқа дейін 50-80 мг/кг есебінен тәулігіне т/і, б/і №10 - цефтриаксон 12 жастан жоғары 1 г-нан 12 сағаттан кейін т/і, б/і №10. Вирустық пневмония кезінде немесе бактериялық пневмонияның профилактикасы үшін антибиотиктерді пайдалану ұсынылмайды. Антибиотиктерді эмпирикалық тағайындау кезінде баланың жасын ескеру қажет. Орташа-ауыр пневмония: бактериологиялық зерттеу нәтижелері алынғанға дейін ампициллин б/і тағайындалады (100-400кг/тәул әрбір 6-8 сағат сайын). Қоздырушы анықталған кезде антибиотиктер оларға қоздырушының сезімталдығына қарай өзгереді. Баланың жай-күйі жақсарғаннан кейін ауыз арқылы амоксициллинге (әрбір 8 сағат сайын 15 мг/кг) немесе амоксициллин + клавуланды қышқылға (45-70 мг/кг 2 рет күніне ауыз арқылы) көшу қажет. 5 жастан үлкен балалар үшін бірінші таңдалатын антибиотиктер амоксициллин және макролидтер болып табылады, баламалы - амоксициллин/клавуланат, цефуроксим аксетил. Аллергиялық реакцияларға бейім балаларға заманауи макролидтерді тағайындаған дұрыс.
Препараттарды таңдау осы клиникалық-рентгенологиялық көрініс жағдайында, сонымен қатар лейкоцитоз бен СРБ және ПКТ деңгейлерін ескере отырып, мүмкіндіктер жағдайында сәйкес жастағы қоздырушының ықтималдылығына негізделеді. Егер терапия парентералдық түрде басталса, әсерге жеткеннен кейін ауыз арқылы препаратқа көшкен дұрыс (сатылы әдіс).
 
Балалар <6 ай афебрилді пневмониямен (атипті флорадан туындаған):
· джозамицин 20 мг/кг 2 рет күніне 7 күн немесе
· азитромицин 5 мг/кг 1 рет күніне 5 күн.

Балалар <5 жас фебрилді пневмониямен:
· ішке амоксициллин 25 мг/кг күніне 2 рет 5 күн тәуекел тобында (антибиотиктерді ертеде қабылдаған, ДДУ қатысады – резистентті H. influenzae және S. pneumoniae мүмкін рөлі):
· ішке амоксициллин/клавуланат 40-50 мг/кг күніне 2 рет 5 күн немесе
· цефуроксим аксетил 20-40 мг/кг күніне 2 рет 5 күн
Ерте жастағы балаларға б/і бірінші доза ретінде цефтриаксонды енгізу (50 мг/кг), әсіресе құсушы балаларда, емханаға жатқызу жиілігін қысқартады. Әсер болмаған жағдайда – макролидті қосу немесе макролидке алмастыру [19-23].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет