Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп



бет7/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????

Қанның жалпы анализі: Нв-100 г/л, Эр -3,5х10 /л, лейк.-7,5·10 9/л, т/я-2%, с/я-31%, э-1%, лимф.-63%, мон.-3%, ЭТЖ-10 мм/сағ.
Несептің жалпы анализі: мөлшері -40,0 мл, салыстырмалы тығыздығы-1008, лейк.- 2-3 қ/а, этитроциттер –жоқ.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок-65,0 г/л, холестерин-4,6 ммоль/л, глюкоза 4,3 ммоль/к, кальций-2,0 ммоль/л, фосфор- 1,1 ммоль/л, ЩФ- 950 бірлік/л (қалыпты 600-ге дейін).
Түтікше сүйектер рентгенограммасы: айқын остеопороз, алғашқы известілену аймағының айқынсыздығы байқалады.

№4 ЕСЕП


6,5 айдағы бала, ауруханаға тәбетінің нашарлауына, дене салмағының жетіспеуіне, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданып түсті.
Бала жас, дені сау ата-аналардан, бірінші жүктіліктен туылған. Жүктіліктің екінші жартысында токсикоз байқалған. Жүктілік кезінде 33 аптада анасы ЖРВИ –мен ауырған, бірақ дәрі-дәрмектер қолданбаған. 38 аптада босанған. Бала көк асфиксия жағдйында туған. Туғандағы дене салмағы 2900 г, ұзындығы 52 см. Жаңа туған кезеңі ерекшеліксіз өткен. 5 айдан бастап жасанды, ретсіз, айранмен, 3,5 айдан бастап ботқамен қоректенген. 6,5 айда бала 3200 г салмақ қосты.
2 айлығында пневмониямен ауырған. Ауруханада антибиотиктермен көп емделген. Ауруханадан шыққаннан кейін баланың нәжісі тұрақсызданып, көбіне жасыл болған және кілегей араласқан. Тәбеті төмендеген.
Ауруханаға түскенде баланың жағдайы орташа ауырлықта. Дене салмағы -6100 г, ұзындығы 65 см. Бала әлсіз, кейде мазасызданады. Дене қызуы қалыпты. Тері қабығы құрғақ, боз, сұр түсті. Тері серпімділігі төмендеп, қатпарланған. Тері асты шел қабаты нашар дамыған. Үлкен еңбегі 2х2 см, шеттері жұмсақ, желкесі тегіс. Айқын маңдай және шүйде төмпекері байқалады. Қабырға «таспиығы» байқалады. Өкпеде пуэрильді тыныс, жүрек тондары айқын, ырғақты. Іші жұмсақ, терең пальпациялауға болады. Бауыры қабырға доғасынан +1,5 см-ге, талақ-0,5 см-ге шығып тұр. Нәжісі тәулігіне 3-5 рет болады, сарғыш, иісі жағымсыз, сұйық.
Қанның жалпы анализі: Нв-99г/л, Эр-3,3х10 /л, лейк.-8,1·10 9/л, т/я-4%, с/я-49%, э-10%, л-44%, М-2%, ЭТЖ-9 мм/сағ. анемия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет