Несептің жалпы анализі: эпителий-жоқ, кілегей-жоқ, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциттер-жоқ. Қалыпты К/Д: 2 дәрежелі рахит, орташа дәрежелі, қозу сатысы, гидроцефалия.
№2 ЕСЕП
Дені сау, жас ата-аналардың 5 айлық баласы, уақытында, күз айында туылған.
Туылғандағы салмағы 3850г, ұзындығы 50 см. Апгар шкаласы бойынша 7/8 бал, 2-ші күні емізуге берілген. Ана сүтімен 1,5 айға дейін қоректенген, содан кейін жасанды тамақтандырылған. Соңғы 2 айда балада тынымсыздық, тершендік ұлғайған.
Обьективті қарағанда: шүйдесінің шашы түскен, бас сүйегінің сүйектері жалпайған, сагитальды тігіс пен еңбегінің жиектері жұмсарған. Төбе сүйегінің жұмсару ошағының диаметрі 0,8-0,9 см. Бұлшық еттердің тонусы күрт төмендеген.
Гиперестезия. Аяғын жерге тірей алмайды, іші жалпайған. Ткандер тургоры төмендеген.
Өкпеде пуэрильді тыныс, сырылдар жоқ, ТЖ-минутына 28 рет. Жүрек тондары айқын, пульсі минутына 120 рет. Бауыры қабырға доғасынан 3,5 см шығып тұр, жұмсақ, ауырсынусыз. Талағы пальпацияланбайды. Нәжісі іш қатуға бейім.
Қанның жалпы анализі: Нв-110г/л, эр-3,6x10 /л, ТҚ-0,83, лейк-5,6x10 /л, т/я-2%, с/я-31%, э-2%, л-56%, м-9%, ЭТЖ
-6мм/сағ. Қалыпты Несептің жалпы анализі: мөлшері-40 мл, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциттер-жоқ. Қалыпты К/Д: 2 дәрежелі рахит, қозу сатысы. Гипотрофия 2 дәрежелі.
№3 ЕСЕП
10 айлық бала жөтелмен, айқын әлсіздікпен және бұлшықет гипотониясымен айқындалатын ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
Нефропатиямен өткен І-ші жүктіліктен мерзімінде туылған. Жүктіліктің алғашқы 7 айында анасы Сібірде тұрған, негізінен консервілермен тамақтанған. 2 айға дейін табиғи, 2 айдан бастап жасанды бейімделген қоспамен, 3 айдан бастап ботқалармен тамақтанддырылған. Бала әрбір 2 ай сайын ЖРВИ –мен ауырған, таза ауада сирек болады.
Ауруы 1,5 айда мазасыздық, тершеңдік, бұлшықеттік гипотониядан басталған. Бала жүйке- іс әрекеттік дамуында қалыс қалған. 2 апта бұрын ЖРВИ –мен ауырған. Қарағанда қызуы 37,4 градус. Бала отырада, тұрада алмайды. Дене салмағы -8200 г, ұзындығы-71 см, терісі құрғақ, бозғылт. Тісі 0/2, эмалінің мүкістіктері бар. Бас сүйегінде айқын маңдай және шүйде төмпегі, «олимпиядалық маңдай», кеуде қуысы деформацияланған, «тауық кеудесі» белгісі анықталады. Баланы отырғызғанда кифоз байқалады. Аяғы –«Х» тәрізді қисайған. Оң аяғы сол аяғынан 1-1,5 см қысқа. Кеуде қуысының төменгі апертурасы кейін қайырылған. Іші жайылған. Тынысы шулы, тыныс шығаруы созыңқы. Аускультацияда қатқыл, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТЖ-36 рет. Жүрек шекаралары кеңеймеген. Жүрек ұшында, V нүктеде үрмелі систолалық шу естіледі. Жүрек соғу жиілігі 1 минутына 136 рет. Бауыр қабырға қырының астынан 4 см шығыңқы анықталады. Талақ қабырға қырынан +2 см. Нәжісі күнара болады, қойдың «құмалағы» тәріздес. Нервтік психикалық дамуы: бала айналасына енжар, қоршаған ортасына, ойыншықтарға қызығушылығы жоқ. Сөйлеу қабілеті тоқыраған.