Отбасылық анамнезі: анасында тағамдық және дәрілік аллергия, әкесі сау, темекі шегеді.
Ауру дене қызуының жоғарылауымен, бас ауруымен, мұрнынан бөліністермен, құрғақ жөтелмен басталады. І аптадан кейін ылғалды жөтел болған, ертеңгісін жөтел күшее түседі. Кейде жөтел ұстамасы құсықпен аяқталады. Симптоматикалық ем (жөтел микстурасы) жеңілдетпейді. Учаскелік дәрігерді шақыртып қаратқанда, баланың жағдайы орташа. Тері жамылғысы айқын бозарулы, жас ағу, ринорея, ылғалды жөтел байқалған. Қызуы-37,2 С. Перкуссиялағанда өкпеде қорапты өкпелік реңді дыбыс. Аускультацияда дем шығаруы ұзару фонында демалғанда таралған, құрғақ, орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ-28рет. Жүрек шегі: оң жақ төстің қыры, шу жоқ. ЖСЖ-110 соққы/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы астынан +1,5 см.
Қанның жалпы анализі: Нв-120 г/л, эр.-5,1х10 /л, лейк.-4,9х10 /л; т/я-2 %; с/я-48%; э-3%, лимф.-38%; м-9%; ЭТЖ-6мм/сағ.Қалыпты
Кеуде қуысының R- графиясы: өкпе суреті, әсіресе өкпе түбірі аймағында, қан тамырлар компоненттері және перибронхиальды өзгерістер есебінен күшейген.
К/Д: жедел обструктивті бронхит, тыныс жетіспеушілігінің 1 дәрежесі
Созылмалы өкпе аурулары. Тыныс жетіспеушілік синдромы.
№29 ЕСЕП
Бала 5 жаста. Ауруханаға 4-ші рет дене қызуының 38 С-дейін жоғарылауымен, қақырықты ылғалды жөтелмен жатқызылған. Анамнезі бойынша бала бір жасқа дейін қалыпты өсіп, дамып, ештеңемен ауырмаған. 1 жасында, ойнап жатқан жерде кенеттен күшті жөтел ұстамасы пайда болып, бала көгеріп, тұншыға бастаған. 1 рет құсқаннан кейін жағдайы біршама жақсарған, бірақ 3 күннен кейін қызуы жоғарылап, бала «пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылған. 2 және 3 жасында қайталап пневмониямен ауырған.
Объективті баланың жағдайы орташа ауырлықта, дене салмағы 20 кг, бойы 110 см. ТЖ-1 мин 36 рет. ЖСЖ-110 рет/мин. Тері жамылғысы бозғылт, құрғақ, араны сәл қызарған. Перкуторлық дыбыс сол жақ өкпесінің артқы төменгі бөлігінде тұйықталған. Осы жерде орташа және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Жүректің 1-ші тоны тұйықталуы. Бауыры қабырға доғасы астынан +1-2 см шығыңқы.
Талағы пальпацияланбайды.Нәжісі мен диурезі қалыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |