Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп



бет11/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????
РК травма 50 сурак.
Қанның биохимиясы: жалпы белок- 60 г/л, альбуминдер-46%, α - глобулиндер-9%, α - глобулиндер-15%, β- глобулиндер-10,5%, γ- глобулиндер-19,5%, тимол сынамасы-9,0, СРБ++, ЩФ-850 уд/л (норма-220,820), АЛТ-36 Б/л, АСТ-30 Б/л. жоғарлаған^
Пилокарпин сынамасы- натрий-130 ммоль/л, хлор-120 ммоль/л. жоғарлаған
Капрограмма- көп мөлшерде нейтральды майлар. Стеатория
Кеуде қуысының рентгенограммасы: бронхтамыр суретінің күшеюі және екі жақты деформациясы, түбір маңы аумағында қоюланған фиброзды жабысқақтар анықталады. Оң жақ ортаңғы бөлігі аймағында мөлдірлігі төмендеген. Өкпе артериясының конусі кеңейген, “Cor pulmonum”. Оң жақ бөліктік пневмония, бронхоэктаз.
Іш қуысы мүшелерінің УДЗ: Бауыры сол жақ бөлігі есебінен ұлғайған, тығыз, тегіс емес, шеткі тамыр суреті кедейленген. Дәнекер тканнің өсуі орташа; бауыр циррозы
Қарынасты безі - 15×8×25 мм, ұлғайған, диффузды тығыздалған, контуры тегіс емес (газдар), өт қабы- S-тәрізді формалы, қабырғасы тығыз, талағы ұлғайған, тығыздалған, тамыр қабырғасы тығыздалған, талақ венасы иілген.
Соз панкреатит, өт қысылған, спленамегалия
Д/З: аралас муковицидоз, оң жақтық пневмония, өкпелік-жүрек, бауыр циррозы, жеңіл дәр анемия, қан айналым бұзылысының 2Б дәрежесі.

Бронх демікпесі


32 ЕСЕП

Қыз бала 6 жаста. Жедел жәрдем дәрігерінен алынған актив бойынша учаскелік дәрігер барып, үйінде қараған.


Шағымдары: ұстамалы жөтел, ысқырықты тыныс. Қыз бала қалыпты өткен, І жүктіліктен мерзімінде туылған. Туғандағы салмағы 3400г, бойы 52 см, нәрестелік кезеңі ерекшеліксіз өткен. 2 айынан бастап, жасанды тамақтандырылған. 1 жасқа дейін балалар экземасымен ауырған. Шоколадқа, құлпынайға, жұмыртқаға аллергиясы бар (терісіне бөртпелер шығып кетеді).
Отбасылық анамнезі: анасында рецедивті есекжем, әкесінде асқазанның жара ауруы бар. 3 және 4 жасында, май айында, қыз балада қала сыртында тұншығу ұстамасы пайда болған. Қала ішіне келгесін өздігінен жойылған. Нағыз ұстама тағамға шоколад пайдаланған соң білінген. Жедел жәрдем дәрігерімен шұғыл шаралар жүргізілген. Ұстамасы жойылған. Учаскелік дәрігерге активке берілген.
Қарағанда жағдай орташа ауырлықта. Тері жамылғысы бозғылт, көзінің асты көгерген. Ұртында, құлақ артында қол-аяқтарының тері қыртыстарында құрғақ қабыршықтану, қосудан қалған іздер байқалады. Географиялық тіл, ауыз бұрышы тілінген. Өкпесінде ысқырықты тыныс қашықтан естіледі. Тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ-1 минутта 28 рет. Перкуторлы өкпе бетінде қорапты реңдік дыбыс анықталады.
Аускультативті: өкпенің барлық алаңында құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек шектері: оң жағы- төстің оң жағынан 1 см ішкері, сол жағынан сол жақ орта бұғана сызығынан 1 см ішкері, тондары тұйықталған. ЖСЖ-72рет/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +2 см шығыңқы. Талағы пальпацияланбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет