Педиатриялық көмекті ұйымдастыру. Жтн, штн №1 есеп



бет8/49
Дата04.10.2023
өлшемі219,58 Kb.
#183637
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
412? ??????? ???????
РК травма 50 сурак.
Несептің жалпы анализі: реакция-қышқыл, салыстырмалы тығыздығы-1015, лейкоциттер-1-2 к/а, этитроциттер –жоқ. қалыпты
Нәжістің бактериологиялық анализі: дизентерия тобы, ішек таяқшасы, стафилококк- табылмады.


К/Д:Рахит 2 дәрежелі, қозу сатысы, жеделдеу түрі. Гипотрофия 2 дәрежесі, жеңіл дәрежелі анемия.

Бронхиттер, бронхиолиттер


№21 ЕСЕП
Бала, Ю. 9 жас. Жедел ауырған. Селқостық, бас ауруы, мұрнынан көп мөлшерде кілегейлі бөлініс, құрғақ жабысқақ жөтел байқалған. Аурудың алғашқы 2 күнінде жоғары деңгейде қызба болған, бірақ парацетамол қабылдағаннан қызу түсетін болған.
Анамнезі: бала І қалыпты тез босанудан. Дамуы өзгеріссіз. Жасына сай егулер алынған. Балалар инфекциясынан жел шешек, эпидпаротитпен ауырған. Окулисте орташа дәрежелі миопиямен бақылауда тұр.
Науқастанғаннан кейін 2 тәуліктен соң қарағанда бала дұрыс дене бітімді, тамақтануы қалыпты, тері жамылғысы және кілегейі таза, бозғылт. Аранында айқын катаральды өзгерістер, ринорея. Құрғақ жөтел сақталған. Жақасты, артқы мойын, алдыңғы мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, ұсақ, эластикалық, ауырсынусыз. Өкпеде тыңдығында қатқыл тыныс, құрғақ әртүрлі калибрлі (көбінесе орташа көпіршікті) тұрақсыз, симметриялы жайылмалы сырыл естіледі. Жөтелгенде сырыл жойылады. ТЖ-22 рет. Перкуссияда өкпелік дыбыс. Жүрек тондары айқын, ырғақты, шамалы тахикардия байқалады. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры мен талағы пальпацияланбайды. Зәрі мен нәжісі қалыпты.
ЖҚА: Нв-115 г/л, эр.-3,2х10/л, лейк.-8,4х10/л; т/я-2 %; с/я-21%; э-7%, лимф.-63%; м-6%; ЭТЖ-14мм/сағ. Қалыпты
К/Д: жедел бронхит

№ 22 ЕСЕП


Нәресте 5 айлық. Қыз бала І-ші қалыпты өткен жүктіліктен, тез босанудан. Туылғандағы салмағы 3200 г. І тәулікте емізілген, перзентханадан 6 тәулікте шыққан. Нәрестелік кезеңі ерекшеліксіз. 1 айлығынан бастап анасының гипогалактиясына байланысты бейімделген сүт қоспасымен тамақтана бастаған. 1,5 айлығынан бастап жасанды тамақтанған. Осы кезден бастап дене салмағын артық қосқан.
Жанұялық анамнезінен: анасында тағамдық, дәрі-дәрмектік аллергия, әкесінің-дені сау.
Сәби 3 айлығында ЖРВИ- мен ауырған. Температурасының жоғарлауымен, мұрнынан су ағумен өткен.Симптоматикалық ем алған. Қазіргі кездегі ауруы 38С-қа дейін жедел қызу көтерілуімен басталған. Келесі күні жағдайы күрт нашарланған, пароксизмальды жөтел пайда болған, ысқырықты қиын дем алу мен ентігу байқалған.
Қарағанда жағдайы ауыр. Кеуде қуысының қосымша бұлшық еттері мұрын желбезегі дем алуға қатысады. Периоральды цианоз. ТЖ-60 рет. Перкуссиялағанда өкпелік аздаған ғана қораптық реңді дыбыс естіледі. Аускультацияда ұсақ көпіршікті және крепитациялық сырыл дем алғанда және дем шығара бастағанда естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ-140 рет. Дене қызуы 38,6С. Іші шамалы кепкен, ауырсынусыз. Бауыры +2 см қабырға доға қырынан шығып тұр. Нәжісі 2 рет болған, ботқа тәрізді, сарғыш , патологиялық қоспасыз.
ЖҚА: Нв-118 г/л, эр.-4,3х10/л, лейк.-6,2х10/л; т/я-1 %; с/я-30%; э-3%, лимф.-58%; м-8%; ЭТЖ-15мм/сағ. қалыпты
Рентгенограммада: өкпелік алаңның жоғары ағаруы, әсіресе шеткі жағының, мөлдірлігі жоғарылаған, көкет төмен тұр.
К/Д: жедел бронхит, тыныс жетіспеушілігінің 2 дәрежесі
23 ЕСЕП
4 жасар бала. Ата-анасы ЖРВИ-ден кейінгі ұзаққа созылған жөтелге шағымданады.
Бала І жүктіліктен, алғашқы жартысы токсикозбен өткен, тез босанудан туылған. Туылғандағы салмағы-3300гр, ұзындығы-51 см. Бірден айқайлаған, емізуге бірінші тәулікте берілген. 6 күні перзентханадан шыққан. Нәрестелік кезеңі өзгеріссіз өткен. 3,5 айлығынан бастап жасанды тамақтанған. 7 айлығынан отырады. 10 айлығынан тұрады, 1 жасынан жүреді. Профилактикалық егулері атопиялық дерматитке байланысты жеке күнтізбе бойынша аяушылық әдіспен жүргізілген. 3,5 жасынан бастап бала бақшаға барады. Осы кезінен бастап ЖРВИ-мен ауыра бастады, ауру 3 аптаға созылған жөтелмен өткен. Лор дәрігер ІІ-дәрежелі аденоидты вегетация диагнозын қойған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет