Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп



бет4/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????
РК травма 50 сурак.
Ликворды зерттеу (тенториальды пункцияда сол және оң жақ қарыншалардан алынған): ликвор лайлы, ақ түйіршіктер қалқып жүр, цитоз 400,0,/нормада 15-20/, нейтрофиль-16%, лимфоцит-62%, моноцит-22%, белок-2,08 г/л (норма 0,49-0,80).
Бактериальды ортаға ликворды себу: стерильді.
Саңырауқұлаққа ликворды себу: Candida albicans туыстас саңырауқұлақтар себілді.
К/Д: постнатальды сепсис, кандидозды менингоэнцефалит, ауыз қуысының және терінің кандидозы, гидроцефалия

3 ЕСЕП


8 күндік бала Олег, патология бөліміне перзентханадан ОНЖ перинатальды зақымдалуы, іріңді омфалит, шала туғандық диагнозымен келіп түсті. Бала 3-жүктіліктен, жүктіліктің 3-ші үшайлығы нефропатия, кольпитпен өткен. 1-ші жүктілік мерзімінде босанумен аяқталған, 2-ші-өздігінен түсік болған. 2 босану 36-37 апталықта уақытынан бұрын болған. 1-ші жүктілікте босану әлсіздігіне және сусыз аралық кезеңнің 11 сағатқа созылуына байланысты кесар тілігі жасалған. Туғандағы дене салмағы 2550г, ұзындығы 46см. Апгар шкаласы 6-7 балл. Емізуге 4-ші күні берген, әлсіз емген. Бірінші салмақ жоғалту 260г, одан әрі салмақ қисығы жазық, кіндік қалдығын хирургиялық өндеу 2-ші күні жасалған, кіндік жарасы ылғалды, 7-ші күні іріңді бөліністер байқалып, бала стационарға аударылған.
Түскен кездегі жағдайы өте ауыр, айқайы өздігінен. Беті қайғырған, қозғалыс активтілігі төмендеген. Ембейді, жылуды нашар ұстайды, дене қызуы 35,9С. Шала туғандық белгілері анықталады. Тері жамылғысы бозғылт, сұрғылт ренді, ауыз мұрын цианозы, акроцианоз байқалады. Кіндік айналасы ісінген, салыстырмалы гиперемияланған, кіндік жарасынан-аздаған іріңді бөліністер анықталады. Тері асты шел қабаты нашар дамыған. Аяқтарында және іштің алдыңғы бетінде склерема анықталады. Кезеңді түрде апноэ байқалады. Қосымша бұлшық еттердің қатысуымен ентігу бар, ТЖ-64 рет минутына, перкуторлы өкпе бетінде қорапты дыбыс естіледі.
Аускультацияда қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, РS-176 рет минутына, іші аздап кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3см түсіңкі, тығыз, талағы 1см түсіңкі, тығыз-эластикалық консистенциялы.
Нәжісі қорытылмаған, кілегей аралас, зәр шығаруы сирек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет